1988-1991 жылдар аралығындағы университет тарихы

Осы жылдары еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жариялаған болатын. Республикамыз экономикалық дағдарысқа төтеп бере алды. Еліміз саяси байланыстары мен ішкі дамуы, ұлттың рухани жаңғыруы мен әлемдік беделге ие болуы тұрғысында жаңа деңгейге ұмтылды.  Университет дамуының басты бағыттары анықталды. Ол – әлемдік білім беру жүйесіне дәйекті түрде жақындау, мамандарды даярлауда халықаралық стандарттарға көшу. Қазақ мемлекеттік университетінің аты мен мәртебесі өзгере бастады. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы философ, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби аты берілді.