Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03205

Мамандығы:

Кітапханалық ақпараттық жүйелер

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON1 Алгоритмдеу нақты оқу пәні контекстінде, модуль пәндерінің өзара әрекеттестігі барысында зерттеудің ғылыми әдіс-тәсілдерін қолдануды ұсынады; оқытылатын пәндердің ғылымның теориялары мен идеялары негізінде әлеуметтік коммуникацияның түрлі салаларындағы жағдайларды түсіндіреді; әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың ерекшеліктерін қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлі тұрғысынан талдайды; қоғамның құндылықтарын, қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық, этикалық нормаларымен арақатынасы талдайды;

ON2 Кітапхана ісінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларды жан-жақты дамытудың негізгі тенденцияларын талдау; кәсіби міндеттерді тиімді орындау және электрондық кітапханаларды құру үшін қажетті ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету мен кітапхана ісін басқарудың заманауи жүйелерін пайдалану; кітапханалардың заманауи ақпараттық құрылымын қалыптастыру мәселесін шешу үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша білімді уйрету.

ON3 Кітапхана пайдаланушылары мен оқырмандарына қызмет көрсетуге арналған жеке заңдылықтар мен талаптарды үйрету және бейімдеу; ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша келіп түскен әдебиеттерді жан-жақты қолдану үшін насихаттау әдістерін талдау; электронды іздеу жүйелерінің көмегімен пайдаланушылардың сұраныстарын іздеу және сұранысты орындаудың тиімді әдістерін қолдану, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетудің жолдарын меңгерту.

ON4 Кітапханалардың және ақпараттық қызметтердің құжаттық қорларын қалыптастыру бойынша теориялық білімді практикада тиімді қолдану; кітапхана қорын қалыптастыру және пайдалану саласында теориялық және эмпирикалық базаны жинақтау әдісін меңгеру, талдау және жалпылау әдістерін қолдану; әдебиеттердің ұсыныстық тізімдерін талдау, кітапхана қорының ақпарат ағымын толықтыру көздерін іздеуге және әдебиеттерге ауызша шолулар дайындау мен өткізуді ұйымдастыру.

ON5 Библиографиялық құралдар мен әдістемелік материалдарды дайындау үшін теориялық және практикалық білімді тиімді қолдану; шет елдік тәжірибені меңгеру; белгілі бір бағыттар мен тақырыптар бойынша библиографиялық көрсеткіштер құрастыру үшін мәліметтерді жинау және талдау үшін алған білімдерін тиімді қолдану; библиографиялық шолу мен ақпарат күндерін ұйымдастыру және библиографиялық көрсеткіштерді өз бетінше құрастыруға бейімдеу,

ON6 Тәрбиелік-білім беру жұмыстарын дайындау мен өткізу үшін кітапханалардың кітапханалық қорының материалдарын тиімді пайдалана білуді; оқырмандарға арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, шешендік өнерді дамыту үшін түрлі сайыстар, кітап көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізу, жасөспірімдерді кітапханаға баулу мақсатында түрлі шаралар, кітапхана түні аясында түрлі акциялар, мәдениет, спорт және ғылым қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

ON7 Кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалпы және ерекше тәсілдер мен талдауларды анықтау; нормативтік құқықтық құжаттар негізінде құжаттардың сақталу мерзімі мен ережелерін, кітапханалық стандарттарды меңгеру, әр түрлі ақпарат тасығыштарда кітапханалық материалдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігін сыни бағалау; сирек кездесетін қорлардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша теориялық білімді практикада қолдану.


ON8 Ақпараттық нарық субъектілерінің әртүрлі кәсіби ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде кәсіби ақпаратты іздеу және кейіннен өңдеу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану үшін білім жүйесін және дағдыларды қолдану; әр түрлі ақпарат тасығыштарда сапалы каталогтарды құру үшін ақпараттық деректерді талдау, цифрлық технологиялардың көмегімен түрлі қызмет түрлеріне арналған деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу;


ON9 Ойлау және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін меңгеру, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды жинақтау, кәсіби мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу; қоғамының әртүрлі даму кезеңдері, саяси бағдарламалар, мәдениет, тіл, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар туралы ақпаратты дәлелді түрде ұсыну; қоғамның әртүрлі зерттеу түрлерінің стратегиясын ажырату және нақты мәселелерді талдау, негіздеу.


ON10 Кітапхана ісі саласындағы әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және маркетингтік зерттеулерді талдау; қорды полиграфиялық және электронды орындаудағы құжаттармен толықтыру процесінде қазіргі заманғы әдістерді тиімді қолдану, қорға түскен құжаттарға техникалық өңдеу жүргізу; оларды есепке алу, орналастыру және қорды оңтайлы құрылымдау және жоспарла; кітапхана жұмысын жақсарту үшін пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді талдау.


ON11 Әлемдік және еуразиялық тарихи процесс контекстіндегі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи алғышарттарын негіздеу; қазіргі Қазақстанның жаңа ұстанымдары негізінде талдау жүргізу; тарихымыздағы күрделі тарихи процестерді, тұлғалардың рөлін зерттеуде аналитикалық және аксиологиялық талдау және бағалау; Қазақстан қоғамын жаңғырту туралы пікірін қалыптастыру, заманауи Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың оқиғаларының объективтілігін анықтау үшін білім алу.


ON12 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және даму үрдісін түсіндіру, неғұрлым қолайлы технологияны таңдауды негіздеу; ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық, коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін түсіндіру; компьютерлік жүйелер мен желілердің архитектурасын, негізгі компоненттердің міндеті мен функцияларын сипаттау; ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату үшін ақпараттық интернет ресурстарын пайдалану әдістерін негіздеу;
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген