Кафедраның тарихы
КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ
Азаматтық құқық кафедрасы 1938 жылы Алматы мемлекеттік заң интситутының құрамында құрылды. Алғашында ол азаматтық-құқық циклының барлық пәндерін оқытуды қамтамасыз етіп отырды. Кафедрада Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларының оқу мекемелерінен келген: А.Н. Агеев, М.П. Шаламов, В.Н. Догадов, Ф.И. Гавзе, Н.Д. Казанцев атты ғалымдар еңбек етті.
Кеңестік азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі болып 1950 жылдың қараша айынан бастап заң ғылымдарының докторы, профессор Георгий Митрофанович Степаненко тағайындалды. 1950 жыл мен 1960 жылдар аралығында Г.М. Степаненко Алматы заң институтының азаматтық құқық кафедрасында меңгеруші қызметін атқарды (кейін 1955 жылы оның атауы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті болып өзгертілді). Георгий Митрофанович Степаненко азаматтық құқық бойынша көптеген жария етілген ғылыми еңбектердің авторы, олардың арасында ең маңыздылары болып «Законодательство советского Казахстана о праве собственности в первой фазе развития социалистического государства» атты монография және «Обязательства, возникающие из причинения вреда» атты оқу құралы саналады.
Осы кезең аралығында кафедраға Беспалова-Тимохович Ариадна Ивановна қызмет атқаруға келді, ірі ғылыми қызметкер, көптеген жылдар бойы (1952-1987 жж.) ҚазМУ заң факультетінің студенттеріне таңдаған кәсібіне деген сүйіспеншілікті дарытты.
1959 жыл мен 1968 жыл аралығында кафедраны Ваксберг Матвей Абрамович басқарды, ірі ғалым, тәжірибеші, қазақстандық заң білімін және ғылымды ұйымдастырушылардың бірі. Ваксберг Матвей Абрамович 1959 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ кеңестік азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасын басқарды.
1968 жылдан бастап 1990 жылға дейін кафедраны Қазақстандағы жоғары заң білімін ұйымдастырушылардың бірі, қазақстандық ғалым-цивилистер әлеміне танымал, осы заманғы отандық цивилистика мектебін құрушылардың бірі, профессор, заң ғылымдарының докторы Басин Юрий Григорьевич басшылық етті. Көптеген жылдар бойына азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі (1968-1990 жж.) болды, ал 1957 жыл мен 1985 жылдар аралығында бір мезгілде КазМҰ заң факульетінің деканы қызметін атқарды.
1966 жыл және 1985 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде азаматтық, шаруашылық, тұрғын үй, отбасы құқығы пәндерінен Сулейменов Майдан Контуарович дәріс оқыды. Ол азаматтық және халықаралық жеке құқықтың қазақстандық мектебін қалаушылардың бірі. Оның басшылық етуімен азаматтық құқықтан академиялық курс (3 томдық), 4 томдық Азаматтық кодекске түсінік (3-ші басылым), 15 томдық нормативтік құқықтық актілердің жинағы және халықаралық жеке құқық бойынша халықаралық шарттар жарық көрді.
Базарбаев Бахит Базарбаевич, заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық кафедрасында ол 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарды (1994 жылға дейін).
Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық кафедрасында қызмет атқарғандардың арасында Қазақстанның ірі ғалымдарының бірі, тәжірибеші, қазақстандық заң білімін ұйымдастырушылардың бірі болып саналатын заң ғылымдарының кандидаты Ихсанов Урдагали Кажгалиевич айтуға болады.
Алты жыл Урдагали Кажгалиевич ҚазМУ заң факультетінің кешкі-сырттай бөлімінде декан болып қызмет атқарды (1987-1992 жж.).
20 жылдан астам ҚазМУ азаматтық құқық кафедрасында ғылым жолында және тәжірибеде қызмет атқарған Мукашева Кульгайша Вахитовна еңбек етті. Ол 1949 жылы Павлодар қаласында өмірге келді, жоғары заң білімін С.М. Киров атындағы ҚазМУ – да алды (1968-1973 жж.).
ҚазМУ азаматтық құқық кафедрасында 20 жылдан астам қызмет атқарған, біздің республикамыздың заң білімін дамытуға қатысқан, азаматтық құқық бойынша аса көрнекті мамандарының бірі, заң ғылымдарының докторы Каудыров Толеш Ерденович табылады.
1982 жыл және 1987 жыл аралағында азаматтық құқық кафедрасында заң ғылымдарының докторы Мауленов Қасым Сарыбаевич сабақ берді.
1990 жыл мен 1994 жыл аралында кафедраны з.ғ.д., профессор Диденко Анатолий Григорьевич басқарды. 1994 жыл және 1996 жылдар бойы доцент Тулеугалиев Газиз Ибрагимович азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі болды.
1995 жылы азаматтық құқық кафедрасы азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы атауына өзгертілді және 1998 жылға дейін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Абайдельдинов Тлеухабыл Мусинович осы кафедраның меңгерушісі болды.
1998 жылдың наурыз айында азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы ұйымдастырылды. Конкурс бойынша азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі болып заң ғылымдарының докторы, профессор Бектурганов Абдиманап Еликбаевич тағайындалды.
2000 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылдың қаңтар айына дейін азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі болып заң ғылымдарының докторы, доцент Амирханова Ирина Викторовна тағайындалды.
2008 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін кафедра меңгерушісінің міндетін з.ғ.к., доцент Динанов Алибек Керимбекович атқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың маусым айына дейін азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедра меңгерушісінің міндеті з.ғ.к., доцент Джандарбек Бауыржана Абылкасымұлына жүктелді.
2009 жылдың маусым айында азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі қызметіне конкурс бойынша заң ғылымдарының докторы, профессор Жетписбаев Батырбек Адамович тағайындалды. 2011 жылдан бастап азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының меңгерушісі қызметіне конкурс бойынша заң ғылымдарының докторы, профессор Тыныбеков Сериккали Тыныбекович тағайындалды.
АМИРХАНОВА ИРИНА ВИКТОРОВНА
ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

И.В. Амирханова 23 мамыр 1996 жылы 12.00.03 – азаматтық құқық; отбасы құқығы; азаматтық іс жүргізу; халықаралық жеке құқығы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Правовое регулирование предпринимательства граждан в Республике Казахстан» тақырыбында диссертация қорғады.
17 қыркүйек 2005 жылы «Гражданско-правовое обеспечение интересов предпринимателей в Республике Казахстан» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2006 жылдың сәуір айында И.В. Амирхановаға заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

20 жыл бойы Ирина Викторовна азаматтық және кәсіпкерлік құқық аясында педагогикалық қызмет және ғылыми ізденіс жұмыстарымен баянды айналысты.
И.В. Амирханова 1998 жылы заң факультетінде магистратураның ашылуымен азаматтық-құқықтық және қаржылық-құқықтық мамандықтарға: «Теоретические проблемы гражданского права», «Проблемы контрактного права», «Проблемы залогового права», «Проблемы обязательственного права», «Проблемы института банкротства» атты негізгі дәрістік курстар жасап шығарды.
И.В. Амирханова бакалавриат және магистратураның негізгі курстарына 11 электрондық оқулық шығарды. 70-тен астам ғылыми жұмыс еңбек, соның ішінде монография, оқулықтар және әдістемелік құралдар жарық көрді.
Ирина Викторовна Амирханова азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық ғылымын дамытуға бағалы үлес қосты және Қазақстанның құқықтық ғылымы тарихына азаматтық және кәсіпкерлік құқықтың танымал бас мамандарының бірі ретінде із қалдырды, ол өзінің ғылыми бағыты мен мектебін қалады.
И.В. Амирханова заң факультетінің көптеген бітірушілерге ғылыми қызығушылықты қалыптастыруға үлкен әсер етті және де олардың жүрегінде белсенді, білімді, көпшіл, қайырымды, шуақты адам, әйгілі ғалым ретінде қалады.
Жаңартылған күні:01.002.2015ж






