Магистратура

Мамандық шифры:

7M06106

Мамандығы:

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа іргелі және қолданбалы нәтижелер алу, мамандану саласындағы зерттеулердің бекітілген бағытына сәйкес ғылыми зерттеулерді жоспарлау. Ғылыми зерттеулер үшін математикалық модельдеудің заманауи әдістерін қолдану.
ON2. Шешілетін қолданбалы есептердің тұжырымдамалық және теориялық модельдерін әзірлеуде жаратылыстану-физикалық, химия-технологиялық, табиғи, биологиялық, медициналық және кездейсоқ процестердің мәні, механизмдері мен заңдылықтары туралы ұғымдарын қолдану.
ON3. Қолданбалы мәселелерді талдау және шешу кезінде жоғары өнімді есептеуіш жүйелерді және математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану.
ON4. Математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерімен сандық эксперименттер мен зерттеулер нәтижелерін өндірістік және қаржы саласына енгізу бойынша жобаны құру және ұсыныстар әзірлеу. Механиканың, физиканың, экономиканың өзекті мәселелерін шешу үшін ықтималдық әдістерді қолдану.
ON5. Мәселелерді тереңдете талдау жүргізу, физикалық мәселелерді негіздеу, ғылыми және зерттеу жұмыстары барысында олардың жаратылыстану-ғылыми мәнін анықтау, оларды шешу үшін тиісті математикалық аппарат пен сандық алгоритм қолдану.
ON6. Жылжымалы шекарамен жылу және масса алмасу мәселелердін, математикалық физиканың кері және дұрыс емес есептердің, биомедициналық процестердің, табиғи-физикалық процестердің, химиялық процестердің, қаржылық процестердің, атмосфералық процестердің, көп фазалы турбулентті ағындардың динамикасының есептерін шешу үшін математикалық модельдерді құру және сандық әдістерді қолдану,
ON7. Өнеркәсіптік, физика-технологиялық, сызықты емес стационарлы емес физикалық, химиялық, биомедициналық, қаржылық процестердің құрылған математикалық модельдерінің сандық эксперименттерін талдау, жобалау және жүргізу. Жоғары өнімді жүйелердегі гидродинамиканың инженерлік есептерінің сандық шешімдерін қайта өндіру
ON8. Жылу-масса алмасу құбылыстарын математикалық модельдеу, тұтас орта динамикасы, жылуфизикалық және күрделі процестер, механикалық процестер, газдинамикадағы термодинамикалық процестер, қатты денедегі термодинамикалық және электрлік процестер, қолданбалы есептер, математикалық физика есептері, сондай-ақ экономика мен техникадағы орнықтылық теориясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON9. Қаржылық математика, есептеуіш гидродинамика, механика, турбуленттілікті модельдеу, физикалық, химиялық, биомедициналық, бейсызық стационарлы емес физикалық процестер және қолданбалы есептерді шешу үшін күрделі жүйелер саласындағы зерттеулер үшін математикалық және сандық аппаратты қолдану.
ON10. Оқу-тәрбие және аудиториядан тыс жұмыстарды жүргізу, педагогикалық қызметті жүргізу дағдыларын меңгеру. Мамандық бейіні бойынша бакалавриат студенттері үшін дәріс, семинар және зертханалық сабақтар өткізу. Білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар мен тәсілдерді меңгеру және педагогикалық практикаға енгізу.
ON11. Математикалық модельдеу, математика, биомедицина, физика, химия және механика саласындағы мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде алынған нәтижелерді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу.
ON12. Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команда қызметін сын тұрғысынан бағалау, жолды белгілеу және өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін арттыруға арналған құралдарды таңдау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген