Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07105

Мамандығы:

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Жоғары білім алуға негізделген математика, физика, химия және информатика салаларындағы білімін және түсінігін көрсете білу;
2.Инженерия және материалтану бойынша негізгі арнайы білімді меңгеру;
3.Материалтанудағы және материалтанудың математика, техника, физика, химиямен өзара байланысын жасай алу;

4. Машиналар, жабдықтар және технологиялық процестердің қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін түсіну және тұрақты даму қажеттілігін ұғыну.

5. Қоғамдық және этикалық жауапкершілікті сезіну, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстардың кәсіби-этикалық қағидалары мен нормаларын мойындау;

6. Өмір бойы оқуға, басқа ұлт және басқа жыныс өкілдерімен жеке және топтық жұмысқа қабілетті болу;

7. Кәсіби мамандарға, сондай-ақ кәсіби емес мамандарға ақпараттар, идеялар, мәселелер мен шешімдерді дайындау және ұсыну;

8. Материалтану және инженериядағы білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану, материалтану мен технология салаларындағы ғылыми-өндірістік қызметтің стандартты тапсырмаларын шешу;

9. Әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және этикалық көз-қарастарды ескере отырып, ой-пікірлерді әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырымдық және өндірістік-технологиялық қызметтегі ақпараттарды жинау және түсіндіру;

10. Инженерия мен материалтану салаларындағы өндірістік және құрастырымдық қызметтің стандартты міндеттерін шешу;

11. Жобалық-құрастырымдық құжаттамаларды әзірлеуге, технологиялық жабдықтарды, бөлшектерді, машиналар мен құралдарды жобалауға, технологиялық және құрастырымдық процесті бақылауға және автоматтандыруға дағдысы болу;

12. Инновациялық инженерлік-техникалық мәселелер мен міндеттерді анықтау, талдау, тұжырымдау және өздігінен тапқан арнайы әдібиеттер көмегімен шешу, өзекті мәселелерді және шығармашылық міндеттерді шешу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген