Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07113

Мамандығы:

Интеллектуалды басқару жүйесі

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлі тұрғысынан талдау жасау, жаһандық және еуразиялық тарихи процесс контексіндегі тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін сипаттау.
2. Автоматтандыру жүйелерінің өлшеу құралдарының ақпараттық ағындарын талдау және синтездеу үшін жоғары математика, автоматика, электротехника, автоматты басқару жүйелерінің тұжырымдамалық аппараттарын, әдістерін және құралдарын қолдану.
3. IoT құрылғыларын бекітілген нормативтік құжаттарға, метрологиялық сипаттамаларға және IoT құрылғыларының жұмыс режимдеріне сәйкес басқару, талдау және бақылау.
4. Ақпарат алмасу хаттамаларын, желілік қосылыстарды орнатудың ережелері мен әдістерін, негізгі желілік қызметтерді және желілік қауіпсіздік қағидаларын қолдана отырып, желілік жабдықты орнату, қызмет көрсету және бақылау.
5. Бағдарламалық жасақтаманы жобалау, жүзеге асыру және тестілеуді орындау, икемді әдістеме негізінде эргономикалық қолданушы интерфейсі бар веб-қосымшаларды жасау.
6. IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтаманы жобалау, қолданушының графикалық интерфейсін, қосымшаның бизнес логикасын және IoT жүйелері үшін машинадан-машинаға өзара әрекеттесуді бағдарламалау.
7. Қарастырылып отырған объектінің (процестің) имитациялық моделін жасау, бағдарлама кодын жүзеге асыру және верификациялау, IoT қосымшалары мен құрылғыларын тестілеу және жаңарту.
8. Тақырыпты және проблемалық бағыттарды талдау және оның негізінде интеллектуалды жүйені жобалау және дамыту, қолданбалы есептерді шешу үшін смарт технологияларды қолдану.
9. Жасанды интеллект әдістерін есептер шығаруда және шешімдер қабылдауда қолдану, жасанды интеллект жүйелерін тестілеуден өткізу, енгізу және сүйемелдеу.
10. Үлкен деректерді талдауды жүргізу, үлкен деректерді сақтау, өңдеу және талдау үшін бағдарламалық құралдарды жобалау және жасау, заманауи қолданбалы архитектураларды қолдау үшін бұлтты платформалардың қызметтерін пайдалану.
11. Жаңа технологияларды қолданыстағы IoT жүйелерімен интеграциялау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу және жаңа интеллектуалды шешімдер жасау.
12. Әлеуметтік, этникалық және мәдени айырмашылықтарды толеранттылықпен қабылдай отырып топта жұмыс істеу, өз қызметіне, топтың қызметіне сыни баға беру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген