Коллоидтық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химия кафедрасы

Коллоидтық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасы

Киров С.М. атындағы Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасы 1963 жылы құрылды және Мәскеу мен Ленинградтан кейінгі елдер университеттері арасында осы сала бойынша үшінші болып құрылды.

Кафедраны құруда ҚР-ның ҰҒА корр. мүшесі профессор Бірімжанов Б.А. (1954-1980ж.ж. химия факультетінің деканы) көп еңбегі сіңірді. Ол алғаш кафедра меңгеруші қызметіне химия ғылымдарының кандидаты Жұбанов Б.А. шақырды. Қазіргі кезде Жұбанов Б.А. ҚР-ның ҒБМ химиялық ғылым институтының беделді директоры, ҚР-ның ҰҒА-ның академигі.

Содан бері Жұбанов Б.А. шығармашылық өмірі ЖМҚ кафедрасымен байланысты. Кафедраның тік тұруына полимерлер саласындағы белгілі ғалым профессор Рафиков С.Р. белсенді араласты. Кафедраға 1971-1978ж.ж, кафедраны меңгерген Шайқұтдінов Е.М.-нің (ҚР ҰҒА-ның академигі, 1978-2000ж.ж Сәтбаев Қ.И. атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, қазір кафедра профессоры) қосқан еңбегі ерекше. Кафедраның дамуына 1980-1989ж.ж. кафедраны меңгерген Е.Е.Ерғожин (РҚ ҰҒА-ның акдемигі, ҚР ҒБМ ХҒИ-ның директоры) маңызды рөл атқарды. 1990-2005ж.ж. кафедраны М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасының түлегі, профессор З.С. Нүркеева басқарды. 2005 жылдан қазіргі кезге дейін кафедраны химия ғылымының докторы, профессор Мун Г.А. басқаруда.

Кафедрадағы жоғары біліктілік пен ғылыми қызығушылықтың кең болуына жоғары молекулалық қосылыстар химиясы саласында мамандар дайындаудағы негізгі әдістемелік принциптерді құру үлкен рөл атқарды. Кафедрада негізгі идеяны ұстанады: кафедраға маманданған студенттер жоғары молекулалық қосылыстардың физика-химияның әртүрлі салаларында іргелі білім алып, сонымен қатар полимерлерді синтездеу, олардың құрылымы мен химиялық түрленуін, физика-химиялық қасиеттерін танып, ерітіндідегі макромолекуланың әсерін және т.б. білуге тиіс.

Кафедраның дамуына және аяғынан тік тұруына үлкен улес қосқандар: Бірімжанов Б.А., Жұбанов Б.А., Рафиков С.Р., Шайқұтдінов Е.М., Ерғожин Е.Е., Нүркеева З.С., Қаржаубаева Р.Ғ., Нұрғожаева Ш.Х., Шаяхметов Ш.Ш., Құрманалиев О.Ш., Чугунов Н.И., Құрманалиев М.Қ., Легкунец Р:Е:, Мун Г.А., Абдыхалықова Р.А., Таусарова Б.Р., Хуторянский В.В. және тағы басқалар.