Арнайы бейнешығарылымдар: COVID-19 туралы әлемдік сарапшылардың пікірі

15.04.2020

Көрулер: 3939

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультеті Канаданың (МакГилл университеті) және Германияның (Марбургтегі Филипп университеті) жетекші пульмонологтары, вирусологтары және эпидемиологтарымен бірлесіп, коронавирустың таралуын алдын-алу, оның диагностикасы мен емдеу тәжірибесі бойынша жетекші шетелдік сарапшылармен бірқатар видео сессиялар мен бейне сұхбаттар дайындады.

Дүниежүзілік COVID-19 пандемиясы мемлекеттер арасындағы практикалық тәжірибе мен жаңа ғылыми және технологиялық әзірлемелермен уақтылы алмасудың шұғыл қажеттілігін анықтады. Назарларыңызға «COVID-19 пандемиясы мен 2009 жылғы N1H1 салыстыру» тақырыбындағы алғашқы бейне материалды ұсынамыз, оны мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://drive.google.com/file/d/1C4D1WPFixXIpaHuc2uADwEVJ6j4ds1Sf/view?ts=5e9615fe

Келесі бейнешығарылымдар «COVID-19 және педиатрлық пациент», «COVID-19 кезіндегі иммунитет», «Карантин қашан көмектесе бастайды? Қытай, Германия, Канада және басқа елдердің мысалындағы регрессиялық талдау», «Германия, Канада және АҚШ-тағы жетекші клиникалар арасындағы COVID-19-ға диагностика жасау және емдеу хаттамаларын салыстыру», «Дәрігерлер мен мейірбикелерге сырқаттану қаупін азайту бойынша ұсыныстар», «COVID-19 кезіндегі тыныс алу жолдарының бұзылуының ерекшеліктері» атты тақырыптарға арналады.

Бейне материалдарды kaznu.kz сайтында және ҚазҰУ-дың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көруге болады.

www.kaznu.kz