Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03104

Мамандығы:

Халықаралық қатынастар

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасын аяқталғаннан кейін студенттер келесідей қабілеттерге ие болады деп күтілуде:
1. Әлемдік саясаттағы процестерді, дипломатиялық, халықаралық азаматтық қызмет шеңберінде нақты халықаралық жағдайларды зерделеу арқылы мәдени, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастар жүйесі туралы ақпаратты бағалау.
2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде кәсіби қызметтің шеңберінде қоғамдық ғылымдардың әдіснамалық тәсілдерінің контекстінде халықаралық қатынастардың дамуының түрлі кезеңдері туралы ақпаратты бағалау.
3. Халықаралық-саяси бағыттағы кәсіби сараптама қызметінде осы дағдыларды пайдалану мақсатында жаһандық процестерді талдауға және халықаралық қатынастар жүйесін олардың тарихи,экономикалық және құқықтық шарттарындағы дамытуға арналған тұжырымдамалар мен түрлі теориялардың негізгі ережелерін салыстыру;
4. Зерделенген дипломатиялық әдістер және шет тілдерін үйрену тәсілдерін пайдаланып ҚР СІМ-нің институттарында кіші және жоғары лауазымды тұлғалардың міндеттерін атқара отырып Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің сыртқы саясатының және ұлттық қауіпсіздігінің ерекшеліктерін сараптау;
5. Қазақстан Республикасының мекемелерінде және халықаралық ұйымдарда дипломатиялық қызметте шет тілдерін қолдана отырып меңгерілген ақпараттық-сараптамалық жұмыстың практикалық кәсіби дағдыларын пайдалану;
6. Халықаралық ұйымдардағы кәсіби қызметтің шеңберінде, шетелдік мекемелер мен ұйымдар бөлімшелерінің жұмысында екі шет тілін қолданып, аударма дағдыларын пайдалану;
7. Мемлекеттiк мекемелерде, бизнес-корпорацияларда және үкiметтiк емес ұйымдарда кәсiби қызмет шеңберiнде әлемдiк саясатта процесстердi жүйелеу үшiн халықаралық қатынастардың қазiргi заманғы жүйесiнiң даму тетiктерi мен факторларының пәнаралық бiлiмдерiн интеграциялау;
8. Халықаралық-саяси талдау және шет тілдерін білу дағдыларын қолданып тәжірибелі маманның жетекшілігімен халықаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік, мәдени, саяси, мемлекетаралық өзара іс-қимыл саласындағы эксперттік, консалтингтік, аналитикалық қызметтерді жүзеге асыру;
9. Геосаяси талдаудың практикалық кәсіби дағдыларын қолданып дипломатиялық, мемлекеттік қызметте және аналитикалық құрылымдарда тәжірибелі маманның жетекшілігімен проблемалық жағдайларды шешу үшін халықаралық саяси зерттеулер бағдарламасын әзірлеу;
10. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдардағы кәсiптiк қызмет шеңберiнде халықаралық қатынастар, әлемдік экономика, халықаралық және өңiрлiк қауiпсiздiк саласындағы қазiргi проблемаларды шешу жолдарын қалыптастыру;
11. Сараптамалық және аналитикалық құрылымдардағы жұмыс барысында геосаяси, интеграциялық процестерді болжау туралы алынған кәсіби білімдердің негізінде өздерінің ғылыми пікірлерін негіздеу;
12. ҚР СІМ-нің орта деңгейдегі басшылары, ҚР мемлекеттік құрылымдарында іскерлік хат алмасу қабілетін, дипломатиялық хаттамалар мен этикетті қолдану арқылы халықаралық іс-шаралар, кездесулер, конференциялар, шет тілдерінде халықаралық келіссөздер жүргізу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген