Қытай экономикасының «сабақтары»

12.11.2019

Көрулер: 3075

ҚазҰУ-да Лю Вэй және Су Цзяннің университетте қазақ тілінде басылған «Қытай экономикасының тығырықтан шығар жолы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге кітаптың авторы Қытай халық университетінің ректоры профессор Лю Вей бастаған қытай делегациясы Алматыға келді. Құрметті қонақтарды ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қарсы алды. Кампус-тур барысында қытайлық әріптестер университеттің музейімен және жағдаяттық басқару орталығымен танысты.

Ресми кездесуде қонақтар алдында сөз сөйлеген ректор ҚХР-мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастық маңыздылығын атап өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінгі күнде ҚХР 41 жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен оның ішінде: Ланчжоуский университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Шанхай саясат және құқық университеті, Вухань университеті және т.б. жетекші университеттермен тығыз байланыста. ҚазҰУ студенттері жыл сайын осы жоо-дағы ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысып, тағылымдамадан. Қытайдың жетекші профессорлары мен ғалымдары дәріс оқу үшін ҚазҰУ-ға келіп, PhD докторанттары жетекшілік жасайды.

Лю Вэй мырза өз кезегінде жылы қабылдағаны үшін және қытайлық ғалымдардың қытай экономикасының заманауи дамуындағы әртүрлі проблемаларына көзқарастары, мақалалар жинағы кіретін «Кытай экономикасының тыгырактан шыгар жолы» кітабын жарыққа шығарғаны үшін Ғалым Мұтановқа алғысын білдірді. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін бизнес-құзыреттіліктерді дамыту кластері мәжіліс залында кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шараға профессор Лю Вэй бастаған Қытайдан келген қонақтар, сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және профессорлық-оқытушы құрамы мен топ-менеджмент өкілдері қатысты.

«Қытай Халық Республикасының экономикасы қарқынды дамуда, бүгінде әлемдік экономикалық державалардың біріне айналды, - деді Ғалым Мұтанов тұсаукесер рәсімінде. – Әрине, бұл профессор Лю Вэй секілді көрнекті қайраткерлер, ғалым-экономистердің еңбегі. Сондықтан қазақ тіліне аударылған профессор Лю Вэйдің кітабы тек біздің ұстаздар мен студенттерді ғана емес, сондай-ақ қытай экономикасының даму феноменін зерттеп жүрген экономистер, қаржыгерлер, саясаткерлерді де қызықтыратынына сенімдіміз» .

Қытайлық әріптестерінің еңбегіне профессор Ержан Жатқанбаев та жоғары баға берді: «Іс жүзінде бұл қытайдың экономикалық проблемаларын ашатын қазақ тіліндегі бірінші басылым. Кітап елдің 35 қаласындағы жағдайға талдау жасайтын орасан еңбек. Мұндай егжей-тегжейлі талдау зерттеушілерге ғана емес, басқарушыларға да шаруашылық үрдістердің қыр-сырын үйренуге және оларды іс жүзінде ескеруге мүмкіндік береді. Тек осындай тәсіл қолданған кезде экономикалық зерттеулер шаруашылық қызметінде сұранысқа ие болады».

Кітаптың тұсаукесер рәсімі кездесуге қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды.

www.kaznu.kz