Магистратура

Мамандық шифры:

7M02205

Мамандығы:

Исламтану

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
.Заманауи исламтанулық мәселелер ерекшелігін, табиғатын анықтау және қазіргі қоғамдағы діни және иламдық құбылыстар мәнін талдау, сонымен қатар заманауи интеграциялық үдерістердегі исламтанудың ролін анықтау;
2.Әлемдік және қазақстандық исламтанудың негізгі заманауи концепциялары бойынша кәсіби машықтану, олардың негізгі өкілдерін, мектептерін білу, олардың арасындағы концептуалды айырмашылықтарына, қазіргі замандағы ислам дискуссиялар құрамына бағдарлану;
3. Ғылыми-зерттеу қызмет барысындатерең кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешу;
4. Ежелгі, ұлттық және әлемдік діндерде дамитын әртүрлі адам концепцияларының жалпы және ерекше қырларын анықтау, сонымен бірге қазіргі исламдық ілімнің негізгі парадигмаларында бағдарлану;
5. Қажетті зерттеу әдістерін таңдау, бар әдістерді модификациялау және белгілі бір зерттеу мәселесіне қарай жаңа әдістерді өңдеу;
6. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани-мәдени даму тенденцияларының ғылыми талдауы негізінде исламтанулық, дінтанулық, философиялық, әлеуметтік-саяси және ғылыми әдебиетті талдау;
7. Әртүрлі ұлттық дәстүрлердегі ислам тәжірибесі феноменін академиялық исламтану позициясы тұрғысынан бағалау;
8. Орындалған жұмыс нәтижелерін ғылыми жұмыс рәсімдеу талаптарына сай есеп, реферат, ғылыми мақалалар түрінді көрсету;
9. Исламтану оқыту әдіснама, қазақстандық және щетелдік исламтану саласында кәсіби білімді қолдану;
10. Батыс және Шығыс исламдық және діни-философиялық ой ерекшеліктерінің қырларын, соның ішінде исламды жәе діни философия салыстырмалы интерпретациялау, исламдық қасиетті мәтіндерін талдау;
11. Бұқаралық ақпараттық құралдардағы, әртүрлі саладағы мемлекеттік мекемелердегі, қоғамдық ұйымдардағы, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардағы ислам туралы ақпаратқа кеңес беру, өңдеу және дайындау;
12. Исламтану саласында біліктілік, кәсіби білім және машықтарды талап ететін ғылыми жобалар дайындауда қатысу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген