Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысының бағдарламасы

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-дың

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

КІРІСПЕ

1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2. НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

3. МІНДЕТТЕРІ

4. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ МОДЕЛІ

5. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-дың ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

6. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-дағы ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚУДАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ҰСТАНЫМДАРЫ

7. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ

7.1. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі

7.2. Студенттерді қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарғаны үшін ынталандыру жүйесі

7.3. Студенттердің аудиториядан тыс тілдік даярлығын күшейту

7.4. Студенттік кеңсе арқылы студенттердің бос уақытын ұйымдастыру

7.5. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру

7.6. Студенттерге құқықтық тәрбие беру

7.7. Ерікті қозғалыс қалыптастыру

7.8. Эдвайзерлердің тәрбие жұмысынан ат салысуы

7.9. Бүкіл студенттер контингентінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, мүдделерін қарастыру

8. ӘЛ-ФАРБИ атындағы ҚАЗҰУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОРПОРАТИВТІК РУХЫН АРТТЫРУ

9. ТҰЖЫРЫМДАМА ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

НӘТИЖЕЛЕРІ

КІРІСПЕ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық әрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің қажетті органикалық құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысы негізгі факторлары біріншіден, жоғары оқу орнының өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден ғылым және оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.

Университеттің міндеті білім мазмұнын құрайтын жоғары кәсіби-гуманитарлық сапаны қамтамасыз ете отырып, жоғары кәсіби мәдениетті маман тұлға қалыптастыру. Осы бағыттағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мақсаты - қазақстандық элита құрамына кіруге қабілетті, жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу, сонымен қатар белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман дарялау.

Тұжырымдамада студенттермен тәрбие жұмысын жүргізудің кешенді мәселелері сараланып, оларға тәрбие берудің негізгі мақсаты мен міндеті және студенттердің білім алуы барысында тәрбие үдерісін жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар мен осы жұмыстарды жетілдірудің жолдары анықталды.

І. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

  • Азаматтық-патриотттық.
  • Құқықтық: жастар ортасындағы құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу;
  • Дене тәрбиесі: спорттың көп түрінің дамуы, әуесқойлық спорттық жарыстарға қатысу, студенттерді бос уақыттарында спортқа ұйымдастыру;
  • Мәдени және шығармашылық: студенттің көркем үйірмелерге, эстетикалық талғамын қалыптастыруын, өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерді дамыту;
  • Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестіктердің түсіндіру ұстанымы, студенттердің волонтерлік қозғалысының дамуы және қалыптасуы;

II. НЕГІЗГІ БАСЫМДЫЛЫҚТАР

Университетте кешенді тәрбие жұмысы іске асуда, оның басты мақсаты - студенттердің белсенділігі.

Тәрбие жұмысының басты мақсатына жетуге келесі негізгі басымдылықтарды бағыттаймыз:

  • 1. Оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту
  • 2. Студенттің өзін-өзі басқару әрекетін кеңейту
  • 3. Студенттердің аудиториядан тыс тілдік дайындығын нығайту
  • 4. Студенттік кеңсенің көмегімен студенттердің бос уақытын ұйымдастыру
  • 5. Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетінің белсенділігі
  • 6. Студенттердің құқықтық тәрбиесі
  • 7. Ерікті қозғалыстың қозғалыстың қалыптасуы
  • 8. Университеттің жағымды бейнесі және бірлескен рухани студенттер ортасының қалыптасуы.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР

Тәрбие жұмысының мақсаты студенттердің әлеуметтік маңызды және кәсіби сапасын, рұқсат етілетін жетекші орындарды иеленетін мәдени ортаның алдыңғы қатарлыларын қалыптастырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәрбие жұмысы

Кәсіби тәрбие

Адамгершілікті-рухани және мәдени эстетикалық тәрбие воспитание

Азаматтық-патриоттық тәрбие

Дене тәрбиесі, өмірде денсаулық сақтау бейнесін насихаттау

Экологиялық тәрбие

Студенттердің ғылыми-зерттеулері жөніндегі бөлім

Гуманитарлық кафедралар, өз күшімен ұйымдастырылған көркем өнер үйірмелері

кружки дожественной самодеятельности

Гуманитарлы және әскери кафедралар, студенттер кәсіподағы, студенттің өзін-өзі бақаруы

Спорттық секциялар, дене тәрбиесі кафедрасы

Студенттің өзін-өзі басқаруы, ӨСҚ кафедрасы,

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор,

Тәрбие жұмысы жне тілдерді дамыту департаменті

Сурет 1 - Тәрбие үдерісінің орындалу үлгісі

III. МІНДЕТТЕР

- ҚазҰУ студентінің рухын көтеру;

- студенттерді қоғамдық қызметтерге деген белсенділігін көтеру және ынталандыру;

- студенттердің жемқорлыққа деген жағымсыз көз қарастарын қалыптасытыру;

- ҚазҰУ студенттерін қоғамдық әрекеттерге тарту;

- сапалы білім алу идеясын насихаттау, студенттердің діни және саяси бірлестіктерге қатысуына көңіл бөлу;

- Қазақстанның тағдырына жауапкершілікті тұлғаны, белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру;

- ұтқырлықты, бәсекеге қабілетті, құндылыққа бағытталған көзқарасты, шығармашылық белсенділігін дамыту;

- өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

- салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарасты, физикалық және рухани біліктілік пен дағдыны өздігінен жетілдіру, қалыптастыру;

- ұлт аралық және әлеумет аралық тәжірибелік қатынастарды қалыптастыру, келеңсіз жағдайларды ескерту;

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қоғамдастығының қатарына жататындығы мақтаныш, қоғамдық бірлестік сезімін қалыптастыру.

IV. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы қазақ ұлттық университеті студентінің үлгісі

Студенттер - ұтқыр әлеуметтік топ, өзінің ұлттық және әлеуметтік құрлымымен ерекшеленеді, жасына қарай, сонымен бірге сол уақытқа тән ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мәртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Әлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда, жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.

Студенттердің әлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:

1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, әлеуметтік-мәдени әрекеттердің әртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;

2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтыңы - елдердегі жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;

3) студенттерді оқуға келгеннен бастап әлеуметтік-мәдени әрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның әлеуметтікмәдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің тәрбие жұмысының үлгісі (негізгі шамалары)

Кәсіби дайындық бағыты бойынша терең білушілік және дағды, іргелі гуманитарлы пәндер салаларындағы білім

Дүниетанымдық ұстаным, адамгершілік мақсаттар, гуманистік құндылықтар, гуманистік ғибраттардағы жалпы адамгершілікті қағидалар

Конституцияға,мемлекеттік рәміздерге және заңдарға деген құрмет, әлеуметтік жауапкершілік азаматтық ерлік, ішкі еркіндігі және өзінің адамгершілігін сезіну, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігі

Өмір талаптарының өзгеруіне бейімделу, әлеуметтік-саяси жағдайларды бағдарлау

Тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы жоғарғы әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік-экономикалық бәсекелестік, кәсіби және әлеуметтік ұтқырлық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң түлегінің үлгісі тұлғаны қалыптастыруды ойына алу: әлеуметтік-әрекет жасаушы; жоғарғы мәдени деңгейі бар ойша талдау, шығармашыл, өзін-өзі дамытатын, этикалық нормаларды меңгеру, азаматтық белсенділік.

V. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ МАЗМҰН МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Тәрбие жұмысы аудиториядан тыс жағдаймен ғана шектелмеуі қажет. Тақырыптар тәртібіне патриоттық тәрбиеге, студенттердің азаматтық мәдениетін көтеретін, әлеуметтік-гуманитарлық циклдарға арналған тақырыптарды міндетті түрде қосу қажет.

Студенттерді жаңа қоғамдағы өмірге дайындау, Қазақстандағы қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ кәсібіне үйрету, патриоттық сапасын қалыптастыру - бұл міндет, оқу үдерісінің деңгейінде шешілуі қажет. Бірінші орында, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп (ӘГТ) циклін оқыту. Әлеуметтік-гуманитарлық тәртібінің қызметі педагогика, психология кафедралары, саясаттану және тарих факультеттерінде жүзеге асады.

Педагогика кафедрасы - арнайы курстарды ашу мүмкіндігін қарастыру, студенттердің жоғары оқу орындарындағы ортаға үйренуіне көмектесу, мәдени ортада және этикалық қылықтардың (мысалы, «студент және жаңа қоғам») дұрыс қалыптасуын береді.

Психология кафедрасы жалпы «Психология» курсын беру әдістемесін реттеу мүмкіндігін қарастырады, немесе «тұлғалық өсу» арнайы тренингін өңдейді, ол жаңаша бәсекелестерге қарсы тұратын элиталық оқу орындарының түлегінің үлгісінің қалыптасуына бағытталған.

Саясаттанау кафедрасы жалпы «Саясаттану» курсына кіретін жұмыс лекциялық бағдарламалардың тақырыбына патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізуге арналуы тиіс.

Қазақ тілі кафедрасы жалпы қазақ тілін үйрету курстарының қорытынды бақылау жұмысы ретінде «Мен Қазақстан патриотымын» деген шығарма жазуды енгізу мүмкіндігін қарастыру. Осы түпнұсқалық қорытынды бақылау орыс тілін үйренуде қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, тарих факультеті «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы: дәстүрі және өркендеуі» арнайы өңдеу курсының мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Бұл және басқа да элективті курстардың бағыты студенттердің мынадай қабілетін, әлеуметтік және кәсіби шапшаңдығы сияқты, толеранттылығын, өмірлік тағдырдың жеке жауапкершілігін, өз-өзін кәсіби дамытуына, бәсекелестік қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

Тәрбиелік жұмыстардың нәтижесін жоғарылатудағы маңызды іс студенттердің интелектуалды жұмыстарды дамытуда ғылыми зерттеулерге қызығушылығын күшейту, студенттерді терең кәсіби дайындау болып табылады.

Университеттердегі оқу жұмысында тәрбиелеу аспектісін оңтайландыру мақсатында мына шарттар орындалуы тиіс:

  • 1) Дайындықты және педагогикалық ұжымға бағытталған ұйымдастыруларды, тәрбие жұмыстарын оқыту кезінде жүргізу.
  • 2) Әлеуметтік-педагогикалық кіріктірілген орта, студенттер мен оқытушы арасындағы түсініспеушілікті жеңу.
  • 3) Нормативтік-құқықтық, педагогика кафедрасының тәрбие жұмысын әдістемелі-ұйымдастырылған жүйемен қамтамасыз ету.
  • 4) Жеке тәрбие беретін шараларды өткізуде университеттегі гуманитарлы педагогикалық ортаны жүйелі түрде қалыптастыру жоғарғы оқу орнының жаңа өмірге қадам басуы.
  • 5) Жүйелі түрде қызығушылығын білу сұраныстары, студенттердің және оқытушылардың бағытын бағалау, оқу үрдісінде тәрбиелік жұмыстардың негізгі жоспары болып табылады.
  • 6) Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда студенттердің болашақ мамандығына қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуына кең мүмкіндік беру.
  • 7) Тәрбиелік әлеуеттің базалық тәртібінің қолданылуы, элективті курстар, түрлі формадағы оқу жұмыстарының азаматтықты қаыптастыруы,студенттерді тек оқыту субъектісіне айналдыру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қайраткер ретінде қалыптастыру.

Студенттер мен оқытушылардың рухани және материалдық жүйесін қалыптастыруда, оқу үрдіснде тәрбие жұмысын іске асыруды ынталандыру

VI. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ОҚУДАН ТЫС ІСКЕ АСАТЫН ҰСТАНЫМДАРЫ

Оқудан тыс тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттар

1. Азаматтық және әлеуметтік ұстанымдар белсенділігінің қалыптасуы:

- университеттік, қалалық, республикалық шаралар, акциялар, қозғалыстар, гуманистік, әлеуметтік және моральдық-психологиялық бағыттарға қатысу;

- жастар Комитетінің ұйымдастыруымен өтетін патриоттық сипаттағы шараларға қатысу;

- студенттер арасынан және оқытушылар құрамынан этникалық және ұлт аралық келісімді сақтау үшін шаралардың өткізілуі;

- конференция, семинар, тақырыптық кештер, елдегі ұмытылмас оқиғаларды өткізу;

- студенттердің саяси мәселелерге қатысу жөнінде әңгімелер, пікір-сайыстар, «дөңгелек үстелдер»;

- оқу тәрнтібін бақылау, жатақхана тәртібін сақтау.

2. Моральдық-психологиялық тәрбие және адамгершілік:

- этикалық тақырыптардағы кештерде сұрақтар мен жауаптарға қатысу;

- кәсіби негіздегі және этикалық мәндегі лекцияларды тыңдау.

3. Таңдалған мамандыққа тәрбиенің саналы қатынасы:

- байқауларға, курстық жұмыстарға, студенттік конференциялар мен семинарларға қатысу;

- кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, кездесу;

- қарапайым дидактикалық құралдарды, ғылыми рефераттық шолу мәселелерін дайындау;

- университетті жабдықтауға арналған сенбіліктерге қатысу.

4. Эстетикалық тәрбие:

- эстетикалық бағыттағы клуб жұмысына қатысу;

- демалыс кешін ұйымдастыру;

- жазушылар мен өнер қайраткерлерімен кездесу;

- студенттердің шығармашылығы және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнері.

5. Дене тәрбиесі:

- бөлімдерде дене дайындығын жетілдіру, жарыстарға қатысу;

- топпен жұмыста денсаулық сақтауды насихаттау;

- спорттық дене тәрбиесіндегі шараларды ұжыммен өткізуді ұйымдастыру.

Тәрбие үдерісін жүзеге асырушылар және бағыт

БАҒЫТ

ЖҮЗЕГЕ АСРУШЫ ЖАУАПТЫЛАР, ҚҰРЛЫМДАР

1. Ұйымдастырушы жұмыс

Тілдерді дамыту және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент, жастарды ұйымдастыру Комитеті, тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары

2. Ақпараттық жұмыс

Баспасөз-қызметі, «Қазақ университеті» газеті

3. Әдістемелік жұмыс

Педагогика және психология кафедрасы, кітапхана.

4. Азаматтық-құқықтық және патриоттық тәрбие жұмысы

Тілдерді дамыту және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент, заң кафедрасы, әскери кафедра, тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары

5. Денсаулық сақтау жұмыстарын қалыптастыру.

Дене тәрбиесі кафедрасы, «Өмір сүру қауіпсіздігі» орталығы, спорттық клуб, тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, кураторлар.

6. Рухани-құндылық жұмыстарын қалыптастыру жұмыстары. Клуб жұмыстары. Дәстүрлі шараларды өткізуді ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, факультеттер, кураторлар, клубтар, жастарды ұйымдастыру Комитеті.

7. Психологиялық жабдықталған орта жұмыстарын қалыптастыру

Кафедралар, ОӘЖ.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарында тәрбие жұмысы үдерісінде қиынықтар туындауда. Университет ішінде болашақ мамандардың рухани-адамгершілік бейнесіне байланысты қарама-қайшылықтар мен даулар жиі кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей, студенттердің ұстанымдарының ескерілуінсіз бұл қарама-қайшылықтың негізгі қайнар көздеріне кейде беделді басшылық қатысады, еңбек және оқу үдерістерін ұйымдардың жетіспеушілігі, оқыту әдістері мен формаларының сәйкессіздігі, оқу жоспарларының уақыт талабына сай болуы; академиялық мәдениет деңгейінің қанағаттанғысыз, қызметтік міндеттерінің айқын орындалмауы, жеке мінез-құлықтарының сәйкессіздігі, әсіресе жас оқытушылардың кәсіби этикалық нормаларының, еңбек тәртібін бұзушылық, студенттерге деген талаптың төмендігі, алған білімдеріне көңіл қоймау.

Оқу-тәрбие үдерісінің негізгі мақсаты мен міндеті жоғарғы білімді адамдарды және білікті мамандарды дайындаумен байланысты, кәсіби өсуге қабілетті және кәсіби әрекет жасауға дайын ақпараттық жағдайдағы қоғам және жаңа ғылыми технологияларды дамыту. Қазақстандық қоғамға, бүгінгі күні жұмыс берушілерге білікті, өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, үздік сапалы, алғыр ойлы, халықаралық ынтымақтастыққа дайын жастар қажет.

Тәрбиелі ортаны құру студентердің, оқытушылардың, көмекші қызметкерлердің күнделікті өмірдегі әлеуметтік мәдени қатынаста ұйымдастырудан басталады: бұл бөлме ішін және аймағын эстетикаға сай рәсімдеу, тұрмыстық және мінез-құлық эстетикасы, тұлғааралық қатынастың жоғарғы мәдениеті, университет дәстүрі. Барлығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қайталанбас бейнесін қалыптастырады.

Әлеуметтік мәдениет мазмұны: университет бірлестігінің рухын дамыту және нығайту, «біз» сезімі, әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету, көмек көрсету; салт жораларды, мерекелерді ұйымдастыру және өткізу; символды және атрибутты мәндерді әдетке айналдыру, ұлттық университеттің элиталы рухын ынталандыру; шаралар өткізу, әртүрлі мамандықтағы студенттердің қарым-қатынасын нығайту, студенттер мен оқытушылардың қатынасы.

VII. ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ

ҮІІ ЖҮЗЕГЕ АСУ ТЕТІГІ

•7.1 Студенттің өзін-өзі басқару жүйесі

Қазақстан демократиялы қоғам үлгісін таңдады. Өз елінің жағдайын шешуге азаматтардың белсенді қатысуы демократияның бір белгісі болып табылады. Бұл негізгі көкейкесті жағдай белсенді әлеуметтік топ - жастарға қатысты. Мемлекет болашағы, халықтың элиталы басқаруы мен парасаты тәрбиемен тікелей байланысты екені күмәнсіз.

Өзін-өзі басқару

Жастарды ұйымдастыру Комитетінің жұмыстарында жүзеге асады (ЖҰК) студенттік өмірдің жалпы мәселелерін шешуге жағдай жасау мақсатымен студенттердің белсенді қатысуы. ЖҰК ынта және өз әрекетінің қабілетін дамыту, ұйымдастыру ептілігі. Оқумен, әлеуметтік мәдени және ғылыми әрекеттер, студенттердің қоғамға пайдалы еңбектеріне байланысты сұрақтарды шешумен айналысады.

Әріптестік араласу

Белсенді студенттер жоғарғы оқу орнына серіктес ретінде жетекшілік етеді. Кеңес жетекшісі болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып табылады, оның орынбасары болып ЖҰК төрағасы және де Кеңес мүшелеріне барлық факультеттің белсенді студенттер өкілдері кіреді.

Студенттің өзін-өзі басқару әрекетінің кеңейуі

Студенттің өзін-өзі басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістері.

1. ҚазҰУ жаңа жастар ұйымының құрылымын әзірлеу.

2. Сенат құрамымен комиссияны тағайындау: оқу жұмысы жөнінде, әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарды, студенттердің ғылыми жұмыстарын, көлемді мәдени жұмыстарды. Студенттердің өзін-өзі басқару әрекетінің басты идеясы олардың өкілеттілігін барынша кеңейту болып табылады. Студенттердің өзін-өзі басқару қызметін бақылау комиссиясын тағайындау.

3. Студенттік Сенаттың күшімен орыс, қазақ, қытай тілдеріндегі тегін тілдік курстарды ұйымдастыру қажет.

•7.2 Қоғамдық әрекеттерде студенттердің белсенділік жүйесін көтеру

Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға белсенділік танытуда. Жастарды ұйымдастыру Комитеті университет факультеттерінде және жатақханадағы көптеген іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар университетте Қазақстанды халықаралық деңгейге көтеріп жүрген атақты спорт шеберлері болып табылатын студенттер оқиды. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді азаматтық ұстаныммен қатысуда моральды және материалдық мадақтауды талап етеді, соған байланысты:

1. мейлінше белсенді студенттерге оқуда икемді жеңілдіктер жүйесін жасау ( мысалы, спорттық жарыстарда жүлделі орындар, республикалық және облыстық деңгейдегі шығармашылық байқаулар);

2. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректордың шәкіртақысын ғылыми қызметте жетістікке жеткен, дарынды студенттерге беруді ұйымдастыру;

3. студенттік ортадағы үздік жетістікке жеткен студенттерді насихаттау

•7.3 Студенттердің аудиториядан тыс тілдік дайындықтарын нығайту

Еңбек нарығындағы қатаң бәсеке жағдайында мамандарды дайындаудың сапа туралы мәселе өзекті болады. Біздің университет элиталы жоғарғы оқу орындарының үш тілді білетін (қазақ, орыс, шет тілдерін) түлекті дайындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие.

Жоспар бойынша тілдерді дамыту бағдарламаларын әзірлеуде мамандарды дайындауға ағылшын, француз, неміс, орыс, қазақ тілдер клубы құрылды.

Бұл клубтың басты мақсаты - тілдік тәжірибе және тілдік дайындықпен қамтамасыз ету. Тілдер клубының басты ұйымдастырушысы мен талапшысы тілдерді дамыту бөлімі болып табылады, бұл міндет университеттің барлық тіл кафедраларына бірдей қатысты. Тіл клубының отырысы айына кем деген де үш рет болады.

•7.4 Студенттік Кеңсенің әдістерімен студенттердің бос уақытын ұйымдастыру

Студенттік кеңсе - студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін және бос уақытта спорттық және мәдени әрекеттермен қамтамасыз етуін, студенттерге әлеуметтік-психологиялық және техникалық қолдау көрсету.

Студенттік Кеңсенің күшімен жастарды ұйымдастыру Комитетінің кубыгына Студенттік спартакиадалар ұйымдастырылады жіне өткізіледі.

Студенттік кеңсенің шеңберінде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс істейді. Қазір студенттерге арналған лидерлік сапа бағытындағы тұлғалық өсу және дамыту психологиялық тренингтері өткізіледі.

Жаңа «Озат ой»пікір-сайыс клубы ашылды. Бұл клубтың отырысында әртүрлі факультеттің студенттері қазіргі өзекті мәселелерді талқылайды. «Озат ой» клубының міндеті белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ашық пікір-сайыс алаңын құру, әртүрлі көзқарастағы пікірлер айтылады

•7.5 Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін қарқындату

Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің белсенділік механизмінің бірі болып студенттерге ғылыми гранттарды ұсыну бойынша түсіндіру әрекеті саналады. Көп жағдайда студенттер ғылыми жобаға қалай кірісу керектігін және ғылыми грантты алудың механизмін білмейді.

7.6 Студенттердің құқықтық тәрбиесі

ҚазҰУ студенті білімді және оң көз қараста болуы керек. Осыған байланысты заң факультетінде Студенттердің құқықтық орталығы бар, студенттердің құқықтық білімін толықтыру икемділігі. Жас заңгерлер осы жерден өздерінің студенттік тәжірбиеден өтеді, ал студенттер қажетті толық кеңестер алады.

7.7 Волонтерлік қозғалыстың қалыптасуы

ҚазҰУ студенті тек өз университетінің шеңберінде ғана белсенділік танытпауы керек, студенттердің әлеуметтік серіктестік түсінігін тәрбиелеу қажет. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде жастарды ұйымдастыру Комитетімен студенттік волонтерлік топ құрылған. Волонтерлік топ қайырымдылық акциясын өткізуді әдетек айналдыру қажет. Осы сияқты әрекет белсенділігін ынталандыру және дамыту.

7.8 Эдвайзерлердің тәрбие жұмысына қатысуы

Эдвайзер оқу үдерісінде негізгі қатысушылардың бірі, жеке жоспардың қарастырылған өзінің құзыреттілік міндеттері шеңберінде тәрбие қызметін жүзеге асыруға міндетті. Эдвайзердің тікелей қызметін орындау барысында жоғарғы мектептің маңызды міндеттерінің бірін шешуге бағытталады - азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етіп студенттер тұлғаның өзін-өзі анықтауына қызмет етеді. Осыған байланысты төмендегілерді ескеру қажет:

1.Жоғарғы оқу орнында бірінші курс студенттерін бейімдеуде эдвайзердің рөлін және университеттің корпаративті мәдениетіне бірінші курс студенттерін бейімдеу;

2. эдвайзердің қызметтік міндеттеріне тәрбиелік қызметті енгізу міндетін қарастыру.

