Магистратура

Мамандық шифры:

7M04143

Мамандығы:

Цифрлық экономика

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - экономика ғылымдары магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.қазіргі заманғы терең экономикалық білімді көрсету және жаңа теориялар негізінде жаһандану және экономикалық дамуды цифрландыру жағдайында әлемдік және ұлттық экономикадағы нақты процестерді түсіндіру, салыстыру және қорытуға қабілетті
2.әлемдік экономикада, Қазақстанның әріптес елдерінде сыртқы саудада, бизнес пен қаржылық ортада және аналитикада қолданылатын және пайдаланылатын ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен жүйелерді дамыту саласындағы теория мен практиканың озық жетістіктерін сыни бағалауға және түсіндіруге, экономиканы дамытуда VR/AR/MR технологияларының рөлін айқындауға қабілетті
3.ұлттық экономикадағы, тұтастай алғанда, және/немесе саладағы/өңірдегі/кәсіпорындағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа бағдарламалық өнімдерді, веб-сайттар мен қосымшаларды әзірлеу кезінде үлкен деректерді талдау үшін бизнес-аналитиканың заманауи өңдеу әдістері мен құралдарын пайдалануға қабілетті
4.отандық және шетелдік зерттеушілер мен практиктердің нәтижелерін жалпылау, сыни бағалау және дұрыс түсіндіру мен қолдану негізінде ұлттық экономиканың түрлі секторларында ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдағы трендтерді және ауқымды деректер технологияларын, жасанды интеллектті, VR/AR/MR және басқа да АКТ енгізу мүмкіндіктерін дербес зерттеуге және бағалауға қабілетті
5.үлкен деректер мен ресми статистиканы жинау, талдау және салыстыру негізінде бизнес пен экономикалық саясаттың нақты проблемаларын талдауға және бағалауға, ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында олардың перспективалық даму бағыттарын ұсынуға, ғылыми негізделген тұжырымдар негізінде цифрландыру жағдайында заңсыз қызметтің себептері мен салдарларын негіздеуге қабілетті
6.стратегиялық және жедел жоспарлар мен бюджеттерді, смарт-келісімшарттарды және блокчейнді әзірлеуге қабілетті; бәсекеге қабілетті артықшылықтарын анықтау үшін сандық ортада және нақты экономикада әртүрлі меншік түріндегі ұйымдардың қаржылық-экономикалық есептілігін кәсіби түсіндіру, талдау және салыстыру және әлемдік нарықтардың конъюнктурасын болжау негізінде өңірлік және халықаралық бизнесті жүргізудің жаңа нысандарын ұсыну
7.инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны бағалау мен талдаудың қазіргі және жаңа әдістемелеріне кешенді талдауды жүзеге асыруға, бәсекеге қабілеттілік пен бизнесті жүргізудің жаһандық рейтингтерінде елдің ұстанымын арттыру үшін жаңа көрсеткіштер мен оларды жақсарту және қазақстандық экономикалық болмысқа бейімдеу құралдарын ұсынуға, ұлттық экономиканың цифрлық даму үрдістерін ескере отырып, олардың практикалық маңыздылығын негіздеуге қабілетті
8.елдегі бизнес-процестерді сапалы жақсарту жолдарын табуға және ұсынуға, бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларына сүйене отырып (Python, Java, Ruby, PHP, JavaScript және т. б.)., big data, блокчейн, жасанды интеллект, VR/AR/MR сияқты цифрлық технологиялар негізінде оларды жаңаларына айналдыруға қабілетті
9.big data-мен жұмыс жасау, блокчейн енгізу, жасанды интеллект пен VR/AR/MR технологияларын пайдалану сияқты цифрлық технологияларды дамыту негізінде ұлттық экономикадағы ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдаланудың экономикалық міндеттерінің жаңа шешімдерін модельдеуге қабілетті
10.криптовалюта әлемдік нарығының және ICO нарығының, қаржы саласындағы блокчейннің алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларының, блокчейн жүйелеріндегі агенттік қатынастардың, PoS алгоритмдерінің өзекті трендтері мен даму ерекшеліктерін Қазақстандық бизнес үшін аналогтар мен жаңа модельдерді әзірлеу үшін талдауға және осы саладағы ұлттық экономикадағы қазіргі проблемаларды шешу мен жаңа идеяларды ұсынуға қабілетті
11.қолданбалы эконометрикалық, микро - және макроэкономикалық модельдеу негізінде елдің экономикалық дамуын түсіндіру үшін ұлттық экономиканың статистикалық деректерін бағалауға және оларды әлемдік деректермен салыстыруға; әзірленген модельдің барабарлығы мен дұрыстығын бағалау негізінде Қазақстан экономикасының, тұтастай алғанда және/немесе елдің жекелеген өңірінің/саласының/кәсіпорнының жай-күйі мен дамуын болжау үшін модельдеу нәтижелерін талдау және түсіндіру
12.кәсіпорынның, саланың/өңірдің немесе тұтастай елдің экономикалық дамуын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда жаңа идеялар мен модельдерді енгізу бойынша өз көзқарасын негіздеуге; әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды, мемлекеттің тарихи мұрасын толерантты қабылдай отырып, ұжымды кәсіби және демократиялық жолмен басқаруға; әлеуметтік, кәсіптік этика нормаларын сақтауға міндетті; ұжым қызметінің нәтижелеріне дербес жауапкершілік алу, кәсіби қызметте және іскерлік келіссөздер жүргізу кезінде табысты және оң коммуникабельділікті, шешендік шеберлікті және заңға бағынушылықты көрсету; өзінің экономикалық білімі мен ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін қолданудың тиімді салаларын кәсіби және объективті бағалау және талдау қабілетін көрсету
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген