Магистратура

Мамандық шифры:

7M02217

Мамандығы:

Шығыстану

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1. әлемдегі діни-мәдени оқиғаларды түсіндіруде өзінің тұжырымдамасын құру үшін филологиялық және тарихи материалды зерттеу тәсілдерін Шығыс туралы ғылымның пәнаралық контексінде пайдалану;
2. қоғамдық және саяси құбылыстардың өзара байланысына сыни тұрғыдан баға беру, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік және экономикалық процестерге болжау жасау;
3. оқитын Шығыс елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын негіздеу;
4. сараптамалық және эксперттік жұмыста тілдік дағдылары мен білімін пайдалану, кәсіби қызметіне байланысты тақырыптарға дикуссия жүргізу;
5. шығыс тіліндегі жазба ескерткіштерді жазылған кезеңі, авторлары, жанры, тақырыптары бойынша жіктеу және әртүрлі жазба деректерді өзіндік сараптау дағдысын көрсету;
6. кәсіби сипаттағы мәтіндерді аннотациялау және шығыс тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару;
7. Шығыс елдеріндегі дәстүрлі және қазіргі процестердің жаңа және бейтаныс контексінде ғылыми мәселелердің технологиялық шешімдерін табу;
8. шығыстану пәндері бойынша білім беру қызметін (практикалық және семинар сабақтары бойынша) жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық жүзеге асыру бағдарламаларын ұсыну;
9. ЖОО-да оқу процесін жүзеге асыруда шығыстану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдері мен технологиясын пайдалану;
10. өзекті ғылыми мәселелерді шешуде әртүрлі пәндік салалар бойынша сарапшылармен бірлесе отырып, тілдік білімді, басқа елдердің мәдениеті мен салт –дәстүрлерін түсінуді пайдалана отырып халықаралық контекстегі өзара әрекет пен ынтымақтастықты дамыту;
11. кәсіби жағынан ары қарай даму үшін жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстарды, отандық және шетелдік ғылымның жетістіктері туралы материалдарды іздеу, сақтау және өңдеудің қазіргі тәсілдерін пайдалану;
12.алған білімін шығыстану ғылымының өзекті мәселелері бойынша өзіндік ғылыми зерттеуге айналдыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген