МЫРЗАБЕКОВ ЗАЙНЕЛ НҰҒМАНҰЛЫ

МЫРЗАБЕКОВ ЗАЙНЕЛ НҰҒМАНҰЛЫ

техника ғылымдарының докторы, профессор

2000 жылдан 2001 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып қызмет атқарды

 

Мырзабеков Зайнелхриет Нұғманұлы 1971 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін "Математика"мамандығы бойынша бітірген. 1971-1973 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1973 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істейді.

1982 жылы 01.02.01-Теориялық механика мамандығы бойынша физика – математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру үшін "параметрлері бөлінген механикалық жүйелердің орнықтылығы және квази-оптималды басқару" тақырыбында диссертация қорғады.

2008 жылы 05.13.18 –математикалық модельдеу, сандық әдістер мен бағдарламалар кешені мамандығы бойынша "қарапайым дифференциалдық және сызықтық гиперболалық теңдеулермен сипатталған басқарылатын жүйелердің синтезі" тақырыбында техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру үшін диссертация қорғады.

2016 жылы 05.13.00 - Информатика, Есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.Барлығы 150-ден астам ғылыми жұмыстар жарияланды. Жұмыстар Asian Journal of Control, Journal of Computer and Systems Sciences International, Actual Problems of Economics, of the Springer series Advances Inintelligent Systems and Computing, техникалық кибернетика, Дифференциалдық теңдеулер, басқару теориясы мен жүйелері, информатика мәселелері, ҚР ҰҒА баяндамалары, ҚР ҰҒА Известиясы, ҚазҰУ Хабаршысы ғылыми журналдарында жарияланған.

Зерттеудің негізгі бағыттары: операцияларды зерттеу, оңтайландыру әдістері, оңтайлы басқару теориясы, үлкен жүйелерді оңтайландыру, дискретті оңтайландыру, жүйелік талдау және математикалық бағдарламалаудың міндеттері.

Кәсіби жұмыс тәжірибесі: ассистент, доцент, Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры. Жалпы еңбек өтілі 45 жылдан астам.