Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B04102

Мамандығы:

Менеджмент

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Қаржылық есепті және қаржылық болжауды талдау әдістері мен құралдарын қолдану; инвестициялық жобаларды бағалау; шығындарды есептеу және бөлу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және талдау; ұйымның қызметін бағалау үшін операциялық (өндірістік) қызметті жоспарлауды ұйымдастыру.
ON2 Түрлі ұйымдық-құқықтық формада және қызмет салаларында кәсіпорын қызметінің басталуы мен тіркеу процесін регламенттейтін нормативтік - құқықтық базаны, бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру принциптерін қолдану.

ON3 Ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іске асырудың, ынталандыру мен мотивацияның, жауапкершілікті бөлудің, міндеттерге сәйкес персоналды бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану.
ON4 Макроэкономикалық ортаның жағдайын, оның өзгеру серпінін, олардың мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға әсерін бағалау үшін салалық нарықтардың даму үрдістерін талдау.

ON 5 Басқару міндеттерін шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу.

ON6 Зерттелген әдістер мен құралдар негізінде ұйым қызметін бағалау үшін есептер жасау және ұсыныстар беру.

ON7 Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, жалақы қорын есептей отырып, штат кестесін жасау.

ON8 Жаңа ұйымдарды (қызмет бағыттарын, өнімдерді және т.б.) құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын жасау; ұйымның корпоративтік, бәсекелестік және функционалдық даму стратегиясын әзірлеу; бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру үшін саланың бәсекелестігіне талдау жүргізу.

ON9 Компанияның сыртқы экономикалық қызметінің мәмілелерін ұйымдастыру және орындау үшін шарт пен ілеспе құжаттарды әзірлеу.

ON10 Нарыққа іргелі және техникалық талдау жүргізу және тәуекелдерді бағалау негізінде компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру.

ON11 Қабылданған шешімдерді дәлелдеу және олардың салдарын түсіндіру, басқарушылық шешімдерді түсіндіру, кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, қызметкерлерді ынталандыру және қызықтыру; іскерлік коммуникацияларды жүзеге асырудың ұтымды әдістері мен құралдарын қолдану.

ON12 Өзін-өзі дамытудың траекториясын анықтау үшін өз дайындығының деңгейін сыни бағалау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген