Магистратура

Мамандық шифры:

7M10117

Мамандығы:

Фармация

Факультеті:

Медицина және денсаулық сақтау

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - медицина ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттер:
1. Әртүрлі фармацевтикалық ұйымдардың тауарларын өндіру, бақылау, тіркеу және босату, халыққа және ұйымдарға фармацевтикалық көмек көрсету кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы кәсіби ақпаратты сипаттау және талдау.
2. Қазіргі концепцияларды, теорияларды талдау және бағалау, процестер мен құбылыстарды талдау тәсілдерін түсіндіруді жүзеге асыру; фармацевтикалық көмек көрсету, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тиімді қолдану, оларды дұрыс сақтау шарттары, дәрілік түрлерді таңдау, терапия курсының құны мәселелері бойынша науқастар мен дәрігерлерге кеңес беру кезінде өз біліктілігі шеңберінде жаңа тәсілдерді енгізу; клиникалық-фармацевтикалық құжаттаманы жүргізу бойынша негізгі міндеттерді кәсіби түрде шеше білу және ақпаратты жүйелеу іскерлігін көрсету.
3. Халыққа және емдеу-алдын алу ұйымдарына уақытылы және сапалы фармацевтикалық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы GXP нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық тиісті практикаларының талаптарын ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінде және фармацевтикалық салада субъектілердің жұмыс істеуін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау бойынша білімді қолдану.
4. Дәрілік қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, басқаруды және өткізуді реттеуді талдау және түсіну, инновациялық коммуникативтік құралдарды пайдалана отырып, халыққа және ұйымдарға көтерме-бөлшек сату үшін фармацевтикалық ұйымдардың тауарлық қорларын қалыптастыру және ұтымды пайдалану.
5. Клиникалық фармакологияның жалпы мәселелерін және жекелеген топтар мен препараттардың клиникалық-фармакологиялық сипаттамасын, фармакокинетика мен фармакодинамиканың клиникалық аспектілерін қорыту, талдау және саралау; дәрілік заттарды пайдалануды бағалау, фармаконадзор (GVP) мәселелері, жекелеген аурулар кезінде ұтымды фармакотерапия принциптерін сақтай отырып, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реттеу.
6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дайындау және өндіру процесінің нормативтік-техникалық құжаттамасын талдау және саралау; зерттеулер нәтижелерін жүйелеу, қорыту және оларды өндірудің оңтайлы әдістері мен технологияларын GMP және GLP өндірісінің тиісті практикасы стандартының талаптарына сәйкес таңдауды жүзеге асыру.
7. Табиғи шикізатқа әсер ететін және ілеспе заттарды анықтау, қолданыстағы заңнамаға және тиісті GXP фармацевтикалық практикасына сәйкес фармацевтикалық субстанциялардың, стандартты үлгілердің, қосымша заттар мен материалдардың, дәрілік өсімдік шикізатының, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың барлық жинау, сақтау және технологиялық процестің сатыларында сапасын бақылау, оларды талдаудың қазіргі физикалық, физикалық-химиялық және химиялық әдістерін білу.
8. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес химиялық-токсикологиялық сараптама объектілерін таңдау және зерттеу мақсатын талдау, жүйелеу және жинақтау, сараптама нәтижелерін ресімдеу кезінде пікір қалыптастыру.
9. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарымен кәсібилігін көрсету; науқастармен, отбасылармен, әріптестермен және жалпы қоғаммен барлық кәсіби өзара әрекеттестікте этикалық қағидаттарды сақтау. Адам мен отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері мен әдістерін, алдын алу мақсатында денсаулық пен ауруды анықтайтын факторлар кешенін білу.
10. Оқытудың коммуникативтік қабілеттері мен дағдыларын көрсету, кәсіби білімі мен біліктілігін үздіксіз арттыру, ғылыми зерттеу жүргізудің пайымдаулары мен дағдыларын қалыптастыру, білім беруге ұмтылу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген