Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B01401

Мамандығы:

Дене шынықтыру және спорт

Факультеті:

Медицина және денсаулық сақтау

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген программаны аяқтаған соң студенттерден күтілетін қабілеттер:
ON1. этикалық, рухани және мәдени құндылықтар туралы, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениеті, әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің негізгі заңдары мен формалары туралы ақпараттарды талдау және жинақтау; дене шынықтыру және спорт саласында, патриоттық тәрбиелеу үшін қатысушылардың жеке ерекшеліктері жайында алынған рухани құндылықтарды, девиантты мінез-құлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қажеттілік, тұрақты дене шынықтыру сабақтарында жинақталған білімді көрсете білу.
ON2. халықтың әр түрлі топтарының саналы түрде дене шынықтыру және спорттық іс-әрекеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру және мотивациялық құндылық бағдарлау және салауатты өмір салтын орнату үшін Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерін бағалау.
ON3. дене шынықтыру-спорттық саланың анатомия-морфологиялық, физиологиялық, биомеханикалық, психологиялық ерекшеліктерін және адамның жынысы мен жасын ескере отырып организмге әсер ету сипатын анықтау;
ON4. дене шынықтырумен шұғылданатын қатысушылардың және спортшылардың көпжылдық дайындық кезеңіндегі дайындығы мен жаттығу процесін бақылау және түзету, жоспарлаудың дағдысы мен білімін, дене шынықтыру және спорт әдістері мен тәсілдерін қолдану;
ON5. Ағзаның даму заңдылықтары, дидактиканың принциптері және дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі және білім беру стандарттарының талаптары негізінде айналысатын адамдардың организмнің даму ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіп, жаттығулар өткізеді.
ON6. әртүрлі жыныстағы, спорттық дәрежедегі адамдардың организміне әртүрлі қарқындылық пен бағыттағы дене жаттығуларының әсер ету ерекшелігін және сол алған білімді БЖСМ, мектептерде оқу-жаттықтыру сабақтарын жоспарлау кезінде және құрама командаларды жарысқа дайындау кезінде көрсете білу
ON7. әртүрлі жастағы және жыныстағы адамдармен жаттығу, сауықтыру және қалпына келу бағыттағы сабақтарды өткізу кезінде салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру үшін таңдаған спорт түріндегі әдістерді қолдану; таңдаған және базалық спорт түрлері бойынша жарысты ұйымдастыру және төрешілік жүргізу;
ON8. техникалық және тактикалық, дене қабілетін және функционалдық күйін бағалау, әдістер физикалық жаттығулар мен массаж орындау.
ON9. кәсіби сала процесі кезінде қауіпсіздік техника талаптарын қамтамасыз ету, гигиеналық және санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау, жарақаттанудың алдын алуды өткізу, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету
ON10. жаттығу процесінің, дене шынықтыру-спорттық ұйымдастыру саласы жоспарлауын іске асыру және әдістемелік қамтамасыз ету, тіркеу мен есепті өткізу,
ON11. сынақтан өткен әдістемелерді қолдана отырып дене шынықтыру және спорт саласының әртүрлі тиімділігін анықтау бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу; инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, сондай-ақ олардың нәтижелерін кең ғылыми қауымдастыққа жеткізу, шағын ұжымдардың жұмысына басшылық жасау
ON12. ақпаратты жинақтау мен талдау, инновациялық технологияларды енгізу, стандартты емес шешімдерді пайдалану арқылы спорттық, физикалық дайындықтар міндеттерін шешу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген