Көрнекті дипломат

29.10.2019

Көрулер: 3966

ҚазҰУ-да тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер экс-министрі, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының алғашқы Тұрақты Өкілі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша Елшісі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған көрнекті қазақстандық ғалымдар туралы «Өнегелі Өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға еліміздің көрнекті ғалымдары, ҚР СІМ өкілдері, Қазақстан дипломатиялық корпусының ардагерлері, Алматы қаласындағы консулдық қызметтердің басшылары және ҚазҰУ ұжымы қатысты.

Шараның ашылу рәсімінде ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры Криста Пиккат, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б. Сулейманов атындағы Шығыстану институтындағы тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Абусеитова, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек және басқалар құттықтау лебіздерін білдіріп, баяндама жасады.

Спикерлер өз баяндамаларында Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан Ақмарал Хайдарқызының жан-жақты қырларын ашып көрсетті. Ел тарихындағы әйелдер арасынан шыққан тұңғыш елші және Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының алғашқы Тұрақты Өкілі болғаны туралы, оның жоғары деңгейдегі кәсібилігі айтылды. Еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы осы кісінің есімімен тығыз байланысты.

1992 жылы Ақмарал Арыстанбекова тәуелсіз жас Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Оның қоғамдық және педагогикалық қызметі Қазақстанның дипломатиялық қызметін әрі қарай жетілдіретін сенімді негіз болып табылады. Бүгінде күнде де ол ғылыми қызметпен айланысып, көптеген монографиялар мен жарияланымдардың авторы. Оның заманауи дипломатия бойынша жазылған еңбектері тек Қазақстан студенттері арасында ғана емес, шетелдік аудиторияға да кеңінен таралған. Кездесу барысында Ақмарал Хайдарқызының өмірі мен қызметінен қызықты тарихи сәттер жайында әңгіме өрбітілді.

Кітап тұсаукесері шеңберінде А.Х.Арыстанбекова туралы деректі фильм көрсетілді.

www.kaznu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.kaznu.kz