Студенттік өмір
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ""Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты бағдарламалық мақаласын білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Bilim-Orkenieti" Ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен өткізілген "Жылдың үздік студенті" атты халықаралық байқауының жеңімпазы Жомартова Арайлым Армановна І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін Жомартова Арайлым Армановна "Жылдың үздік студенті" атты төсбелгімен марапатталды және куәлік берілді.

Жомартова Арайлымның куратор-эдвайзері, х.ғ.к., кафедраның доценті Дюсебаева Мольдыр Акимжановна Алғыс хатпен марапатталды.

30.05.2021 ж. мен 06.02.2021 ж. аралығында Алматыда XI Бүкілқазақстандық Универсиада өтті, онда университетіміз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың намысын «Оқ ату» пәнінен (мылтық пен тапаншадан) «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Мусиенко София қорғады. София командаға 4 медаль әкелді: 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль, соның арқасында біздің университеттің командасы командалардың жалпы рейтингі бойынша 1 орынға ие болды.






