Магистратура

Мамандық шифры:

7M05405

Мамандығы:

Механика және энергетика

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін магистранттар келесі құзіреттерге ие болады:
1. ON1 қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну және бағалау, механиканың заманауи өзекті мәселелерін, механиканың ғылым ретінде дамуының негізгі үрдістері мен өзекті бағыттарын сипаттау;
2. ON2 механиканың қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларын тұжырымдау және шешу, таңдаған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан өзектілігін анықтау және бағалау;
3. ON3 энергетикалық жүйелердің мәселелерін шешуде компьютерлік модельдеуді қолдану, одан кейінгі нәтижелерді өңдеу және зерттелетін объектіде орын алатын процестердің сандық және сапалық бағалауларын ұсыну;
4. ON4 механика және термодинамиканың іргелі заңдарын негізге ала отырып инженерлік есептерді шешуде заманауи математикалық әдістерді қолдану;
5. ON5 энергетикалық жүйелердің қолданбалы мәселелерін шешу үшін аналитикалық, сапалы және сандық әдістерді қолдану және талдау;
6. ON6 сығылатын ағынды зерттеуге арналған аналитикалық және сандық әдістерді қолдану және талдау;
7. ON7 көпфазалы сұйық ағынын, оның ішінде кеуек ортаны зерттейтін аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
8. ON8 реакциялық процестерді зерттеу үшін қазіргі заманғы сандық әдістер мен қосымшалар пакеттерін талдау және қолдану;
9. ON9 есептің қойылымынан бастап, оған сәйкес математикалық моделді анықтап, негізделген есептеу әдісін таңдай отырып, соңында алынған нәтижелерді түсіндіріп, есепті шешу бойынша ұсыныс жасап аяқтайтындай таңдап алған ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу;
10. ON10 Зерттелетін проблемалардың пәнаралық екендіктерін бағалау; зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарды мамандарға да, маман еместерге де түсіндіре білу; өзгенің пікірлерін дұрыс қабылдап, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеп шығу;
11. ON11 топта өз бетінше білім алуға және коллективте табысты еңбек етуге және табысты жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсету, қоғамдағы шектеулер мен талаптарды бағалай отырып өзінің кәсіби тұрғыдан одан әрі даму жолдарын анықтау және талдау;
12. ON12 педагогикалық қызметте жоғары білім берудің педагогикасы мен психологиясы туралы білімін қолдана отырып, университеттер мен колледждерде арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген