Магистратура
Мамандығы:
Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
- Түлектер моделі
-
Міндетті
пәндер
-
Элективті
пәндер
- Кәсіби
ON1 Қолданбалы міндеттерді шешуде жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін ғылыми, технологиялық, әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешуге қатысу
ON2Құрылымдық бөлімшелерде іс жүргізуді және құжат айналымын (оның ішінде электрондық құжат айналымын жобалауды) басқаруды жүзеге асыру, қол жеткізу тәртібін енгізуді және құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты пайдалану
ON3Архив саласының, БҚҚ қызметінің практикалық міндеттерін шешуде әр түрлі ортада (соның ішінде, өзге тілде) дербес ғылыми зерттеуді жүзеге асыру, электрондық форматта құжаттармен жұмыс істеудің теориялық және әдістемелік дағдыларын қалыптастыру және оларды электрондық жариялау үшін дайындау
ON4Архивтану және құжаттану саласындағы оқытудың заманауи әдістерін, инновациялық және интерактивті технологиялар мен жоғары оқу орындарында тілдік пәндерді оқытудың пәнаралық тәсілдер (философиялық) контекстіндегі архивтанулық және құжаттамалық пәндерді оқыту әдістерін көрсету.
ON5Архивтануға тән дәстүрлі жұмыс әдістерінінің сандық ортаға бейімделуі және архивтік ақпаратты ұсынуда жаңа заманауи білімдерін қолдану; құжаттарды басқару және архив ісінде озық шетелдік тәжірибені қолдану.
ON6Жұмыс тәжірибесіне Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын енгізу, персоналды басқаруда еңбек заңнамасының қағидаттары мен нормаларын талқылауға қатысу, басқару психологиясының қағидаттарын пайдалану.
ON7Архив саласының стратегиялық дамуының негізі бағыттарын зерттеу және сыни талдаудың ғылыми тәсілдері негізінде архив қызметінің ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде бағдар беру.
ON8Архив ісі, археография және құжаттану мәселелері бойынша жобалар, құқықтық актілер, ғылыми, әдістемелік құралдар, нормативтік-әдістемелік актілер әзірлеу және оларды өндіріске және оқу үдерісіне енгізу
ON9Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылықтары нысандарына және аса құнды құжаттарға жатқызу мақсатында құжаттарды анықтау.
ON10Архив ісі, археография және құжаттану саласында сараптамалық зерттеулер жүргізуге қатысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу
ON11Архив ісі, археография және құжаттану саласында сараптамалық зерттеулер жүргізуге қатысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу./ Принять участие в проведении экспертных исследований в области архивного дела, археографии и документоведения и их внедрение в практику работы./ Participate in expert research in the field of archives, archeography and documentation and their implementation in practice.
ON11 Технотронды құжаттармен (аудиовизуалды және ҒТҚ) жұмыс істеу әдістерін жетілдірудің озық шетелдік және отандық тәжірибесін синтездеу және архивтерді басқаруда қолдану
ON12Архив ісі және БҚҚ қызметі, ақпараттық-құжаттық жүйелерді басқару саласындағы ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау (соның ішінде ғылыми-техникалық құжаттама), тиісті әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау, алынған нәтижелерді бағалау және түсіндіру.
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Пән ғылыми зерттеулер жүргізу процесін; мақсаттары мен міндеттеріне барабар зерттеу әдістерін таңдауды; ғылыми құжаттамаға қойылатын талаптарды; ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану үрдістері мен перспективаларын; ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесін зерделеуге бағытталған.
-
Электронды форматтағы құжаттық жарияланым
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Курстың мақсаты магистранттардың Интернет желісінде электрондық форматта тарихи құжаттарды жариялаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін түсіндіру және компьютерлік іздеу құралдары мен электрондық ғылыми-анықтамалық аппарат құру қабілетін қалыптастыру. Электрондық форматтағы жарияланымдарды дайындаудың жалпы қағидаттары, Интернет-жарияланымдардың жіктелуі, толық мәтінді деректер базасы құрамындағы және отандық web-сайттардағы құжаттардың электрондық жарияланымдары қарастырылады.
-
Ғылым тарихы мен философиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.
-
Басқару психологиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.
-
Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.
-
Құжаттанудың теориялық мәселелері
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.
-
Архивтанудың теориялық мәселелері
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.
-
Шетел тілі (кәсіби)
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
-
Жоғары мектептің педагогикасы
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.
-
Құжат айналмын басқару жүйелерін ұйымдық жобалау.
- Кредит саны: 5
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: құжаттарды басқару жүйелерін жобалау, енгізу және жетілдіру саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курста қарастырылады: ұйымдастырушылық дамудың теориялық және әдіснамалық негіздері және құжат айналымын басқару жүйелерін жобалау. Ұйым құжаттары қозғалысының жобалау жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде тиімділікті бағалау және енгізу әдістері. Заманауи технологияларды қолдана отырып ұйымдастырушылық жобалау.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Электронды үкіметтің құжаттық коммуникацияларын басқару
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің – магистранттардың электронды мемлекеттік басқару саласында электронды үкіметтің құжаттық коммуникацияларын басқарудың практикалық міндеттерін шешуде негізгі тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Курста ақпараттық қоғам тұжырымдамасы, электрондық үкіметті дамытудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, электрондық үкіметті дамытуды реттейтін мемлекеттік билік органдарының жүйесі, тұтынушыға бағытталған электрондық үкіметті және инфрақұрылымын дамыту, ашық деректерге негізделген мемлекеттік басқару.
