Магистратура

Мамандық шифры:

7M11202

Мамандығы:

Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - ғылым магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Атаулы бағдарламаны аяқтаған магистранттарда келесі қабілеттер болады деп күтілуде:
1. Мәліметтерді жинақтау және тіркеуді жүзеге асыруға, өндірісте кешенді қауіпсіздікті ұйымдастыруға, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағдарламалық өнімдер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдануға;
2. Қауіпсіздік мониторингісінің тәсілдері мен құралдарын қолдана отырып қауіпсіздікке мониторингті жүзеге асыру үшін берілген критерийлер негізінде техносфералық қауіпсіздік пен нысанның техносфералық осалдығы жөніндегі мәліметтер базасын құруға;
3. Техникалық жүйелердің сенімділігін қамтамасыз ету және техногенді тәуекелді азайту үшін өндірістік қауіпсіздікті басқарудың практикалық міндеттерін шешу кезінде сенімділік теориясының математикалық аппараттарын қолдану;
4. Тәуекелдердің алдын алу және тәуекелден келетін шығынды азайту мақсатында ықтималдықтар теориясын, көп факторлы талдау мен күрделі жүйелердің тәуекелін есептеу тәсілдерін қолдана отырып кәсіпорындағы алуан түрлі тәуекелдерді талдауға;
5. Экономика нысандары қызметінің тұрақтылығын арттыру үшін машиналар мен құрал-жабдықтардың жұмыс жасау қабілеттілігін және техникалық күйін арнайы тәсілдер, техникалық құралдар арқылы есептеуге;
6. Өндіріс орнында жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын жақсарту және кәсіби тәуекелдер деңгейін азайту үшін қауіпсіздік күйін бағалау тәсілдерімен жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің шынайы күйі нормаға сәйкес немесе сәйкес емес екендігін дұрыс бағалауға;
7. Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздікке аудит ұйымдастыру және аудит әдістемесінің негізінде кәсіпорын қауіпсіздігінің аудиті бойынша қорытынды жасауға.
8. Нормативтік негізде техникалық жобалардың, өндірістердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіпсіздігіне, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық шараларға сараптама жүргізуге.
9. Экономика нысанының қауіпсіздігіне сараптамалық бағалау жүргізу әдістемесінің негізінде ұсынылатын іс-шаралардың іске асырылуын бақылауға, кешенді қауіпсіздік саласында іс-шараларды енгізу нәтижелерін және іс-шараларды енгізудің ықтимал нәтижелерін салыстырмалы талдауға.
10. Жобаны талдау және тәуекелдерін бағалау әдісінің, жобаның дамуын болжау, жобаны басқаруда үлгі құру тәсілдері негізінде жобалық менеджмент саласындағы ұйымдардың жұмысын реттейтін нормалар мен стандарттарды қолдана отырып, жобаның қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға.
11. Кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жоспарына сай кешенді қауіпсіздікті жетілдіру бойынша инновациялық техникалық шешімдер мен ұсыныстарды жасауға.
12. Жеке, еңбектегі, қоғамдық өмірде талаптар мен шектеулерді орындауға, жеке басындағы дағдыларын табысты таңдауға, жүзеге асыруға қабілетті болады.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген