Жаңалықтар

ҚазҰУ-да О.Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы атап өтілді

19.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ командасы волейболдан XI жазғы универсиадада жеңіске жетті

18.05.2021

Түркістанда ҚР жоғары оқу орындары арасында волейболдан өткен XI жазғы универсиада ойындары нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ерлер командасы кезекті тамаша жеңісіне қол жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР ұлттық рейтингінде көш бастады

18.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нәтижесі бойынша қазақстандық білім ордаларының арасында үлкен айырмашылықпен алға шығып, көш бастады.

Ары қарай оқу >>

Базбек ДАВЛЕТОВ: Ең бастысы – не қалайтыныңды білу және соған ұмтылу

17.05.2021

Ел жоғары оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі – Отандық ғылымды, білім мен жоғары технологияларды қолдау. Газетіміздің «Кемел» айдары бойынша кейінгі ұрпаққа өсиет болатындай ой айта алатын ұстаздармен, ғалым-профессорлармен, оның ішінде шет елдерден университетке арнайы шақыртылған мамандармен кең ауқымды сұқбат құру көзделген.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың Жерді қашықтықтан зондтау орталығы

17.05.2021

«Жеті түрлі ілім біл» деген бабаларымыздың өсиеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңашыл жас ғалымдары үшін кәсіби ұстаным іспеттес. Ғарыштық технологиялардың тілін игерген мамандарымыз ел экономикасының әлеуетін арттыруға септігін тигізер жаңа жобаларды дүниеге әкелді. Мәселен, оқу ордасындағы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) орталығы 2018 жылдан бері геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және ғарыштық суреттер негізінде әртүрлі салаларға арналған геоөнімдер дайындауда.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

17.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Басты міндет – маман даярлау сапасын арттыру

13.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті ректорат отырысы онлайн өтті.Жиында академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесі – проректор Фатима Жақыпова хабарлама жасап, жазғы емтихан сессиясының барысы туралы баяндады.

 

Ары қарай оқу >>

Ораза айт құтты болсын

13.05.2021

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жақсылықты дәріптеп, ізгілікті насихаттайтын мейірімділікке толы мейрам мүбарак болсын!

Ары қарай оқу >>