-
Аудиовизуалды құжаттардың теориялық-методологиялық мәселелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - магистранттардың аудиовизуалды құжаттардың методологиялық мәселелері, негізгі ережелері, теориялары мен тұжырымдамалары, сондай-ақ, оларды есепке алу, сақтау және пайдалануда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Пәнді оқу әртүрлі аспектілерді қамтиды: технотрондық құжаттау; кинофотодыбысбейне құжаттау; микрофильмдеу, архивтердің аудиовизуалды құжаттарымен жұмыс істеу теориясы мен тәжірибесі.
-
Архивтанулық білімнің дамуы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – магистранттардың әртүрлі тұжырымдар мен теорияларды талдау негізінде архивтік ойдың дамуы және архивтанудың ғылыми мектептерінің қалыптасуы туралы түсініктерін қалыптастыру. Курста эмпирикалық архивтану, дәстүрлі архивтану, фундаменталды архивтану, архивтер әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде, архивтану және теориялық деректану (тарихнамалық аспект), архившілер мен тарихшылардың қарым-қатынасы туралы қазіргі заманғы архивтану (деректанулық және археографиялық аспектілер).
-
Палеография методологиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - магистранттардың палеографиялық зерттеулер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курста палеографияның теориялық және әдіснамалық аспектілерін, палеографиялық талдау әдістерін, зерттеудің палеографиялық әдісін және оны қолдану ерекшелігін, палеографиялық деректердің жіктелуін және олардың палеографиялық талдауының ерекшелігін, палеографиялық зерттеу мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, тарихи дереккөздердің палеографиялық сипаттамасын жүргізу әдістемесін қарастырылады.
-
Архивтерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік материалдарды дайындау, кәсіби міндеттерді шешу үшін түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалану машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Курста архив құжаттарын жинақтау, сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу, құндылығын сараптау, пайдалану және жариялау, архивтік қорларға ғылыми-анықтамалық аппарат және мәліметтер базасын құру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеу әдістері қарастырылады.
-
Архивтер қызметінің нормативтік-құқықтық реттелуі
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты - магистранттардың архив ісі саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің мазмұны, заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы түсінікті, нақты тәжірибелік міндеттерді шешуде архивтік құқық нормаларының жалпы жүйесінде бағдар алуды қалыптастыру. Курста архивтік құқық және архивтік заңнама, архивтердегі құжаттарды жинақтау, құндылық сараптау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері, архивтік ақпаратқа қол жеткізу мәселелері қарастырылады.
-
Қазақстанның қолжазбалық мұрасы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты - магистранттардың Қазақстанның архивтік және сирек қорларында сақталған қолжазбалармен жұмыс жасаудың практикалық дағдылары мен машықтарын қалыптастыру. Курста әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның қолжазба мұрасын қалыптастыру, қолжазбалармен жұмыс істеудің ғылыми-әдістемелік негіздері, қолжазбаларды жүйелеу және жіктеу, тарихи құжаттардың өкілдігі, археографиялық сипаттамасы, қолжазба мұрасын сақтау мен пайдаланудың негізгі мәселелері қарастырылады.
-
Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект жүйелері
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты-құжаттарды басқаруда жасанды интеллект жүйелерін қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Қарастырылады: құжаттарды басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйелер мен платформалар. Қазіргі ұйымдарда жасанды интеллект технологияларын қолдану. Құжаттарды басқару саласында жасанды интеллекті қолдану тәжірибесі, тенденциялары, перспективалары мен мәселелері. Құжаттарды басқару жүйелерінде қолданылатын жасанды интеллект технологиялары.
-
Ұйымдарда құжаттарды басқару теориясы мен технологиялары
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару теориясы, әдістері мен технологиялары, құжаттарды жіктеу және жүйелеу, басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.
-
Шетелде ақпарат және құжаттаманы басқару
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты магистранттардың шетелдердегі ақпараттар мен құжаттарды басқарудың теориялық мәселелері мен қолданбалы аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән ақпараттық қоғамдағы құжаттамаларды, шетелдік тәжірибе және құқықтық реттеудің заманауи тенденцияларын, халықаралық ұйымның халықаралық ақпараттық саясатты әзірлеудегі рөлі және шетелдегі құжаттама мен ақпаратты басқару ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
-
Құжаттану тарихнамасы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты магистранттардың құжаттану ғылымы тарихнамасының негізгі кезеңдерін, даму факторлары мен үрдістерін, құжаттану саласындағы негізгі проблемаларды, құжаттану тарихнамасының дамуын айқындайтын жаңа ғылыми ағымдар мен мектептерді талдауға қабілетін қалыптастыру. Курста құжаттың тұжырымдамалық теориялары, кеңестік кезеңдегі құжаттану мәселелерін зерттеу, құжаттанудың қазіргі тарихнамасы қарастырылады.
-
Ғылыми-техникалық құжаттаманы ұйымдастыру және басқару
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты-магистранттардың өндірістік қызметтің түрлі салаларында қалыптасатын ғылыми-техникалық құжаттама архивін ұйымдастыру, жобалау, басқаруда білімін, дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру. Курста интеллектуалды қызмет түрі ретінде ҒТҚ ғылыми түсінігінің қалыптасуы, ғылыми-техникалық құжаттаманың жіктелуі, ғылыми-техникалық құжаттаманың жүйесі мен санаттары, қазіргі заманғы құрылымы, ҒТҚ архивін ұйымдастыру және басқару, ҒТҚ заңнамалық-нормативтік базасы қарастырылады.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген