Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D06104

Мамандығы:

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа іргелі және қолданбалы нәтижелер алу, мамандану саласындағы зерттеулердің бекітілген бағытына сәйкес ғылыми және талдамалық зерттеулерді жоспарлау.
ON2. Шешілетін ғылыми мәселелер мен міндеттердің тұжырымдамалық және теориялық модельдерін әзірлеуде физикалық, химиялық-технологиялық, табиғи, биологиялық және кездейсоқ процестердің мәні, механизмдері мен заңдылықтары ұғымдарын қолдану.
ON3. Ақпараттық және білім беру технологиялары негізінде өз білімін кеңейту дағдыларын меңгерген, қолданбалы және инженерлік мәселелерді талдау және шешу кезінде математикалық және алгоритмдік модельдеу әдістері мен көп процессорлы компьютерлерді қолдану дағдыларын игеру.
ON4. Математикалық моделдеу және сандық эксперименттер әдістерімен өндірістік және қаржы саласына зерттеу нәтижелерін енгізу бойынша жобаны құру және ұсыныстар әзірлеу.
ON5. Мәселелерді терең талдау, есептерді қою және негіздеу, ғылыми зерттеу жұмысы барысында олардың жаратылыстану-ғылыми мәнін анықтау, оларды шешу үшін тиісті математикалық аппаратты жұмылдыру.
ON6. Биомедициналық процестер, физикалық химия, кинетика, қаржылық процестер, көп фазалы турбулентті ағыстар динамикасының есептерін шешу үшін математикалық және компьютерлік моделдерді құру.
ON7. Өндірістік, технологиялық, стационарлық емес физикалық, химиялық, биологиялық, қаржылық процестердің құрылған математикалық модельдерін талдау, жобалау және сандық эксперименттер жүргізу.
ON8. Қаржы стохастикалық модельдерін жасау; турбуленттілікті модельдеудің жақын әдістерін және полуэмпирикалық теорияның көмегімен математикалық модельдің бастапқы теңдеулерінің тұйықталу тәсілдерін таңдау.
ON9. Температуралық құбылыстарды, күрделі жүйелерді, термомеханикалық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ зерттеу және қолданбалы есептерді шешу үшін стохастикалық және имитациялық модельдеу жүйелерін қолдану.
ON10. Қолданбалы есептерді шешу үшін сандық әдістер, қаржылық математика, есептеуіш гидродинамика, механика, турбуленттілікті моделдеу, физикалық, биомедициналық, желілік емес технологиялық процестер және күрделі жүйелер бойынша іргелі білімнің математикалық және сандық аппаратын қолдану үшін зерттеулер мен эксперименттер жүргізу.
ON11. Математикалық және компьютерлік модельдеу, заманауи сандық әдістер саласындағы оқу материалдарын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу; білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологияларды педагогикалық практикаға енгізу және меңгеру.
ON12. Математикалық модельдеу, математика және механика саласындағы мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру үшін нәтижелерді дайындау мақсатында шетелдік әріптестермен ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу, ғылыми қоғамдастықпен халықаралық байланыс орнату, командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команда қызметін сын тұрғысынан бағалау, өз-өзін дамытуға, өз біліктілігін арттыруға арналған жолдарды белгілеу және құралдарды таңдау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген