Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03204

Мамандығы:

Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін докторанттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1 архивтерді құжаттармен толықтыру және құжат құндылығына сараптама жасау саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді іске асыру, құжаттық ақпаратты сипаттау және классификация жасау, сипаттамасын және жіктелуі саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; ғылыми зерттеулерді дамыту және басқару, архив ісі, құжаттану, кітапханатану, деректану, автоматтандырылған архивтік технологиялар саласындағы заманауи зерттеулер негізінде өз қызметінің шеңберінде архив ісінің түрлері мен әдістерін жетілдіру.
ON2 сараптамалық қызметті бейіндік бағыттар бойынша жүргізу: құжаттарды техникалық сараптамадан өткізу, зияткерлік меншікке сараптамалық баға беру, құжаттардың құндылығын бағалау.
ON3 құжаттамамен қамтамасыз етуді басқару және архив ісі саласында салалық және салааралық жобаларды дайындау, нормативтік-әдістемелік, ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру.
ON4 салалық және салааралық сипаттағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз етуді басқару (ҚҚБ) саласында; меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығынан тәуелсіз ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық зерттеу және жетілдіру, құжаттарды біріздендіру және стандарттау, құжаттармен жұмыс жасау әдістемесі саласындажұмыс жасау.
ON5 қоғамды ақпараттандыружағдайында архив ісінің тұжырымдамаларын және оны дамытудың болжамдарын, қағаз тасымалдағыштардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуде нормативтік-әдістемелік құжаттарды зерттеу, архив ісінің экономикасы және архивтерде еңбекті ғылыми ұйымдастыру саласында заманауи техникалық құралдарға негізделген жаңа автоматтандырылған архив технологияларын зерттеу және енгізу.
ON6 мемлекеттік органдарда құжатты басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құжат қалыптастыру және құжат айналымы көлемін ұлғайту үдерісінің мониторингіне қатысу.
ON7 ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру және оларды коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
ON8 оқу және ғылыми-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламалар мен дидактикалық материалдарды, соның ішінде электронды түрде дайындау және жариялау, құжаттану және архив ісі проблемалары бойынша шетелдік әдебиеттерді аудару.
ON9саланы ақпараттандыру, қағаз тасымалдағыштардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, архив ісінің экономикасы саласында ғылыми зерттеулерді дамыту.
ON10 архив мекемелерінің қызметі туралы аналитикалық шолуларды, архив саласының басым бағыттарын ескере отырып, архив технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралдарын дайындау.
ON11архивтерде электрондық құжаттарды басқарудың әдістемелік және технологиялық аспектілерін әзірлеу, цифрлық мәліметтер базасын және архив саласының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрастыру.
ON12архивтану мен құжаттанудың қазақстандық тәжірибесін халықаралық, ұлттық, аймақтық және жергілікті шеңберде түсіндіру, Thomson-Reuters немесе Scopus халықаралық деректер қорының рейтингтік журналдарында, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда талқылау үшін ғылыми нәтижелерді ұсыну.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген