Жаңалықтар

Мұражайда ҚазҰУ туған күні аталып өтті

15.01.2013

Бүгін ҚазҰУ-дың туған күніне орай өткен көрмеде университеттің 40, 50, 60, 70, 75 жылдығына арналған басылымдар, құттықтау хаттары, сарғайған бірақ өз мәнін жоғалтпаған ескісуреттер, альбомдар мен жәдігерлер қойылып, университет тарихының әр белестерін бейнелейтін видеосюжеттер көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

Жарыстың қорытындысы белгілі болды

15.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру кафедрасы және спорт клубы университеттің Туған күніне арналған университеттің түлектері мен студенттері арасында спорттың 5 түрінен: волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, мини-футболдан спорттық мереке болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Тарихи көрмеге келіңіздер

14.01.2013

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы! Студенттері мен оқытушылары, қызметкерлері!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті білім ордасының туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1934 жылдың 15 қаңтары тұңғыш қазақ университетінің ресми түрде ашылған күні.

Ары қарай оқу >>

Университеттің туған күніне орай спорт түрлерінен жарыс өтеді

11.01.2013

12 қаңтар 2013 жыл, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру кафедрасы және спорт клубы университеттің Туған күніне арналған спорттық мерекеге шақырады. Бағдарламада волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, мини-футболдан 4 курс пен 1 курс арасында кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтеді

11.01.2013

2013 жылдың 14-18 қаңтар аралығында философия және cаясаттану факультетінің ғимаратының №18 (қазақ тілінде) және №19 (орыс тілінде) аудиторияларында Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған «ЖОО-дағы тәрбиелеудің заманауи стратегиялары мен әдістері» атты семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Бокстан өткен халықаралық турнирде ҚазҰУ студенті бірінші орын иеленді

11.01.2013

Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) жастар арасында боксан халықаралық турнир өтті. Қажырлы күресте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің үшінші курс студенті Максим Панарин 69 кг. көрсеткіш бойынша алтын біріншілікті иеленді. Және ҚР спорт шеберінің көрсеткішін орындады. Боксшы А. Ағаларовты еске алуға арналған жарысқа 12 елдің спортшылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде

10.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық алаңдарында университет факультетінің құрама командалары және оқытушы-профессорларының, қызметкерлері мен докторанттарының арасында 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өткізілуде. Жарыстар спорттың сегіз түрінен: бадминтон, волейбол (ерлер және әйелдер), дартс, тоғызқұмалақ, шахмат, мини-футболдан және үстел теннисінен өтуде.

Ары қарай оқу >>

Ректор университет ұжымымен Елбасы Жолдауын талқылады

10.01.2013

Жаңа жылдың бірінші отырысы 9 қаңтар күні ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаеы және барлық проректорлар мен декандардың қатысуымен өтті. Жиналыста «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен талқылап, университеттің жаңа 2013 жылға стратегиялық даму бағыттары мен міндет-мақсаттарын нақтылай түсті. Онда оқу үдерісі, әлеуметтік даму жұмыстары, инновациялық жаңалықтарды өндіріске ендіру және ҚазҰУ-дың зерттеу университеті ретінде қалыптасуы бойынша талдау жалғасын тапты.

Ары қарай оқу >>

Жыл табысты да жемісті болсын! – ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов

29.12.2012

Құрметті əріптестер жəне студенттер!

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2013 жылмен құттықтаймын! 2012 Ұлу жылы өзінің сəттіліктерін сыйлап өтіп бара жатыр. Бұл жыл тарихи күнтізбемізде айтулы белестерге толы болуы мен ерекшеленеді. Биыл қара шаңырақтың əлемдік жəне отандық бі лім жəне ғылым кеңістігінде абыройы артқандығын зор мақтанышпен айта аламыз.

Ары қарай оқу >>