Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B06201

Мамандығы:

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1.Сигналдарды сандық өңдеуге арналған радиотехникалық схемаларда, байланыс жүйелерінде, электрондық және өлшеу техникаларында және құрылғыларында болатын негізгі физикалық процестерді, математикалық аппараттарды түсіндіру;
ON2.Аналогтық және сандық сигналдарды өңдеу кезінде жартылай өткізгіш аспаптар мен жабдықтарда, микропроцессорлық техникада болатын процестерді талдау;
ON3. Мобильді байланыс, талшықты-оптикалық байланыс жүйелері, спутниктік байланыс жүйелері, кеңжолақты байланыс жүйелері, ғаламдық және жергілікті желілер және абоненттік қатынау желілері сияқты қазіргі заманғы ақпарат жіберу жүйелерін ұйымдастыру принциптерін сипаттау;
ON4. Радиотехника және электрониканың практикалық есептерін шешу үшін аналогты және сандық электрониканың электрондық сұлбаларын есептеу әдістерін қолдану;
ON5. Электрондық және өлшеу техникасын қолдана отырып өлшеу жүргізу үшін әдістерді қолдану, олардың нәтижелерін түсіндіру және қорытынды жасау;
ON6. Телекоммуникациялық байланыс жүйелерін құру үшін электроника, телекоммуникация, байланыс және сигналдарды өңдеу құрылғыларының құрылымын жүйелеу;
ON7. Сигналдарды өңдеу және мониторинг пен басқарудың зияткерлік жүйелерін ұйымдастыру үшін логикалық интегралды схемаларды, микроконтроллерлерді және микропроцессорларды бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
ON8. Телекоммуникациялық жүйелер мен деректерді жіберу желілерін жіктеу, оларды рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау тәсілдерін талдау;
ON9. Деректердің сапасы мен бүтіндігін бағалау үшін радиотехникалық құралдардың көмегімен ақпаратты өңдеу мен деректерді талдаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
ON10. Әртүрлі функционалдық мақсаттағы электронды құрылғылар мен схемаларды, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді жүйелеу және олардың жұмыс қабілеттілігін бағалау;
ON11. Электрондық жабдықтарды, есептеу техникасын және телекоммуникациялық құрылғыларды бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және қызмет көрсету;
ON12. Командада тиімді жұмыс істеу үшін әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды қолдану, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби өсуге бағытталған шешімдерді одан әрі қабылдау үшін кәсіби мақсаттар мен міндеттерді қою жүйелі ойлау қабілеті болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген