Мамандардың тілдік даярлығының тұжырымдамасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-ДАҒЫ

МАМАНДАРДЫҢ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің

«_____»____________2008 ж. №_____ шешімімен бекітілген.

Алматы, 2008ж.

КІРІСПЕ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамыту саясатының мақсаты, пәні және нысаны

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамыту саясатының міндеттері

І. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ

ІІ. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

2.1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тілдік білім беруді дамытудың негізгі сипаттамалары

2.2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамыту бойынша негізгі бағыттар мен іс-шаралар

2.2.1. Қазақ тілінің тілдік стандартын құрастыру және енгізу

2.2.2. Университеттегі мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсынылатын іс-шаралар

2.2.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілдерін оқытудың сапасын талдау

2.2.4. Шет тілдерді оқытудың сапасын арттыруда ұсынылатын бағыттар

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Тұжырымдама төмендегі мақсаттарға сәйкес әзірленген:

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тілдердің үштұғырлығын дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру,

- ғылыми шығармашылықты, педагогикалық практика мен мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту,

- университетте тілдерді оқытудың сапасын қамтамасыз ету,

- университеттің тілдік кафедралары қызметінің нәтижелілігін арттыру,

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру.

Тұжырымдама оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің мемлекеттік, орыс және шет тілдерін игерудің маңыздылығын мойындауы бойынша әзірленген.

Тұжырымдама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде лингвистикалық білім берудің тиімді тетіктерін қалыптастыруға, оның мақсаттарын айқындауға, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін университеттің жауапты тілдік кафедраларының, бөлімшелерінің қызметін үйлестіруші іс-шаралар кешенін жасауға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тілдік білім беруді дамыту саясатының мақсаты, пәні және нысаны.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамыту саясатының мақсаты

- қазақ тілінің тілдік стандартын енгізу, тілдерді оқытудың сапасын арттыру, нәтижесінде, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Тілдік білім беруді дамыту саясатының пәндік саласы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы оқу үдерісі және аудиториядан тыс жұмыс.

Тілдік білім беруді дамыту саясатын жүзеге асыру нысаны – студенттер, оқытушы-профессорлар құрамы және университеттің әкімшілік құрылымы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамыту саясатының міндеттері.

1. Қазақ тілінің тілдік стандартын енгізу.

2. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті қызметін кеңейту және нығайту.

3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді оқыту сапасының көрсеткіш жүйесін әзірлеу.

4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінде шет тілін тереңдетіп оқытудың мамандануын жасау.

5. Үш тілді ( қазақ, орыс, шет тілдері) білетін жоғары білікті мамандар даярлау.

І ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ

Университеттің тілдерді дамыту стартегиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Тілдер туралы» Заңына, ҚР Президентінің « Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына, ҚР Үкіметінің 14 тамыз 1998 жылғы № 769 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 12 тілдік кафедра жұмыс істейді, олардың ішінде бүкіл университетке, сондай-ақ арнайы кафедраларға қызмет көрсететін кафедралар бар. Кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамы жоғары кәсібиліктерімен ерекшеленеді және ұдайы өз біліктілігін арттырып отырады. Университет оннан аса тілдік бағытта мамандар даярлайтын бірегей оқу орны болып табылады.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-дағы тілдерді дамытудың жалпы деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары емес және әлемдік стандартқа толық сәйкес келмейді. Мемлекеттік, орыс және шет тілдеріне оқыту екі-үш семестр көлемінде ғана жүзеге асыралады. Студенттер 2-курстан соң, оқуды өз бетінше жалғастыра алады.

Университеттегі тілдерді оқытудың сапасы әлемдік стандартқа сай болуы тиіс және тілдік даярлық тиімділігінің негізгі талабы ретінде студенттер тілді білудегі жаппай мойындалған тестілерден өтуі қажет.

