“Bluetooth” ойын-сауық орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Студенттер сенаты

“Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының жетекшісі Бердалы Ерман

“Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының жобасы

  1. Мақсаттары мен міндеттері
  • · Студенттерге арналған кештің әзіл сықақ түрінде ұйымдастырылуы;
  • · Әртүрлі факультеттер студеттерінің арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту;
  • · Студенттердің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасау;
  • · Студенттердің таланттарын ашу;
  • · Белсенді студенттік өмірді дамыту;
  • · Жас КТК командаларының өз талантарын студенттер қауымына көрсетуі;
  • · ҚазҰУ студенттерінің басын қосу.

  1. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының басшылығы

Кештердің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі ҚазҰУ студенттер Сенатына жүктеледі.

  1. Ұымдастырушылар

“Bluetooth” ойын-сауық орталығының мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына жауапты, биология факультетінің 3 курс студенті – Ишангалиева Сауле. Кештің жүргізілуі мен өтілуіне жауапты, биология факультетінің 4 курс студенті – Галиев Камиль және филология факультетінің 3 курс студенті – Байбосын Дастан.

  1. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық кештерінің өту уақыты мен орны

“Bluetooth” ойын-сауық кештері әр жұмада сағат 19:00-де, ҚазҰУ жастар орталығында өтеді.

  1. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының мүшелер қауымы

Барлық қатысуға ынта білдірушілер - клуб мүшелері бола алады: ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары және басқа оқу орыындарының студенттері.

  1. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының идеялары мен райының негіздері:
  • · Көтеріңкі көңіл-күй;
  • · Демалыс;
  • · Позитив;
  • · Жаңа-жора жолдастарды табу.

7. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығында қойылатын талаптар

.

“Bluetooth” ойын-сауық орталығына аяқ басқан адамдар бекітілген тәртіпті клуб ішінде және оның сыртында сақтау қажет.

Орындалуы тиіс:

  • · Кешке байланысты дұрыс киіну;
  • · Цензураны сақтау.

Қолдайды:

  • · Кеш пен кездесулерді өткізуге жаңа идеяларды ұсыну;
  • · Қонақтарды шақыру;
  • · Клубтың мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асуына белсенді қатысу;

Қолдамайды:

  • · Дұрыс киінбеу;
  • · Қоқыс тастайтын орындарынан бөлек жерлерде әртүрлі қоқыс-қалдықтарды қалдыру;

Тыйым салынады:

  • · Клуб ішінде және ҚазҰУ аумағыда шылым шегу;
  • · Клуб ішінде мас күйде болу;
  • · Клуб ішінде және оның сыртында әртүрлі балағат сөздерді қолдану;
  • · Клуб ішінде және оның сыртында қоғамдық тәртіптерді бұзу;
  • · Әртүрлі есірткі түрлерін қабылдау.