ОРЫНБАСАРОВ МАМАЖАН

 

ОРЫНБАСАРОВ МАМАЖАН

Физика-математика ғылымдарының докторы

 1980-1986 жылдары механика-математика факультетінің деканы

Орынбасаров Мамажан 1937 жылы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш ауылында дүниеге келген.

  • Білімі

1960 жылы СМ. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 

1963 жылы СМ. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.

  • Жұмыс тәжірибесі

1960 - 1996 жылдары Қазақ Ұлттық университетінің математикалық физика кафедрасының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1980-1986 жылдары математика факультетінің деканы қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика кафедрасының профессоры, кіші кафедра бөлімінің деканы, магистратураның меңгерушісі.

  • Жалпы жұмысы

Бірнеше медальдармен марапатталған. 110 ғылыми еңбектің, оның ішінде 83 ғылыми мақаланың және 1 монографияның авторы.