Оқу үдерісін жеткіліксіз дәрежеде материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты кафедралардың қолда бар әдістемелік, ғылыми әлеуеті толық іске асырылмауда. Мұндай жағдай қазіргі заманғы мамандардың даярлық сапасына әсер етуде, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттігін төмендетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамыту бойынша жұмыс жүйелі, жоспарлы, ұйымдасқан және қаржылық дәйекті сипатқа ие болуы тиіс. Осы Тұжырымдама оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

ІІ. ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

2.1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамытудың негізгі сипаттамалары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамыту тілдерді оқытудың сапасын арттыру үшін негіз болуға қабілетті университеттің жан-жақты ғылыми-әдістемелік әлеуетіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Біріншіден, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру қызметінің бірегей, көпжылдық тәжірибесіне, тілдерді оқыту саласында білікті ғылыми-педагогикалық құрамға ие.

Екіншіден, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да арнайы бөлімдердің қызмет етуін қамтамасыз етуге қабілетті кафедралардың саны жеткілікті. Тәжірибе көрсеткендей, бір кездердегі тарих және физика факультеттерінің арнайы бөлімдерінің түлектері осы күнге дейін бәсекеге қабілетті және қажетті мамандар болып табылады.

Үшіншіден, оқу жоспарларына шет тіліндегі элективті курстарды тәжірибе ретінде енгізудің оң нәтижелерін (мысалы, саясаттану бөлімінде), нәтижесінде түлектер ҚазҰУ магистратурасына және «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуде жоғары бағалар алды.

Төртіншіден, ҚазҰУ оқытушыларының жаңа ұрпақ оқулықтарын құрастырғанын атап өту қажет, олар республиканың білім беру мекемелерінде кеңінен қолданылуда.

Осы ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамытудың болашағы элективті курстар қатарына шет тіліндегі арнайы пәндерді енгізуге байланысты, өйткені университетте оқудың барлық кезеңінде тілдерді оқыту жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Нәтижесінде, түрлі саладағы жоғары деңгейлі, бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыру және даярлау міндеті шешіледі.

2.2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдерді дамыту бойынша негізгі бағыттар мен іс-шаралар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамыту механизмі

І бағыт ІІ бағыт ІІІ бағыт

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік тілдің тілдік стандартын енгізу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілдерін оқытудың сапасын аттыру

Студенттерді аудиториядан тыс тілдік даярлау

Нәтижесі

Үш тілді білетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі

І бағыт –

Қазақ тілінің тілдік стандартын енгізу.

Мемлекеттік тілдің қазіргі заманғы даму кезеңінде әлемдік TOEFL, IELTS және т.б. тілді білудің стандартты тестілері бойынша тілдік стандарт жасау мен енгізудің қажеттілігі туды. Қазақстандық тестінің нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аймағында қабылдануы тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ тілінің осы сияқты тілдік стандартын жасауда бастамашы болып табылады. Тілді меңгеруді бағалаудың осы талабы мемлекеттік тілді дамытуды сапалы жаңа деңгейге көтеруге, тілді игерудің және оны бағалаудың заманауи, байқаудан өткен әдістемесін енгізуге мүмкіндік береді. Осы тестті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері міндетті түрде тапсыруы керек, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді білуді растайтын сертификат беру жоспарлануда. Тесттің нәтижелері біртұтас мәліметтер базасында сақталуы тиіс. Тілдік стандартты байқаудан өткізу оны енгізу іс-шараларының жоспарын құру мен талдау жүргізуді білдіреді.

Университетте мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсынылатын іс-шаралар:

1.1. Тілдік даярлықты талдау бойынша комиссия құру.

1.2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тілдік стандартымен таныстыру рәсімі.

1.3. Қазақ тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат бекіту.

1.4. Қазақ тілін игеру бойынша элективті курс енгізу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мамандығы бойынша оқу жоспарларын талдау.

1.5. Университетте ақпараты бар көрнекті стендтер безендіруді, іс жүргізуді жүзеге асыруда қазақ тілінің нормаларын сақтауды талдау.

1.6. Жыл сайынғы ғылыми конференцияға ұсынылатын мемлекеттік тілдегі ғылыми студенттік жұмыстардың қатарын көбейту.

1.7. Үздік педагогикалық технологияларды енгізу арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесін ұдайы жетілдіру.

1.8. www.kazsu.kz. сайтында қазақ тіліндегі контентті кеңейту, орналастырылған ақпараттың мәтінінде грамматикалық нормаларды сақтау үшін қадағалау жасау.

1.9. Мемлекеттік тілді табысты игергені үшін ОПҚ мен студенттерді (қазақтардан басқа) ынталандыру жүйесін жасау.

ІІ бағыт –

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілдерін

оқытудың сапасын талдау

Шет тілін еркін меңгеру жоғары білімді қазіргі заманғы маманға ұсынылатын міндетті талап болып табылады. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тілдерді оқытудың сапасын арттыру туралы мәселе күн тәртібіне қойылады.

Шет тілін білетін мамандарды даярлау сапасының деңгейі әлемдік талаптар бойынша бағалануы тиіс. Мысалы, ҚазҰУ түлегінің ағылшын тілін игеруі TOEFL, IELTS, DALF сияқты халықаралық емтихандардың деңгейіне сәйкес келуі тиіс. TOEFL, IELTS, DALF негізгі мақсаты – шет тілі ана тілі болып табылмайтын тұлғалар үшін даярлық деңгейін бағалау. Осы тәрізді талапты сақтауда халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау туралы сөз қозғауға болады.

Тілдік білім беруді дамытудың ұсынылатын бағыттары:

2.1. Әр факультетте шет тілін тереңдетіп оқытатын мамандандыру ашу.

2.2. Ағылшын тіліндегі мамандық бойынша элективті курстар енгізу.

2.3. Студенттер мен оқытушылардың шет тілі бойынша халықаралық

көлемдегі форумдарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, студенттік спартакиадаларға қатысуы.

2.4. Шетелдік жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу бойынша

арнайы бағдарламалар әзірлеу немесе қолда бар бағдарламаларды жандандыру.

2.5. Шет тілін игергені үшін оқытушы-профессорлар құрамын

ынталандырудың бонустық жүйесін әзірлеу.

2.6. Шет тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру.

ІІІ бағыт –

Студенттердің аудиториядан тыс тілдік даярлығы

3.1. Студенттік кеңседе оқытылатын тілде студенттердің қатынас жасау және бос уақытын ұйымдастыру мүмкіндігі берілетін «Ағылшын клубын», «Француз клубын» және т.б. ашу арқылы тілдік практиканы күшейту.

3.2. Мемлекеттік тілде мамандар даярлау мақсатында өткізілетін «Ана тілі - аруы», «Бөкей оқулары», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл тағылымы», «Туған тіл – қыдырың, туған ел - тұғырың», «Ана тілім - ардағым» және т.б. іс-шараларға қатысу.

3.3. Тілдерді дамыту мен мемлекеттік тілдің рөлін күшейтуге, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу. Мысалы, «Менің Қазақстаным», «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы», «Қазақ тілі – ақыл-ойдың қазынасы», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Әлем халықтарының тілдері», «Анамның тілі – айбыным менің», «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл», «Жыр мүшәйрасы», «Қазақстан халықтарының күндері» және т.б.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Университет басшылары мен оқытушы-профессорларының мемлекеттік тілді оқыту саласында жетекші ғалымдар ретінде бағыт ұстануы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілдерін әлемдік талаптар деңгейінде оқыту.

Үш тілді игерген жоғары білікті мамандар даярлау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еліміздің элиталық жоғары оқу орынына ұсынылатын талаптарға сәйкес тілдік білім беруді тікелей дамытуға бағытталған саясатқа, мемлекеттік және шет тілдерін игерудің тиімділігін арттырудың жаһандық болмысына бейімделген механизмдер әзірлемесіне қажеттілік туындап отыр.