7.9 Барлық студенттердің контингентінің қызығушылығын, қажеттілігін және күтілетін нәтижелерін зерттеу

Кешегі оқушы, жоғарғы оқу орнына келіп, мүлде оған жаңа білім беру жүйесіне кездеседі. Бұл мектептегі білім беру жүйесінен айырмашылығы, ұйымдастырушылығы, әдістемесі, мазмұны және негізгі мақсаттары мен бағыттарымен ерекшеленеді. Студенттік өмірге бейімдеуде бағалау сипатынмен студенттердің әлеуметтік өзін-өзі сезіну арасындағы тығыз байланыс бар: неғұрлым бейімделу үрдісі күрделі және ұзақ өтетін болса студенттің әлеуеттік өзін-өзі сезінуі төмен болады. Студенттердің әлеуметтік және бейіндік мәселелерін шешу, тәрбие жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Осыған байланысты:

1. Студенттердің әлеуметтік-психологиялық қызметі құрылған жоғарғы оқу жағдайында әлеуметтік-психологияны оқып үйрену, студенттер арасында жиі өткізілетін мониторинг студенттердің өмір сүру үдерісінде туындайтын мәселелерді ескертеді және көрсетеді;

2. жоғарғы оқу орнындағы бірінші курс студенттерінің бейімділік іс-шараларының кешенін әзірлеу қажет;

3. еңбек нарығындағы бәсекелестік ортасынаенуге дайындалу үстінде жоғарғы курс студенттерінің әлеуметіне ықпал тигізетін шараларды даярлау;

4. шынайы тәжірбиеге студенттердің сұраныстарын, қажеттіліктерін, күтілетін нәтижелерін сәйкестілігін анықтау мақсатында «Студенттердің көз қарастарымен оқытушылар бейнесі» атты студенттер арасында сауалнаманы жүргізу.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҰЖЫМДЫҚ РУХЫН КӨТЕРУ

Бүгінгі таңда студенттер мен оқытушылардың корпоративтік мәдениетін, яғни жоғарғы оқу орнының тәрбие жұмысының сапасын қалыптастыру міндеті басты назарда болып отыр.

Университеттің корпоративтік (ұжымдық) мәдениеті - жоғарғы оқу орнына арналған құндылықтар, мұраттар, ережелер, мақсаттар, көзқарастар, сенім, жұмыс стандарттары, тәртіп стилі, дәстүрлер, салттар, іс-шаралар, рәміздер, адамгершілік-психологиялық ахуал.

Жоғарғы оқу орнында тәрбелеу мәні - корпоративтік (ұжымдық) мәдениеттің ережелері мен құндылықтарына үйрету, студенттерді жоғарғы оқу орнының ережелеріне, университет дәстүрлеріне, қалыптасқан өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне үйрету. Корпоративтік мәдениет, корпоративтік идеология жоғарыдан болмауы керек - олар мәдени-білім беру қажеттіліктері, мүдделер, құндылықтар негізінде қалыптасады. Корпоративтік идеология корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі ретінде кейбір шамданушы ерекшеліктермен, жоғары бәсекеге қабілеттілікке, жоғары жетістіктерге, өз ісіне деген махаббат пен қызығушылыққа құрылуы қажет.

Яғни жоғары оқу орнында студенттің жеке тұлғасы үндестік және әлеуметтік ортада дамитын тәрбиелеуші орта құру қажет.

Университеттің имидждік саясатын жүзеге асыруда жастармен орындалатын тәрбиелік жұмыс маңызды рөл атқарады. Корпоративтік рух пен корпоративтік мәдениет патриоттыққа тәрбиелеу негізін салады. Туған университеті үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, студенттік элитаға қатысты екендігін сезінуге ҚазҰУ-дің сирек кездесетін престижін айқындайтын сюжеттер мен БАҚ (СМИ) матриалдары өз көмегін тигізеді. Мейлінше жарқын ықпал ететін іс-шаралар: ЕҰУ-дағы ҚазҰУ Күндері, әлеуметтік кинотеатр ашылуы, Студенттерге арналған мерекелер және тағы басқалар.

2009-2011 жылдарға арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің даму Стартегиясының қабылдануына байланысты университеттің баспасөз қызметі толығымен қайта қаралды.

Баспасөз қызметі әзірлеп және ректордың бекітуімен алғаш рет жылдық медиа жоспарға факультеттердің ғылыми кеңесімен бекітілген БАҚ-қа кіретін іс-шаралар және университет басшылығының, факультет декандарының, бөлімшелер басшыларының, ғалымдар мен студенттердің жеке имидждік баяндамаларын ұйымдастырулар көрініс тапқан.

Жаңа топ-менеджменттің енуіне орай университетте құрылатын және БАҚ-та жарияланатын жаңалықтар қарқыны өсе бастады. Қазақстанның ақпараттық алаңына университеттің қатысуы нығайуы керек. ҚазҰУ айналасына жағымды ақпараттық көрінісін қалыптастыру университет студенттеріне шынайы тәрбиелік ықпалын тигізеді.

Соған байланысты:

1. «Қазақ университетімен» қатар тек қана студенттер шығаратын және тегін таратылатын «Өркен» жеке студенттер газеті құрылды.

2. Бірінші курс студенттеріне ерекше көңіл бөлінуі керек, оларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарихымен, дәстүрлерімен, даму болашағымен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ студенттердің құқығы және әлеуметтік статусымен, ақылой еңбегі мәдениетінің негіздерімен, этикетпен, салауатты өмір салтын сақтаумен, университеттің жеке мүлкіне жан ашырлықпен қарауға тәрбиелеу керек.

Бірінші курс студенттерінің университетке келген алғашқы күндері мен аптасында олармен жүргізілген қарқынды, педагогикалық маңызды жұмыстардың мәні ерекше: нақты осы кезде оларда қолайлы орта туңызып, оларға жаңалық көрінетін педагогткалық ұжым тарапынан мақсатқа бағытталған мотивация, университеттік қарым-қатынас стилі, оқу еңбегіне деген жоғары мәдени көзқарастарға мейлінше қатты көрініс табады.

Корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қоғамдық мәні бар іс-шараларды факультеттік және университеттік деңгейде өткізудің орны ерекше: Алтын белес, Бітіру балы.

Студенттік Көктем. Сыртқы іс-шараларға қатысу үшін мейлінше талантты студенттерді анықтайтын шығармашыл жастар арасындағы байқау.

Саптық әндер байқауы. Әскери кафедраның жыл сайын 7 мамырда, Отан Қорғау Күнінде стадионда әскери-патриоттық мерекелер өткізіп, факультет взводтары арасында саптық дайындық бойынша взвод кураторларының жетекшілігімен өткізілетін жарыстар ұйымдастыру. Мұндай шаралар университеттің жаңа дәстүрі болып табылуы мүмкін.

Спортты дамыту. қазақстандық дене тәрбиесіне бағытталмаған жоғарғы оқу орындары арасындағы ҚазҰУ спорт бойынша көшбасшы болып табылады. Бірақ та университеттің әлеуеті толық көлемде жүзеге аспағандығын баса айтып кету керек. Спорттың дамуы үшін оны қаржыландырып, спорттық секциялардың қызметіне студенттерді көптеп тарту мақсатында материалдық базаны жаңарту қажет.

КТС дамуы. Көңілді және тапқыштар клубы студенттердің рухани бірлігін қалыптастыратын дәстүрлі танымал ойын болып табылады. «СКЛ-КазГУград» командасына қолдау жасауды белсендіру қажет.

Көркемөнерді дамыту. Аталған тәрбие жұмысының бағыты мейлінше маңызды болып табылады, себебі жоғары эстетикалық талғамы бар тұлғаны дамытуды қалыптастыруға мақсатталған. Соған байланысты ҚазҰУ байқаулар мен жарыстар қатарындағы көшбасшылығын сақтап қалу қажет, ҚазҰУ студенттерінің мәдени және эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін студенттер мен қызметкерлердің іс-әрекеттерін лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет.

IX. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәрбие қызметінің Тұжырымдамасының ережелерінің орындалуын бақылау және ұйымдастыру тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға, тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту бойынша департаментіне, жастарды ұйымдастыру Комитетіне, педагогика кафедрасына, жалпы психология кафедрасына, дене тәрбиесі кафедрасына жүктеледі:

- Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-әрекет жоспарын орындау барысын талдау және оны түзету, ұсыныстар енгізу;

- Тұжырымдаманы жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;

- Тұжырымдаманы орындаушылардың өзара іс-әрекетін үйлестіру;

- Тұжырымдаманы орындау барысы туралы жыл сайынғы аналитикалық ақпараттандыру.

НӘТИЖЕЛЕРІ

Гуманитарлық тәрбиелеу ортасын дамыту нәтижесі болып жан-жақты дамыған тұлға, Қазақстан патриоты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бәсекеге қабілетті түлегін қалыптастыру табылады.