Магистратура

Мамандық шифры:

7M02208

Мамандығы:

Дүниежүзі тарихы (Ла Сапиенца)

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Тарихи оқиғалардың себеп-салдарын негіздеу. Тарихи фактілердің ортақтығын және ерекшеліктерін ескере отырып салыстыру; Тарихи құбылыстар мен оқиғалардың себептері мен салдарын талдау. Қазіргі ғылыми жетістіктерді сараптау, сыни бағалау. Зерттеу және тәжірибелік мәселелерді шешуде жаңа идеяларды қалыптастыру; кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ON2 Жаһандану және аймақтандыру үдерістерінің диалектикалық қатынастарын талдау; осы процестердің әлемдік саясатқа, халықаралық қатынастарға және халықаралық экономикалық саясатқа әсерін бағалау; халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты дамыту үрдістерін болжау; Жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдар қызметінің мақсаттарын, сипаты мен нысандарын анықтау; сыртқы саясат мәселелеріне анализ жасай білу және олардың перспективаларын болжай білу;
ON3 Тарихты оқытуда заманауи ғылыми әдістерді, әдістер мен оқыту құралдарын қолдана алу. Білім беру ұйымдары саясатының шеңберінде оқыту мен білім берудің әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау; Психологиялық-педагогикалық практиканың негізгі тенденцияларын талдау және оқу-тәрбие үрдісін жобалау; әртүрлі стратегияларды, оқыту мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып лекторлық және кураторлық шеберлікке ие болу;
ON4 Әлемдік саяси үдерістің үлгісін және негізгі кезеңдерін анықтау. Қазіргі саяси оқиғаларды микро және макро деңгейде бағалау; саяси процесте азаматтықтың маңыздылығын түсіну және әлеуметтік даму үдерістерін бағалау; дүниежүзілік тарихтағы ішкі саяси және халықаралық саяси процестердің өзара байланысын көрсету; әлемдік саяси процестердің негізгі мәселелерін сараптау;
ON5 Отаршылдық саясаттың шығысқа қарай, тұтастай алғанда, қазіргі Шығыста жүріп жатқан және болып жатқан барлық процестерді ескере отырып талдау жасау; отарлық және тәуелді Шығыстағы елдерде түбегейлі жаңа мемлекеттердің және тиісті жаңа қоғамның қалыптасуын талдау;
Әлеуметтік-экономикалық процестерге, әлеуметтік және демографиялық саясаттың қалыптасуына демографиялық өзгерістердің ықпалын білу;
ON6 Әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстар туралы ішкі және сыртқы статистика деректерін талдау және сыннан өткізе білу, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің үрдістерін анықтау;
Халықаралық сот органдарының ұйымы мен қызметін реттейтін халықаралық құқықтың негізгі ережелерін түсіндіре білу;
Ғылым мен гуманитарлық білімде әлеуметтік тарихты ғылыми бағыт ретінде көрсете білу; әлеуметтік тарих контексінде дамып жатқан ғылыми бағыттар мен ғылыми мектептерді сараптай білу;
ON7 Еуропа елдерінің мәдениетінің дамуының негізгі заңдарын, әлемдік тарихи үдерістің заңдарымен ажырағысыз байланысын талдау;
Батыс Еуропадағы ұлы ойшылдардың негізгі ойларын және олардың батыс елдерінің санасын қалыптастырудағы рөлін талдау;
Табиғат және әлеуметтік зерттеулер объектісі ретінде адамның ерекшелігін түсіндіру; адамзаттың табиғи тарихы және қазба популяциясының биосационалдық сипаттамасын көрсете білу; Адамзат тарихындағы инновацияның рөлін анықтау;
ON8 Саяси ойлардың, әлеуметтік тарихтың, антропологияның, халықаралық экономикалық процестердің, рухани мәдениеттің генезисін зерттеуде пәнаралық синтездің инновациялық әдістерін қолдану;
Дереккөзді зерттеу әдістері негізінде тарихи шындықтың ерекшеліктерін анықтау. Тарих ғылымының ғылыми әдістерін және зерттеу әдістерін қолдану. Тарихтың қазіргі заманғы бағыттарында жаңа білімдерді немесе практикалық қосымшаларды құру үшін ғылыми жобаларды тұжырымдау, әзірлеу және енгізу.
ON9 Сараптамалық бағалау, салыстыру әдістерін меңгеру; ғаламдық экономикада, саясатта орын алған оқиғалардың маңызды мәндерін айқындайтын ғылыми талдау және абстрагирование тәсілін меңгеру; маңызды халықаралық-құқықтық концепцияларды интерпритациялау, юридикалық ой-сана негізінің, құқықтық мәдениеттің, кәсіби ортада табысты қызметке тұрақты мотивацияның қалыптасуы үшін олардың тарихи және жалпытеоретикалық мәнін бағалай білу;
ON10 Адам және қоғам арасындағы қарым-қатынас тарихын, рухани мәдениеттің, ғылым мен коммуникацияның эволюциясын, әлеуметтік тарихты ғылыми білім мен гуманитарлық білім беру жүйесінде ғылыми тұрғыдан қалыптастыру, қалыптасу тарихы мен теориясы туралы тұтас пәнаралық түсінігі болуы керек;
Өзінің кәсіби қызметінде пәнаралық ғылымның жетістіктерін пайдалана білу: әлуметтану, экономика, психология, халықаралық құқық;
ON11 Өзіндік тарихи сана, ғылыми әдептілік, алдағы өткен ғалымдардың ісі мен қызметіне сыйластықпен қарауды, шығармашылық инициативаны, адамгершілік көзқарасты, тарих ғылымының қоғамдық рөлі мен маңызын түсіну қабілеттерін көрсете білу. Патриоттық принциптерге, азаматтық пен толеранттыққа негізделген позитивті коммуникативті дағдыға ие болу, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүруінің шарты ретінде мәдениаралық байланысты түсіну. Әлеуметтік-экономикалық және білім мәселелеріне қатысты өзінің көзқарасын білдіре алу;
ON12 Әріптестермен және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орната білу; Адамдардың кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескеру. Тәуелсіз ойлау, пікірталас, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Ағылшын тіліндегі мәтінді ауызша және жазбаша аудару дағдыларын дамыту. Ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын меңгеру. Рационалды және өз бетінше, танымдық және кәсіби қызметінің нәтижесінде алынған өз ой-тұжырымдарын негізге ала отырып іс-әрекет жасай білу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген