Ғылыми бағыттар
Журналистика факультетінің кафедралары бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:
Баспасөз және интернет журналистика кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
• Публицистика жанрларының жаңа жүйесін, журналистика пішіндерінің түрленуін зерттеу;
• Қазақ халқының рухани көшбасшыларын, өзіндік журналистік мектебі
бар публицистер шығармашылығын зерттеу;
• Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары редакторлары мен белгілі
журналистер шеберлігін зерттеу;
• қазіргі таңдағы конвергентті журналистиканың әлемдік тәжірибесі мен
даму сатыларын; бүгінгі инновациялық әдіске конвергентті журналистика арқылы бару жолдарын; конвергентті масс-медиадағы журналист еңбегінің шығармашылық ерекшеліктерін зерттеу;
• медиа-мәдениет мәселелерін қарастыру;
• мерзімді баспасөз бен интернет журналистиканың өзекті мәселелерін зерттеу.