Магистратура

Мамандық шифры:

7M01705

Мамандығы:

Шетел тілі: екі шетел тілі (РХДУ)

Факультеті:

Филология

  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейінгі оқыту нәтижелері:
ON1 Ғылыми зерттеудің гипотезасын, мәселелерін, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау, өзгеретін ғылыми үрдістерді ескере отырып, лингвистика және шеттілді білім беру метатілін қолдану, заманауи концепциялары мен теорияларын сын тұрғысынан бағалау; кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметте туындайтын әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарды түсіндіру.
ON2 Шеттілді білім берудегі және лингвистикадағы салыстырмалы, контрастивті, психолингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, типологиялық зерттеулерді, фонетика-фонологиялық, лексикалық, грамматикалық, семантика-синтаксистік және прагматикалық деңгейлердегі лингвомәдени ерекшеліктерді ескере отырып, мәтінді талдау және интерпретациялауды орындау; рейтингтік ғылыми журналдарда ағылшын тіліндегі жарияланымдарда ғылыми қорытындылар, зерттеу нәтижелерін ұсыну.
ON3 Шет тілдерін оқытудың заманауи бағыттарын ескере отырып және сандық, инновациялық технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын, оқытудың интерактивті, жеке тұлғаға бағытталған әдістерін пайдалана отырып, жоғары оқу орындары мен колледждерде сапалы практикалық және теориялық сабақтарды жоспарлау және өткізу.
ON4 Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, шет тілін оқытудың тиімді технологиялары мен әдістемесі негізінде ЖОО-да оқу үдеріснің барлық түрлерін және сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу үшін педагогикалық технологияларды жобалау, оның ішінде оқытылатын тіл елдерінің әдебиеті, фразалық етістіктер, идиомалар, сыни талдау және қазіргі ғылыми жетістіктерді бағалау негізінде әр пән бойынша әдебиеттер тізімін жасау.
ON5 Оқу сабақтарының түрлері мен нысандарын, бақылау аттестациясын ескере отырып, бағалау құралдарын әзірлеу, тіл мен сөйлеуді талдаудың қазіргі заманғы әдістерін (тілді деңгейлік ұйымдастыру, семантикалық өлшеу, лингвистикалық таңбалау), өзге тілді білім берудің әлеуметтік-психологиялық негізінде тиімді қарым-қатынасқа кедергі келтіретін коммуникативтік кедергілерді анықтай отырып, вербалды және вербалды емес жіктеуді қолдану.
ON6 Жалпы және білім беру, кәсіби тақырыптар бойынша сөйлесудің практикалық дағдыларын меңгеру; шет тілдегі әртүрлі мәтін, хабарландыру, тестілерді құрастыру және редакциялау, түзету, білім беру үдерісінде тест түрлерін қолдану; шет тілі сабақтарында оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын қазақстандық өмір салтын ескере отырып, қосымша оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар жасау.
ON7 Ауызша және жазбаша мәтіндерді сапалы аудару үшін тілдерді қарама-қарсы, типологиялық сипаттау және тілдерді меңгеру саласындағы жаңа жетістіктерді пайдалану; жаңа педагогикалық технологияларды, басқарудың әкімшілік әдістерін пайдалана отырып, аударма компанияларының, тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, жетілдіру, IELTS, TOEFL, DAAD, DALF сертификаттарын ұсынатын курстарда сабақтарды жоғары деңгейде өткізу.
ON8 Тілдік қарым-қатынас формаларын, сөйлеу нормаларын, ауызша қарым-қатынас нормаларын біле отырып, түрлі жанрлар мен сөйлеу стильдерінің мәтіндерін ажыратуға және құрастыруға, отандық және халықаралық компанияларда, институционалдық мекемелерде шетел тілінің ресми-іскерлік стилін және стереотиптерін меңгеру, өзге мәдениетті түсіну негізінде әртүрлі мәдениет өкілдерімен диалог жүргізу дағдыларын ескере отырып, социумның түрлі салаларында қарым-қатынасқа түсе білу.
ON9 Сандық технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі жобаларды, көптілді білім беру бағдарламаларын, мобильді қосымшаларды, бағдарламаларды, шет тілдерін оқытатын бағдарламаларды, көптілді лексикографиялық және оқу материалдарын әзірлеу.
ON10 Түрлі сөйлеу үдерістеріне байланысты қоғамдық ғылымның жай-күйін бағалау; Қазақстандағы тіл саясаты аясындағы мемлекеттік бағдарламаларды әртүрлі дереккөздерден, интернет ресурстарынан алынған ақпаратты талдау және қазіргі қазақстандық білім беру контексінде тілді оқыту деңгейі бойынша материалдарды жүйелеу негізінде сараптау және бағалау.
ON11 Менеджерлік жұмысты ұйымдастыру, білім басқармасының жұмысын үйлестіру білімінің негізінде оқу орындарының қызметіне бақылау, қадағалау жүргізу, жоғары тұрған білім беру органдарына ұсыныстар енгізу, түрлі жағдайларды, қазақстандық және халықаралық зерттеу ұжымдарының жұмысында білім беру міндеттерін шешу; жеке тұлғаның және ұжымның мінез-құлқы мен қызметінің нәтижелері, даму ресурстары мен мүмкіндіктері арасындағы өзара байланыс негізінде өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни талдау.
ON12 Әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыру; мәдени-ағартушылық жобаларды әзірлеу және іске асыру; кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, әртүрлі жағдайларға бейімделу; жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, кәсіби деңгейін арттыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген