Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05203

Мамандығы:

Гидрология

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қабілетті болады:
ON1. Командада жұмыс істеу, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында өз білімін қолдану, әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді талдау, білімін әртүрлі кәсіби қызмет түрлерінде пайдалану, елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау үшін жеткілікті теориялық дайындыққа ие болу;
ON2 Күтілетін қауіпті гидрологиялық құбылыстың сапалы болжамын жасау, су ресурстарының жай-күйін болжау, табиғи және жасанды су қоймаларының режимі мен су сапасын, олардың әлеуетін бағалау мен болжау;
ON3. Су объектілерінің әр түрлі типтері бойынша гидрохимиялық мониторинг жүргізу, судың, шөгінділердің, топырақтың, балықтың және атмосфералық жауын-шашынның құрамындағы ауыр металдардың және минералды тұздардың, пестицидтердің мөлшерін анықтау, химиялық және токсикологиялық талдаудың нәтижелерін қазіргі экологиялық және санитарлық - гигиеналық нормативтер бойынша беру;
ON4. Гидрологиялық желінің жұмыс жоспарларын сапалы орындауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу;
ON5. Су объектілерінің режимін талдау, гидрологиялық сипаттамаларды есептеу, ГАЖ технологиясын қолдану арқылы гидрологиялық процестерді модельдеу және болжау барысында алынған білімдерді біріктіру;
ON6. Гидрологияның Жер туралы ғылымдардағы мiндеттерiн, су шаруашылық шараларды шешу кезiнде шаруашылық қызметтiң әртүрлi салаларындағы гидрометеорологиялық ақпараттың маңыздылығын негiздеу;
ON7. Гидрология ғылымы дамуының заманауи тұжырымдамасы негізінде гидросферадағы процестердің заңдылықтарын негіздеу;
ON8. Гидрометриялық жұмыстардың негізгі түрлерін жүргізу, бақылау материалдарын өңдеуді және оларды гидрологиялық анықтамалық әдебиеттерге шығару үшін дайындауды жүзеге асыру;
ON9. Нормативтік құжаттарға сәйкес су шаруашылық объектілерін жобалау және пайдалану кезінде гидротехникалық құрылыстарды негіздеу үшін гидравликалық есептеулерді жүзеге асыру.
Арнаның турбуленттілігінің негізгі сипаттамаларын, түптік шөгінділер мен тасындылардың механикалық және гидравликалық қасиеттерін, гидротехникалық имараттарды жобалау және ақауларсыз жұмыс істеу үшін турбулентті ағынның тасымалдану қабілеттілігін анықтау;
ON11. Өзен ағындысын есептеу әдістерін қолдану және оларды сенімді бақылау материалдарының бар болған кезде және жоқ болған жағдайда шаруашылық іс-әрекетті жоспарлауда, су ресурстарын бағалауға және су шаруашылығы қызметін негіздеуде қолдана білу;
ON12. Гидрологиялық болжамдарды жасау әдістерін меңгеру, су объектілерінің ластануын анықтау, гидрологиялық есептеулерді жүзеге асыру және алынған нәтижелерді талдау, мамандар мен көпшілікке ұсынылатын кәсіптік ақпаратты рәсімдеу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген