Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B04205

Мамандығы:

Құқықтану

Факультеті:

Заң

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - құқық бакалавры
  • екiншi жоғары бiлiм - құқық бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - құқық бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болады деп күтілуде:
ON1. Адам мен қоғамның, мемлекет пен құқықтың, заңдылық пен құқықтық тәртіптің орны мен рөлін түсіну; моральдық, жалпыадамзаттық, гуманистік қасиеттері мен парасаттылығын көрсету; логикалық ойлауға, жанжалды жағдайларды шеше білу қабілетін, сондай-ақ рухани және физикалық жағынан өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсету;
ON2. Ақпараттық технологияларды меңгеру; ақпараттық құқықтық жүйелермен жұмыс істеу; ақпараттың қайнар көздері мен сипатын жүйелеу: құқықтық шешімдер қабылдау үшін материалдарды жинау, өңдеу, талдау, есепке алу және жинақтау; электрондық құжат айналымын жүргізу;
ON3. Құқықтық ұғымдар мен санаттарға ие құқық нормаларын ұғыну, түсініктеме беру және түсіндіру; құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тетігін түсіну және қолдану, құқықтық қатынастарды құқықтық шешімдер қабылдау үшін жіктеу, салыстыру және талдау;
ON 4. Нормалар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; заңнамалардағы олқылықтарды анықтау және заң шығару техникасын меңгеру негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ON5. Заңдық техника қағидалары мен ережелерін түсіну және қолдану негізінде кәсіби ортада нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттарды құрастыру, рәсімдеу, жүйелеу;
ON 6. Құқықтық іс-әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыру: шарттарды, талап-арыз арыздарды құрастыру; құқықтық қорытындылар, пікірлер беру; түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, халыққа құқықтық көмек көрсету;
ON7. Құқық бұзушылықтарды саралау; қылмыстарды және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; соттылықты анықтау; құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
ON8. Анықтауды жүргізу, жедел-іздестіру қызметін және тергеу әрекеттерін жүргізу; алдын ала тергеуді жүзеге асыру, қылмыстың фактілері мен мән-жайларын анықтау, күдіктілер мен айыпталушылардың процестік құқықтарын қамтамасыз ету;
ON9. Қылмыстарды ашудың және тергеудің техникалық-криминалистикалық құралдары мен әдістерін қолдану, автороведиялық, фототехникалық, трасологиялық, баллистикалық, фоноскопиялық және басқа да сараптама түрлерін жүргізу;
ON10. Лауазымдық міндеттер (әкімшілік, сот, прокурорлық, тергеу, нотариалдық) шегінде шешімдер қабылдау және іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
ON 11. Клиентпен келіссөз, сұхбат жүргізу, кеңестер, сот отырыстарын, жауап алу, беттестіру өткізу; заңи лексиканы, сот риторикасын, кәсіби шешендік өнер мен иландыру дағдыларын меңгеру;
ON12. Заңгердің Ар-намыс кодексін сақтау; заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету; құқықтану негіздері туралы білімді кәсіби ортада қолдану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген