Магистратура мен докторантура

Магистратура- жоғары кәсіби білімді аяқтайтын кезең.

Халықаралық қатынастар факультетінде магистрларды дайындау 2004 жылдан бері жүзеге асып келеді. Магистрлік дайындық бойынша оқу-ғылыми-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды факультет келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

6N0202- Халықаралық қатынастар (Халықаралық қатынастар магистрі)

Факультетте магистрлік бағдарлама бойынша білім алу магистранттың өзіндік белсенділігіне және ғылыми зерттеу жұмыстарына сүйенеді. Әр мамандық бойынша магистаранттардың саны төмендегідей:

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «6М050500 – Аймақтану» мамандығы бойынша магистранттарды дайындайды:

- Бейіндік бағыт (1 жыл):

- Ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жыл):

6М020200 – Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша

магистратурадағы білім беру бағдарламасының маманданымы

Мамандық коды мен атауы

«6М020200халықаралық қатынастар»

Берілетін академиялық дәреже:

Гуманитарлық ғылымдардың магистрі

Факультет

халықаралық қатынастар

Кәсіби пәндер:

1. Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері -3 кр.

2. Халықаралық қатынастардың теориясы-3 кр.

3. Жаһандану үдерісі және халықаралық қатынастар -3 кр.

Оқытудың мақсаты және нәтижелері:

Білім беру бағдарламасының мақсатыБілім беру бағдарламасы білім мен құзіреттілікті игерген, әсіресе сыртқы және әлемдік саясат саласында жұмыс жасау үшін қажетті болып табылатын, жоғары білікті халықаралық-мамандарды дайындауға, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, мемлекеттік және бейүкіметтік бейіндегі мекемелердің, сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ұйымдардың, аймақтық саясатпен айналысатын ұйымдардың, халықаралық аймақтық институттардың және қауіпсіздік ұйымдарының, аналитикалық орталықтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарлама мақсаты – мемлекеттер, мемлекеттік емес және ұлт үсті ұйымдардың өзара әрекетін халықаралық ауқымдағы талдаудың әртүрлі дәрежелерінде, сонымен бірге оған саяси, мәдени және экономикалық факторларды қоса бағалауға қабілеттілік қалыптастыру және зерттеу дағдылығы мен дара зерттеу жұмысын (магистрлік диссертация) орындау қабілеттілігіне ие халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы жоғары білікті мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- халықаралық қатынастар теориясы саласындағы тиянақты білім меңгерген, пәнаралық зерттеу тұрғысында халықаралық қатынастар классикасы және тарихымен таныс, халықаралық саясат және саясат ерекшеліктерін түсінетін білім беру;

- жаһандану үдерістерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтік-экономикалық салдары жөніндегі білім беру;

- халықаралық байланыстарды реттеу тәжірибесі мен стратегиялық құжаттарды әзірлеу, болжамдау, талдау саласындағы кәсіпкерлік рухты қалыптастырып, оны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін беруге бағамдау.

Магистр:

түсінік қалыптастыруы тиісті:

- қоғамдық өмірде білім мен ғылымның рөлі жөнінде;

- ғылыми таным дамуының қазіргі үрдістері туралы;

- жаратылыс ғылымдарының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері жөнінде;

- жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі жөнінде;

білуге тиісті:

-ғылыми танымның әдіснамасын ғылыми қызметтің құрылымы мен қағидаларын;

- оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістерін.

істей білуге тиісті:

- ғылыми зерттеу мәнмәтінінде идеяларды дамыту мен қолдану үшін алған білімді іске асыру;
- бар тұжырымдамаларды, теорияларды және үдерістер мен құбылыстарды талдау әдістеріне сыни сараптау;

- зерттеу мәселелерін тансық жағдайларда шешу үшін әр түрлі пәндер ауқымында алған білімдерді біріктіру;

меңгеруге тиісті:

- интернационалды ортада іскерлік қарым-қатынас әдістерін білу, шетелдік елдерде іскерлік мідениеттің ерекшеліктерін қолдана білуді;

- тұлғааралық қатынастардың этикасын білу және эмоцияны өзін-өзі реттеу мен жауапкешілікті өзіне алу, көшбасшылық қасиетті көрсетуді.

білікті болуы тиісті:

- халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелерінде;

игеруге тиісті:

-жұмыс берушілер мен серіктестерді тартатын кәсіби біліктілікті.

«6М050500 - Аймақтану» мамандығы бойынша магистрантураны бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:

Бейіндік бағыт дайындығы бойынша:

- Сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ұйымдар;

- Аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын ұйымдар;

- Халықаралық және аймақтық институттар, ұйымдар;

- Сараптамалық орталықтар;

Ғылыми-педагогикалық дайындық бағыты бойынша:

- Жоғарғы оқу орындары;

- Ғылыми-зерттеу мекемелері;

- Сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ұйымдар;

- Аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын ұйымдар;

- Халықаралық және аймақтық институттар, ұйымдар;

- Сараптамалық орталықтар.

5М050500 – Аймақтану мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мамандануы

Мамандықтың коды мен атауы

5М050500-Аймақтану

Берілетін академиялық дәреже

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

Факультет

Халықаралық қатынастар

Профилді пән: Аймақтануға кіріспе, ҚРСС

Оқытудың мақсаты мен нәтижелері:

Білім беру бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды мықты теориялық және тәжірибелік негізге сүйенетін жүйелік біліммен бірге, элективті бағыттар бойынша ғылымның жаңаша жетістіктеріне сүйенген біліммен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

Түлектердің кәсіби мобильділікті кепіл ететін ғылымдар тоғысындағы фундаменталды білімдерді алуы үшін жағдайды қамтамасыз ету;

– Түрлі халықаралық және аймақтық үдерістерді ғылыми талдау және болжау дағдыларын қалыптастыру;

– Саяси және экономикалық үдерістердің сапалық және сандық талдауын жүзеге асыруды, әлеуметтік зерттеулер мақсаттарын анықтау және оларды іске асыру үшін әдістер, әдістемелер мен техникаларды қолдануды, пәнаралық жобаларда жұмыс істеу дағдыларын үйрету.

Магистр міндетті:

түсінікке ие болу қажет:

- қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің рөлі туралы;

- ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденциялары туралы;

- жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлы, экономикалық) ғылымдардың өзекті әдістемелік және философиялық мәселелері туралы;

- жоғарғы мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреті туралы;

- жаһандану үдерісінің қайшылықтары мен әлеуметтік-экономикалық салдары туралы.

білу қажет:

- ғылыми танымның әдіснамасын;

- ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидалары мен құрылымын;

- оқу үдерісіндегі студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;

- оқыту тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен тәсілдерін;

- терең жүйелі білімдерге ие болу және ғылыми пәннің, ғылыми зерттеу саласы және кәсіби тәжірибе аймағының қазіргі күйін көрсететін мәседедерді, тәсілдер мен тенденцияларды сыни бағалай алу;

– өз ғылыми зерттеулері мен қазіргі ғылыми іздеулерге қатысты қолданыла алатын әдістер мен техникаларды;

істей алу қажет:

- идеяларды ғылыми зерттеулер контекстінде ерекше дамыту мен қолдану үшін алынған білімдерді пайдалану;

- үдерістер мен құбылыстарды талдауға қатысты бар тұжырымдар, теориялар мен әдістерді сыни саралау;

- түрлі пәндер шеңберінде алынған білімдерді жаңа белгісіз жағдайдағы зерттеу міндеттерін шешу үшін жинақтау;

- білімдерді интеграциялау арқылы толық емес немесе шектелген ақпарат негізінде тұжырымдар жасау және шешімдер қабылдау;

- өз педагогикалық қызметінде жоғарғы мектеп педагогикасы мен психологиясының білімдерін қолдану;

- оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;

- заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-сараптамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу;

- шығармашылық ойлау және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде шығармашылыққа жүгіну;

- ғылыми зерттеулерді жүргізуге және жоо-да арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретіндей кәсіби деңгейде шетел тілін еркін меңгеру;

- ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстың нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, есеп, сараптамалық жазба және т.б. ретінде жалпылау;

- әдістемелік тәсілдерді бағалау, олардың сыни сараптамасын жүзеге асыру және қажет жағдайда жаңа болжамдарды алға тарту;

- күрделі мәселелерді шешуде жүйелі және шығармашылық тәсілдерді көрсету, толық мәліметтердің жоқтығы жағдайында негізделген қорытындыны жасай алу және өз қорытындыларын мамандар үшін де, сәйкес кәсіби дайындығы жоқ аудитория үшін де түсінікті етіп баяндау;

меңгеру қажет:

- ғылыми-зерттеу қызметінің, стандартты ғылыми міндеттерді шешу әдістері мен әдістемелерін;

- кәсіби пәндерді оқыту әдістерін;

- білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін;

- кәсіби қарым-қатынас пен мәдениаралық коммуникациялар дағдыларын;

- шешендік өнердің, өз ойларын ауызекі және жазба түрде қимынды рәсімдеу дағдыларын;

құзыретті болу қажет:

- аймақтану мен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелерінде;

- ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

- жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі саласында;

- қазіргі білім беру мәселелерінде;

- кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

- білімдердің тұрақты жаңаруын, кәсіби дағдылар мен қабілеттердің кеңеюін қамтамасыз ететін тәсілдерде;

- бар зерттеу және сараптау әдістерінің сәйкес ғылымда жаңа білімді жасау мен интерпритациялау үшін қалайша қолданылатынын практикалық тұрғыда түсіне отырумен қатар, бар білімдердің өзіндік қолданысын табу;

- ғылыми білімнің берілген саласында қазіргі ғылыми зерттеулер мен теорияларды сыни бағалау;

- әдістемелік тәсілдерді бағалау, олардың сыни сараптамасын жүзеге асыру және қажет жағдайда жаңа болжамдарды алға тарту;

- мәселелерді шешуде дербестік пен өзіндік тәсілді көрсету, кәсіби деңгейде міндеттерді өзіндік жоспарлау мен шешу.

ие болу қажет:

- жұмыс беруші мен серіктестерді тартатын кәсіби біліктілікке.

"6М051300-Әлемдік экономика" мамандығы бойынша магистратура бөлімі 2 бағытта магистрлер дайындайды:

-Бейіндік бағыт (1 жыл)

-Ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жыл)

Халықаралық қатынастар факультетінің мамандығы бойынша магистратура түлегі міндетті:

- халықаралық аренадағы өзгерістерді және аймақтардың, халықаралық қатынастардың, халықаралық құқықтың жаңа жүйесінің қалыптасуын анықтай білу;

- теоретикалық бастамалардың негізгі кезеңдері мен аймақтардың, халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың концептуальды негіздерін білу;

- жаһандану үрдісінің негізгі мәселелері, елдер мен халықтар арасындағы өзара қатынастардың шиеленісуін, ұлттық және ұлттан жоғары бастамалардың тоғысуын түсіну;

- шет тілдің грамматикалық қабілеттерін тәжірибеде қолдана білу, лексиканың дифференциациясын : жалпығылыми, ресми және дипломатиялық салалар бойынша қолдана білу;