Магистратура

Мамандық шифры:

7M05321

Мамандығы:

Физикалық электроника және фотоника

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Заманауи ғылыми мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтай отырып, физикалық электроника және нанофотоника саласындағы ғылымның даму деңгейін талдау;
ON2. Ғылыми жетекшінің жетекшілігімен ғылыми-инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу нәтижелерін дайындау, конструкторлық және жұмыс құжаттамасымен, оның ішінде шет тілінде жұмыс істеу, педагогикалық қызметті жүзеге асыру кезінде зерттеу нәтижелерін қолдану;
ON3. Кванттық оптика және қатты дене электроникасы мәселелерін шешу үшін лазерлік технологиялардың компоненттерін қолдана отырып, наноөлшемді құрылымдардың қасиеттерін зерттеу;
ON4. Наносенсорика, фотовольтаика, органикалық және қатты дене электроникасы қосымшаларында конденсацияланған күй физикасына негізделген аморфты және кристалды емес денелердің қасиеттерін, материалдардың магниттік қасиеттерін және басқа құрылымдық ерекшеліктерін жүйелеу;
ON5. Оптоэлектронды құрылғылардың көмегімен оптикалық кристалдарда болатын толқындық процестер мен кванттық оптикалық құбылыстарды зерттеу;
ON6.Электроника және фотоника материалдарының функционалдық негізін қорытындылау, оларды өндіруге қажетті технологияларды талдау және ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде материалдардың қолдану шегін анықтау;
ON7.Цифрлық интегралды схемалар мен оптоэлектрондық құрылғылардың жұмысын оңтайландыру үшін блоктар құру мен модельдеу;
ON8. Электроника мен фотоникада ақпараттық құрылғыларды құру үшін спинтроника және магниттік наноқұрылымдар физикасы бағыттарының даму перспективаларын бағалау;
ON9. Жаңа модельдер негізінде физика-химиялық қасиеттерді зерттеу кезінде жартылайөткізгіш құрылымдарды құру және жобалау;
ON10. Күрделі электронды құрылғыларды жобалау кезінде наносенсорларды құру және біріктіру үшін төмен өлшемді жүйелердің физика-химиялық қасиеттерін талдау.
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген