Жаңалықтар

Жаңа декандар қызметке кірісті

02.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде конкурстық комиссия ұсыныстары негізінде тағайындалған және қайта бекітілген факультет декандары  мен кафедра меңгерушілері қызметке кірісті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы Президент Жолдауын талқылады

01.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы Жолдауды үш нүктеден тыңдады

01.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ыждаһаттылықпен қабылдады.

Ары қарай оқу >>

Ректор жаңа оқу жылымен құттықтады

01.09.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылын ашу рәсімінде университет басшысы Жансейіт Түймебаев барша ұжымды және білім алушыларды, оның ішінде университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттерін атаулы күнмен құттықтады. 

Ары қарай оқу >>

Түрік профессорлары тәжірибесімен бөліседі

31.08.2021

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, Мармара университетінің профессоры Мухиттин Шимшекпен кездесті. Жүздесу барысында өзара ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессорларының айлығы 163%-ға өсті

31.08.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы айтарлықтай өсті. Атап айтсақ, жаңа оқу жылынан бастап оқытушы жалақысы – 38%, аға оқытушыныкі – 75%, доценттікі – 88%, профессордың жалақысы 163%-ға артты.

Ары қарай оқу >>

СТУДЕНТТЕР ҮЙІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

31.08.2021

Бірінші кезекте 31 тамыздан бастап 1-курс студенттері орналаса бастайды.

Екінші кезекте 6 қыркүйектен бастап жоғары курс студенттері, әлеуметтік категориясына байланысты (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер; денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; ата-анасы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; көпбалалы отбасынан шыққан студенттер; шетелдік студенттер) орналасады.

Ары қарай оқу >>