Жаңалықтар

ҚазҰУ-да заманауи үлгідегі аудитория ашылды

06.12.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде белгілі географ, ғалым, география ғылымының докторы, туризм географиясының қазақстандық ғылыми мектебінің негізін қалаушы Станислав Ердавлетов атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана ашылды

02.12.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, шығыстанушы ғалым, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің  75 жылдығы аталып өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ауаның ластануы ауқымды мәселе

02.12.2022

Жасыратыны жоқ, дамушы елдерде ауаның ластануына қарсы іс-шара аз жүргізіледі. Бұл мәселе тіпті қажетті деңгейде зерттеле бермейді. Мамандардың айтуына қарағанда, ауаның шектен тыс ластануы мезгілсіз өлім себептерінің бірі болып саналады. Бұған әсіресе дамушы елдер бейім келеді.

Ары қарай оқу >>

Интеллектуалды дамуға ықпал еткен бағдарлама

02.12.2022

Әр заманның ұрпаққа қоятын өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.

Ары қарай оқу >>

ПРОФЕССОР Қ.САПАРОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

02.12.2022

2022 жылғы 1 желтоқсанда "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА құрметті академигі, РҒА академигі, профессор Қуандық Әбенұлы Сапаровтың 80 жылдығына арналған "биология ғылымдарын дамытудың инновациялық аспектілері" атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері: Ең күшті қару – сөз

01.12.2022

Негізі, көпшілікпен жиі кездесіп жүрген адаммын ғой, бірақ мен үшін бұл кездесудің жөні бөлек. ҚазҰУ-ға 1961 жылы оқуға түсіп, 1966 жылы бітіріп шықтым. Ол кезде оқу ордасы қазіргі Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының орнында болатын. Осы академияда 2008 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келемін. Драматургтер мен кинодраматургтерді, яғни телесериалдардың болашақ авторларын даярлап жатырмын.

Ары қарай оқу >>