Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім ережесі

«БЕКІТЕМІН»

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі

проректоры Ш.Е. Жаманбалаева

_______________________

«________»__________2010 ж.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім туралы

ЕРЕЖЕ

ҚАЗҰУ Е-06 - 1

Көшірме

Код

Басылым

Әзірлеген

Келісілді

Келісілді

ҚАЗҰУ Е-06-1

Үшінші

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім

бастығы

Әкімшілік департаментінің директоры

Сейітжанов Ә.Ә.

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры

Сәрсенбекова Г.Ә.

Сапа менеджмент және ақпараттық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің бастығы

Минажева Г.С.

Заң бөлімінің бастығы

Түменбаев С.Ә.

Кадрлық жұмыс жөніндегі бөлім бастығы

Жақсылықов А.

Қаржы-экономикалық жұмыс жөніндегі департамент директоры

Молдабаева А.С.

Алматы, 2010 ж.

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады және университет ректорының, департамент директорының тікелей басшылығымен жұмыс істейді. Қазақтан Республикасының заңдарына, ректордың бұйрық, жарлықтарын және университеттің Жарғысы мен басқа да нормативті құжаттарын, ПРО ҚазҰУ 401-08, ПРО ҚазҰУ 402-08, ПРО ҚазҰУ 406-08, ПРО ҚазҰУ 604-08, ПРО ҚазҰУ 802-08, ПРО ҚазҰУ 803-08 процедураларының орындалуын қамтамасыз етеді.

II. НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕР

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім негізгі қызметтері:

2.1. Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру, жеке адамның үйлесімді дамуына, бос уақытты тиімдіпайдалануға ықпал ету;

2.2. Студенттердің мәдени ой-өрісін кеңейту, олардың эстетикалық талғамдары мен моральдық қасиеттерін қалыптасыру,

2.3. Университет студенттері өздерінің жеке қаблеттіліктері мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау;

2.4. Қызметкерлер мен студенттердің кешенді медициналық тексерісті ұйымдастыру және өткізу;

2.5 Әлеуметтік жағдайы төмен ардагерлер, қызметкерлер мен студенттерге әлеуметтік жағынан кеңес беру;

2.6 Республикалық қан қую орталығымен бірлесе отырып «Донор күнін» ұйымдастыру және өткізу;

III. ОРГАНИЗАЦИОННАЯ СТРУКТУРА

3.1. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім төрт штаттық бірліктен: бөлім бастығы, екі жетекші маман, бір маманнан тұрады.

IV. ҚЫЗМЕТТЕРІ

Бөлімнің негізгі қызметтері:

4.1 Университеттің мәдени-көпшілік, мерекелік шаралардың жоспарын жасау, орындалуын қадағалау;

4.2 Университет факультеттері мен құрылымдық бөлімдермен тығыз байланыста жұмысын ұйымдастыру;

4.3 Студенттердің бос уақытта қызығушылық пен сұраныстарын зерттеу;

4.4 Соғыс және енбек ардагерлеріне құрмет көрсету факульттер мен жатақханларда белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен кездесулер, дөңгеле үстелдер, тематикалық және творчестволық кештерді ұйымдастыру, өткізу;

4.5 Жоғары және басқа да мекемелерге тәрбие және әлеуметтік жұмыс бойынша жауаптар дайындап жіберу;

4.6 Университет студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру, қызметкерлерді мен мәдени-көпшілік шараларға қатыстыру;

4.7 Университет қызметкерлері мен студенттердің флюорографиялық тексерістен өтуін қадағалау;

4.8 Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайы төмен категорияға жататын қызметкерлер мен студенттердің банктік мәліметтерін жаңарту және толықтыру (соғыс ардагерлері, ҚазҰУ-дың құрметті ардагері, ауған соғысының ардагерлері, чернобыль АЭС және жетім, мүмкіншіліктері шектеулі студенттер т.б.);

4.9 Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен қызметкерлердің банктік мәліметтерін жаңартып құжаттарын Бостандық әкімшілігіне тапсыру;

4.10 Тәртіп бұзушылардың алдын алу шараларын өткізу.

V. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

5.1. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің құқықтары:

- университеттің ұйымдастыру жұмыстарын жақсартуға ұсыныстар енгізу;

- Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жыл сайынғы төленілетін еңбек демалысына;

- университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау және шешу;

- мәдени-көпшілік және ұйымдастыру шараларын қаржымен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

- республикалық, қалалық, аудандық фестиваль, байқаулар, семинарлар, конференциялар және т.б. шараларға атсалысу;

- Қазақстан Республикасы заңдарына және университет Жағысына қайшы келмейтін басқа да құқықтарға сәйкес университеттің ғылыми кітапханасының қорын мүмкіндігінше пайдалану;

5.2. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімінің міндеттері:

- университетте тәрбие жұмысы мен әлеуметтік қорғауда мемлекеттік саясатты іске асыру;

- Білім министрлігі, Алматы қаласының, Бостандық ауданының әкімшіліктері және басқа да мекемелерге есеп үшін тәрбие және әлеуметтік жұмысы бойынша есептік сұрақтармен қамтамасыз ету;

- университетте тәрбие жұмысы мен әлеуметтік ортаны жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

- Координациялық кеңес отырысына салауатты өмір салты бойынша құжаттар дайындау.

VI. ЖАУАПКЕРШІЛІК

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі қызметкерлерінің жауапкершілігі:

6.1. Қойылған міндеттерді сапалы және өз уақытында орындау;

6.2. Еңбек тәртібін, техника қауіпсіздігін және өрттен сақтану ережелерін бұзбау;

6.3. Өндірістік мақсата қолданылатын немесе сақтауға алынған мүліктерді сақтау.

VII. ТАРАТУ

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімін тарату Ғылыми кеңестің шешімі негізінде универитеттің ректорының бұйрығымен жүзеге асырылды.