Магистратура

Мамандық шифры:

7M03114

Мамандығы:

Аймақтану

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Аталмыш оқу бағдарламасын бітіргеннен кейін студенттердің келесідей қабілеттерінің дамуы күтілуде:
1. қазіргі кезеңдегі парадигмалардың шеңберіндегі теориялық-әдіснамалық ұстанымдарды қолдана отыра қазіргі таңдағы аймақтардың даму механизмдері мен факторларын баяндай білу;
2. халықаралық қатынастар теориялары арқылы қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілерін, аймақтық және жаһандық үдерістердің тенденцияларының дамуын түсіндіріп, баға беру;
3. бастапқы дереккөздердің негізінде Орталық Азиядағы халықаралық, интегративті, инновациялық үдерістердің негізгі мазмұнын саралау;
4. әлемдік державалардың жаңа стратегиялық тендецияларын, және олардың стратегиялық маңыздылығының өзгеруінің негізгі себептері мен тенденцияларын саралау, айқындау;
5. ғылыми ұстанымдар мен сыни талдау негізінде аймақтану мәселелерінің, және аймақтық, халықаралық мәселелердің зерттеу әдіснамасын кеңейту;
6. Қазақстан Республикасының жетекші аймақтармен стратегиялық мемлекеттік(республикалық, облыстық, қалалық) қарым-қатынастарының дамуын жоспарлауды дәйектеу жене түзету;
7. кем дегенде екі шет тілін қолдана отыра өзіндік ғылыми зерттеулерлер нәтижесінде сараптамалық жұмыс атқару, қолданбалы саралау қабілетін меңгеру, қазіргі таңдағы аймақтық және халықаралық-саяси үдерістердлің даму жолдарын болжау қабілеті;
8. посткеңестік аймақта, сонымен қатар, Еуропа, Азия, Африкадағы аймақтық ұйымдардың қызметін баяндай білу, саралау.
9. шет тіліндегі материалдарды қолдана отыра академиялық және сараптамалық жағдайда ғылыми дискуссияны, өзіндік ғылыми көз-қарастарды дәйекті түрде жеткізе білу;
10. мемлекеттің саясатын және стратегиясының түзуші механизм саралау, Қазақстан Республикасының көпжақты ынтымақтастықты орнату мен аймақтық қауіпсіздік жүйесінің нығаюына қосқан үлесін көрсете білу.
11. шет тілін қолдана отыра кәсіби командалар құрамында аймақтық және халықаралық деңгейдегі мақсаттарды шешу үшін көпшілік алдында дәйекті, нәтижелі сөйлесу, келіссөздер жүргізу, ұйымдастыру қабілеттерін көрсете білу.
12. өзіндік ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсете білу, және ары қарайғы ғылыми, және кәсіби даму траекториясын айқындау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген