Қолдан келер көмек

07.04.2020

Көрулер: 607

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы коронавирустық пандемиямен күресте шетте қалмай, өз қолдарымен тігілген маскалармен әріптестерін қамтамасыз ету арқылы қол ұшын созды.

Карантиннің алғашқы күндерінде жеке қорғаныс құралдары тапшы болған жағдайда, меңгеруші, профессор Ж.Ж.Қапанова бастаған кафедра қызметкерлері әріптестерін маскалармен қамтамасыз ету бастамасын алға тартты. Олар өз қаражаттарына дәке, мақта және басқа да қажетті заттарды сатып алып, тігін машинасын әкелген, осылайша, кафедра аудиториясы көп рет қолданатын маскаларды тігуге арналған шағын тігу цехына айналған.

Бұл іспен тоқтамайық деп шешкен кафедра қызметкерлері әріптестеріне дезинфекциялық құралдар, кір сабын, қолғаптар мен өздері дайындап шығарған маскалар салынған пакеттер жинақтап таратты. Олардың ерікті бастамасы мен көмегі зор ризашылықпен қабылданды.

Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы қызметкерлерінің пікірінше, егер әркім коронавируспен күресуге өз үлесін қосатын болса, онда бірігіп бұл індетті жеңіп, қалыпты өмірге тезірек оралатын боламыз.

www.kaznu.kz