Қоғамдық медиа: бүгінгі болмысы және болашағы

15.09.2016

Көрулер: 3261

Журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 11-00 де № 230 Т. Қожакеев атындағы Акт залында ғалым-ұстаз, филол.ғ.к., доцент Қосылған Әбжанұлы Әбжановтың 70-жылдық мерейтойына арналған «Қоғамдық медиа: бүгінгі болмысы және болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел барысында талқыланатын мәселелер:

Сандық-аудио ақпараттарды әзірлеу: жаһандық тәжірибесі мен ұлттық үлгісі;

Қ.Әбжановтың ғылыми зерттеушілік және телепублицистикалық шеберлігі;

Дөңгелек үстел барысында қоғаммен байланыс саласының жаһандық тәжірибесі мен ұлттық үлгісі, халықаралық журналистиканың модульдік ерекшеліктері, сандық-аудио ақпараттарды әзірлеу, әлеуметтік технологиялар және медиазаңдар, медиаөнімді тұтынудың өзіндік ерекшеліктері, жаңа медианы басқару өнері талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысына ақын, айтыскер Жүрсін Ерман, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Намазалы Омашев, кинорежиссер Халила

Омаров, кинорежиссер, оператор Мұстафа Өсеров, оқытушы-ғалымдар, БАҚ өкілдері, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысады деп күтілуде.

 

 

Дана Өмірбекқызы