1955-1961 жылдар аралығындағы университет тарихы

1936 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді. 1936-1937 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметін атқарды. 1938-1941 жылдары КСРО ҒА биология Институтының аспиранты, 1941-1943 жылдары КСРО ҒА биохимия зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, 1943-1946 жылдары проректор, 1946-1970 жылдары кафедра меңгерушісі, 1955-1961 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да ректорлық, 1972-1983 жылдары президиум мүшесі, КСРО ҒА биологиялық ғылым бөлімінің академик-хатшысы, 1983-1986 жылдары Молекулярлық биология және биохимия институтының зертхана меңгерушісі қызметін атқарды.

230-дан астам ғылыми еңбектердің авторы (оның ішінде 2 монография мен 2 кітап бар), 2 авторлық куәлігі бар. Ғылыми еңбектерінің көбі қазақ бидайының биохимиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. ҚазКСР Ғылым Кеңесінің 4-ші және 5-ші шақырылымының депутаты болып сайланған. Лениндік және тағы басқа ордендермен марапатталған.

Шығармалары:

  • Дарқанбаев Т.Б. Қазақстанның жаздық бидайының технологиялық сапасына байланысты биохимиялық сипаттамасы, Алма-Ата, 1955.
  • Дарқанбаев Т.Б. Микробиология және вирусология негіздері, Алма-Ата, 1976.
  • Дарқанбаев Т.Б. Қазақстан бидайының минералдық құрамы, Алма-Ата, 1976.