Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07201

Мамандығы:

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Дәрілік заттарды, препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу үшін қажетті іргелі теориялық білімді меңгеру.
2. Халықаралық талаптарға сәйкес қолданыстағы дәрілік препараттардың негізгі топтары туралы, дәрілік нысандары, оларды өндіру технологиялары туралы түсінік қалыптастыру.
3. Дәрілік субстанцияларды, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік сериялардың қосалқы заттары мен препараттарын дайындау мен өндірудің технологиялық процестерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау шарттарын ұйымдастыру және басқару қабілетін көрсету.
4. Жабдықтарды, технологиялық желілерді, қондырғыларды есептеу және іріктеу, дәрілік заттар мен препараттар өндірісінің технологиялық процесін постадийлік және түпкілікті бақылау жүргізу.
5. Халықаралық стандарттарға және менеджмент және маркетинг жүйесінің ішкі құжаттарына сәйкес дәрілік препараттар, олардың субстанциялары, қосалқы заттар сапасының көрсеткіштерін анықтау және оларға нормативтік құжаттарды әзірлеу.
6. Аппаратуралық жабдықтарды, дәрілік заттар мен препараттарды өндіру технологияларын, олардың сапасын бақылаудың талдамалық әдістемелерін валидациялау және тиісті есептерді дайындау.
7. Технологиялық процестерді кіріс және шығыс бақылауды қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттардың қолданыстағы және қосалқы заттарын сәйкестендіруді жүзеге асыру.
8. Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды өндіру технологиясына, оларды стандарттау мен сапасын бақылауға озық инновацияларды қолдану.
9. Дәрілік препаратқа оны өндірудің, фармацевтикалық әзірлеудің технологиялық нұсқаулығы, уақытша талдамалық нормативтік құжат, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық, буып-түю және таңбалау жобалары, жарамдылық мерзімі мен сақтау режимін растау үшін оның тұрақтылығы жөніндегі деректер түріндегі негізгі нормативтік құжаттаманы әзірлеу.
10. Биологиялық қолжетімді, қауіпсіз және организм үшін тиімді дәрілік препараттарды өндіруге, оларды тіркеуге, сатуға және фармацевтикалық қадағалауға нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттарды қолдану.
11. Мемлекеттік регламенттеу талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен препараттарды өндіруге, сапасын бақылауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қатысты кәсіби міндеттерді оңтайлы шешу мақсатында әр түрлі көздерден алынған ақпаратты іздеуді, іріктеуді және талдауды жүргізу.
12. Қолданыстағы белгіленген заңнама шегінде дәрілік заттарды айналымға салуға байланысты рәсімдер туралы аудиторияны кәсіби және кәсіби емес даярлықпен дәлелді түрде хабардар ету.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген