Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03105

Мамандығы:

Аймақтану

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ-ны тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON1 әлемдік-тарихи үдерістер мен халықаралық қатынастардың және әлем елдерінің тарихи дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын сараптайды және ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқытушылық қызметте пайдалануға қабілетті болады.
ON2 Ақпараттық-сараптамалық қызметте пайдалану үшін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, геосаяси даму ерекшеліктеріне сипаттама жасауға және кешендік аймақтық талдау үшін зерттеудің негізгі әдістерін қолдануға қабілетті болады.
ON3 Еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен Орталықтары үшін тарихи мəселелер бойынша пікірталас жүргізу дағдыларын игеруге; мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың, халықаралық алаңдағы оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарының өзара байланысын сараптауға қабілетті болады.
ON4 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, аймақтық қатынастар жүйесіндегі көпжақты ынтымақтастықтағы орны мен рөліне қатысты ғылыми көзқарастарды бағалайды және ҚР СІМ, мемлекеттік ведомстволар, мемлекеттік билік пен басқару органдары мен шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi қызметінде пайдалануға қабілетті болады.
ON5 кәсіби лексика, тақырыптық лексика негізінде шетел тілінде қарапайым қысқа жазба жазуға, қарапайым сауалнаманы толтыруға, оқиғаны, сезімді, ниетін жеке сипаттағы хаттарда сипаттауға, қарастырылған тақырыптар бойынша пікірталас өткізуге, эссе жазуға және кәсіби тақырыптардағы ғылыми пікірсайыстарға қатысуға қабілетті болады.
ON6 дипломатиялық қызметтің, мемлекеттік протокол теориясы мен тәжірибесін, келіссөздер жүргізу өнерінің дағдыларын бағалайды және ҚР СІМ, шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға қабілетті болады.
ON7 қауіпсіздік, интеграция және қақтығыстар теориясы негізінде әлемнің түрлі өңірлеріндегі аймақтық мәселелерді сараптайды және алған білімін дипломатиялық, халықаралық-саяси, академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу бірлестіктеріндегі қызметте пайдалануға қабілетті болады.
ON8 оқыған шеттіліндегі БАҚ материалдарын, кəсіби байланыс саласы шеңберінде шет тіліндегі баспа жəне дыбыс мәтіндерінің түпнұсқаларын түсіндіре отырып, кәсіби қарым-қатынас саласында өз көзқарастарын дәйекті түрде ұсынады және алған білімін мәдени-ағартушылық, орта кәсіби білім жүйесінің мекемелері мен аудармашы қызметте пайдаланады.
ON9 қазіргі әлемдегі халықаралық және аймақтық, ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қауіптерін бейтараптандыруды және күресу жолдарын іздестіруді сараптайды және мемлекеттік ведомстволар, халықаралық байланыстарды қолдайтын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын коммерциялық емес және қоғамдық бірлестіктерде қызметте пайдалануға қабілетті болады
ON10 жалпы-дүниежүзілік тарихи үдерістердің аясында мамандану аймағы елдерінің тарихи, әлеуметтік, саяси дамуының заңдылықтары мен үрдістерін саралайды және халықаралық байланыстарды ұстанатын немесе аймақтық мәселелермен айналысатын бизнес-құрылымдар, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарда қызметте пайдалануға қабілетті болады.
ON11 мамандану аймағы елдерінің сыртқы саяси бағыттары мен экономикасының негізгі даму тенденцияларын, олардың Қазақстан Республикасымен әлеуметтік саяси, әскери, сауда, экономикалық байланыстарын салыстырмалы сараптайды және алған білімін отандық және шетелдік бизнес-құрылымдар, сыртқы қатынастар органдарында қызметте пайдалануға қабілетті болады.
ON12 Министрліктің тиісті ведомствосының немесе басқа мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың мүддесі үшін сыртқы саясат және халықаралық саяси талдау дағдыларын меңгере отырып, шет тілдерінде конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыра отырып, өз пікірлерін, көзқарастарын дәйектей алуға қабілетті болады
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген