Магистратура

Мамандық шифры:

7M05109

Мамандығы:

Биотехнология

Факультеті:

Биология және биотехнология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. тірі организмдерді телеметриялық аппаратура, жаһандық жүйелерді позициялау сияқты мамандандырылған жабдықтардың, протеомдық және гендік технологиялар, полимеразды тізбекті реакциясы және компьютерлік моделдеу сияқты технологиялары мен әдістердің көмегімен талдау;
2. жұмыс нәтижелерін арнайы регламенттелген стандарттарға сәйкес қолдану; биотехнологиялық өндіріске техникалық-экономикалық талдау жүргізуге және техникалық-экономикалық құжаттаманы жасау;
3. қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарының сапа менеджменті жүйесі бойынша биотехнологиялық өнімдердің ерекшеліктерін салыстыру;
4. ғылыми ақпаратты іздеу, сыни талдау, жинақтау және жүйелеу, зерттеу мақсаттарын қою және оларға қол жеткізудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдау қабілетіне ие;
5. математикалық модельдеу әдістерін, сондай-ақ эксперименттік және есептеу тәсілдерін пайдалана отырып, микробиология, биотехнология, геномика, биоинформатика, тағамдық, экологиялық, молекулалық және клеткалық биотехнология саласында ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, 3-D моделін құру үшін медицинада, экологияда және ауыл шаруашылығында қолданылатын филогенетикалық ағаштарды құру және мақсатты гендерді анықтау;
6. генетикалық материалдың құрылымы мен функцияларын, полиморфизмін, гендердің аллельді әртүрлілігін және нуклеотидтік тізбектерін адам ауруының молекулалық диагностикасы үшін талдау;
7. микробиологиялық өндірістердің дайындық және қорытынды операциялары үшін ферментациялық және қосалқы жабдықты таңдау; жабдықтың конструктивтік есебін жүргізу; оларды қолданудың экологиялық салдарын ескере отырып, процестердің технологиялық режимін таңдау;
8. селекцияның нақты ғылыми міндеттерін шешу кезінде шаруашылық жағынан құнды белгілері бар жаңа штаммдар, сорттар мен тұқымдар жасау үшін биотехнология объектілерінің бастапқы нысандарының комбинациялық қабілетін анықтау;
9. фитопатогендер мен экологиялық факторлардан туындайтын өсімдіктердің жұқпалы ауруларының генетикалық және молекулалық негіздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
10. микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктердің жай-күйін сипаттайтын үлгілер мен фактілерді жинау нәтижелерін қорыту, олардың дамуын, химиялық түрін, құрылымын, құрамын, тіршілігі мен репродуктивтік процесті зерделеу;
11. тірі организмдер туралы ғылыми білімді кеңейту және жаңа ақпарат алу, фармакологияда, ауыл шаруашылығында және қоршаған ортаны қорғауда қолдану үшін жаңа өнімдер мен әдістемелер әзірлеу мақсатында экология, агробиотехнология проблемаларын шешу үшін гипотезаларды тексеру мақсатында зертханалық және далалық зерттеулер жүргізу;
12. кәсіби салада зерттеу жүргізудің мамандандырылған әдістерін қолдану және ғылыми қоғамдастыққа конференцияларда қарау және одан әрі талқылау үшін дәлелді түрде ұсыну.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген