"Студенттер Сенаты" ҚБ

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі
студенттік өзін - өзі басқару

Әбдіқадыров Нұрлан Студенттер сенатының төрағасы

Экономика және бизнес Жоғары мектебі, 3 курс

Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дағы студенттік өзін-өзі басқарудың мақсаттары мен міндеттері.
Студенттік өзін - өзі басқарудың негізгі мақсаттары:
- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- студенттерге оқу ісі, әлеуметтік–тұрмыстық қызметтер жөнінде және студенттерді қызықтыратын сұрақтарды шешуге көмектесу;
- студенттерді жоғары кәсіби білікті мамандарды даярлауға байланысты сұрақтарды шешуге баулу;
- жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында қажетті жағдайлар жасау. Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерін шешуге қатысу;
- студенттік өмірдің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
- басқару органдарына оқу–ісі, ғылыми мәселелерді шешуге, тәрбие және оқу жұмысы үдерістерін ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.

Студенттік өзін-өзі басқарудың міндеттері:

- студенттердің азаматтық, әлеуметтік және кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету;
- студенттердің ғылыми және профессионалды мүдделерін ескере отырып, оқу мәселелерінің сапасын арттыруға бойынша ұсыныстар жасау;
- университеттегі мәдени–сауықтыру іс–шараларын ұйымдастыру мен өткізу, университеттің құрылымдық бөлімшелеріне іс–шараларды өткізуге көмектесу;
- студенттік қоғамдық іс–шаралар, студенттік конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, түлектермен кездесу және т.б. ұйымдастыру;
- студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеуге баулу, білім деңгейіне қойылатын талаптар, мемлекет қазынасын ұқыпты ұстау және т.б. бағыттардағы жұмыстар жүргізу;
- студенттік өмірді БАҚ және баспа құралдарына шығару;
- ЖОО арасындағы, аудандық және халықарлық байланыстарды нығайту.

Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студентер сенаты (бұдан әрі Студенттер сенаты) – университеттің өзін-өзі басқару ұйымдарының жоғарғы органы.

Студентер сенатының Жоғарғы органы – Конференция, атқарушы органы төраға, бақылау органы – ревизиялық комиссия. Студенттер сенаты факультеттегі студенттер мәслихаты, жатақханадағы жоғарғы студенттер кеңесі, 3 лига бойынша дебат клубы, факультеттердегі студенттік ұйымдар, тәртіп сақтау отряды, сонымен қатар «Сұңқар» студенттер кәсіподағын біріктіреді.

Студенттер сенатының мақсаты – студенттер мүдделерін университет әкімшілігі алдында білдіру, ЖОО арасында, мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде университет имиджін нығайту, жүйелі жұмысты ұйымдастыру мен қоғамдық өмірдің функционалды бағыттары бойынша іс–шаралар жүргізу, студенттердің басқарушылық қасиеттерін дамыту мен ішкі потенциалды жүзеге асыру, университеттегі оқу процесстерінің эффективтілігін жоғарлату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматық ұстанымдарын дамыту, слауатты өмір салтын сақтау, университет және факультет деңгейлерінде студенттік өзін-өзі басқару механизмін жүйелі дамыу.

Студенттер сенаты өзінің міндеттерін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Идеологиялық бағыт (Студенттердің рухани, мәдени, ғылыми қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін әлеуметтік экономикалық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, студенттердің шығармашылық әлеуетін ашу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы қызмет);

Оқу – ғылыми бағыт (университетік комиссия жұмыстарына қатысу, өте жақсы оқитын студенттерді анықтау үшін үлгерушілік рейтингісін құрастыру, студенттік ғылыми–практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, ғылыми жобаларға қатысу және т.б. ұйымдастыру);
Әлеуметтік бағыт (студенттердің әлжуаз тобына әлеуметтік көмек беруді ұйымдастыру, өте жақсы оқитын және университет өміріне белсенді араласатын студенттерді марапаттау, университет пансионатында демалу мәліметтерін жүйелеу);

Тұрмыстық бағыт (университет жатақханасы жағдайының мониторнигісін жасау, жатақхана тұрғындарының ақпараттық мәліметтер банкін енгізу, жатақханада тұру тәртібін сақтауды қадағалау, университет территориясындағы тамақтандыру комбинаты мен оқу дәрісханаларының жағдайының мониторнигісін дайындау);

Мәдени–бұқаралық бағыты («Студенттерді қабылдау кеші», «Көктем аруы», «Халықаралық студенттер күні», «Супер студент», «Алтын Фараби» сияқты іс–шараларын ұйымдастыру және өткізу, студенттердің жан–жақты қызығушылықтарын қанағаттандыратын бірлестіктер (клубтар, секциялар және т.б.) құру, музей, театр, көрмелерге баруды ұйымдастыру);

Спорттық бағыт (спорттық жарыстарды өткізу, спорттық клубтар мен секциялар ұйымдастыру, студенттерді чемпионат, спартакиада және т.б. спорттық мәліметтермен қамтамасыздау, сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдайлар жасау, университеттің спорттық жетістіктерімен хабардар ету);
Құқықтық бағыт (студенттердің заңды құқықтары мен міндеттеріне байланысты сұрақтар бойынша кеңес беру, студенттер құқықтарын қорғау механизмімен студенттерді таныстыру, студенттерге ақысыз кәсіби, заңи көмек беру).