ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларының пікірі

01.09.2021

Көрулер: 1669

Өркениетке ілесу – біздің қасиетті борышымыз 

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің бүгінгі Жолдауында еліміздің   дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге тоқталды. Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан біз өз мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті.

Нәтижесінде осындай қиын кезеңнен аман-есен өтіп, жарқын болашаққа нық қадамдар жасап жатырмыз. Мәселен, бір ғана әлемдік індетке қарсы күресте Қазақстан озық елдермен бәсекеге түсе отырып, «Qazvak» вакцинасының сынақ мерзімінен нәтижелі жетістікке жеткенінің арқасында елімізді ауыр дерттен аман сақтап қалудың әрекетін жасап отырмыз. Барша халықтың денсаулығы, олардың амандығы - мемлекеттің маңызды мәселесі.

Мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені белгілі. Дені сау ұрпақ өсіріп, оны біліммен қаруландыра отырып, мемлекеттің дамуын дұрыс жолға қою, өркениетке ілесу - біздің қасиетті борышымыз. Мемлекет басшысы осы тұрғыда денсаулық пен білім саласына ерекше көңіл бөліп, ұстаздар мен дәрігерлерге мейлінше қолдау көрсетіп, ғылымның дамуына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Қ.Тоқаев жетекші ғалымдарымызға лайықты жағдай жасаудың нақты жоспарларын ұсынды.

Ғылыми зерттеу институттарын дамыту үшін олардың сапалы да қажетті жобаларын дұрыс іріктеп, қаржыландыруды құзырлы органдарға тапсырып, бұл саланың дамуына айқын әрі ашық ережесін дайындауды тапсырды. Кез-келген өркениетті елдердің дамуы ғылымның әр саласындағы жетістіктерімен өлшенеді.

Сондықтан, ғылымға жол ашып, оның дамуына жағдай жасалса, еліміздің барлық бағытында оң өзгерістер болатынына еш күмәніміз болмауы керек. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тағы бір тапсырмасы   халықаралық олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, еліміздің даңқын шығарып жүрген жеткіншектерге тиісті қолдау көрсету туралы болды. Мектеп оқушыларынан халықаралық олимпиада жеңімпаздарына арнайы мелекеттік гранттар бөлінетінін атап өтті. Бізді ерекше қуантқан жағымды жаңалықтырдың бірі осы болды.

Жалпы, биылғы Жолдауда мемлекет басшысы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырды. Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді. Жаңа оқу жылының басталуымен үндес болған бұл Жолдауда Президент Қ.Тоқаев халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау болды.

Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз! Мемлекет басшысын қолдаймыз

Ж.С.ӘДІЛХАНОВА, 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОО ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖОО ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ

АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 

Педагогтарға қолдау көрсету тапсырылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын белгіледі. Шынында да, тез өзгеретін әлемде көп нәрсе педагогтарға байланысты. Алдымызда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, экономика және бизнес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты стандартты, бірақ өте маңызды бағыттар тұрғанын атап өтті. Жолдауда дамуына көп көңіл бөлу қажет болатын жаңа бағыттар да бар. Олар: агроөнеркәсіптік кешен, ғылым, спорт, оның ішінде балалар спорты, ішкі туризм, цифрландыру жағдайындағы экспортқа бағдарланған экономика.

Осылайша, Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, өзекті шешімдер ұсынылды. Олар нақты ойластырылған, уақытпен тексерілген және еліміздің әрбір тұрғынын ойлануға мәжбүр етеді.

Президент цифрлық технологияларды белсенді енгізуге ерекше назар аударуды тапсырды. Соның ішінде Индустрияландыру 4.0 қоғамға ендіру. Қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына – өнеркәсіп өнімдерін, қаржы салаларына, білім саласына және т.б. көптеген салалаларды енгізу.

Президент елімізде бюджет ережелерін енгізу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік қаржыны басқару бойынша ережелер жиынтығы қажет. Ол жыл соңына дейін осындай тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Бірыңғай Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды. Оның рөлі – инвесторларды сервистік қолдау. Президенттің айтуынша, Жер қойнауы бойынша цифрлық деректер базасын әзірлеп, инвесторларға базаға қолжетімділік ашу керек.

Педагогтарды оқытуға 1,2 трлн теңге бөлінеді. Мемлекет мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырады, деді президент. Білім министрлігінің алдында оқу бағдарламаларын жаңа болмысқа бейімдеу міндеті тұр. Мерзімді қызметтегі сарбаздарды жұмысшы мамандықтарына оқыту қажет.

Барлық мұғалімдер әсіресе, білім берудегі дамыту бағыты қызықтырады. Президент Жолдауында "Мұғалімдерді қолдау саясаты (жалақыны көтеру) жалғаса беретінін" атап өтіп, отандық білім мен ғылымның тиімділігін арттыру және дамыту мәселелеріне маңызды рөл берілетіні қуантады. Сондай-ақ Президент білім саласындағы кемшіліктер де атап өтті: телекоммуникациялық ортаның жеткіліксіздігі, оны қашықтықтан оқыту қорытындылары куәландырады; қашықтықтан форматтағы ақпараттық жүйелердің сапасының төменділігі және т. б.

Сонымен қатар: "Жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар ұсына отырып, дарынды балаларды қолдау, "Цифрлық мұғалім" жобасын дамыту қажет", - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға жүгінді. Ол заң жобаларын сапалы әзірлеу керек деді. Алда көп жұмыс күтіп тұр. Біз барлық қиындықтарды жеңеміз, барлық қиындықтарды жеңеміз, деп мәлімдеді президент.

 

А.А.ЕГЕУБАЕВ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

 


 

Болашақ кілті кемел білімде

Президент Қ.К.Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи құжат. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, ел табысын арттыруға арналып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы пандемиялық қиын кезеңде Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды. Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді.

Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі маңызды мәселе болғандықтан, біз дүниежүзілік тенденциядан тысқары қала алмаймыз. Ол үшін ғылымға ерекше көңіл бөлінуі керек. Себебі озық елдердің бәрі де әуелі ғылымды алға қояды. Президент өз Жолдауында ғылымға көңіл бөлу керектігі туралы да айтты.          Мемлекет басшысының бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген елімізде мектеп санының артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді міндеттерді орындау еліміздің экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Жас ұрпақты әрдайым білім саласы, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы алаңдатады. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.

Президенттің халыққа Жолдауы – біз жүзеге асыруға әзір нақты тапсырмалар. Біз алдыңғы қатарлы білімді, тәжірибені тарату орталығына айналамыз, біз жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына, саяси қызметтерге белсенді біріктіріп, цифрлық білім беру ресурстарын дамыта отырып, мәдениет, білімді арттырамыз.

Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі әрі жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.

 

 

А.Е.САДЕНОВА 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ, 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ, 

ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ 

ДАЙЫНДЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

 

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕР ЕДІ

Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күні халыққа жасаған Жолдауында ел дамуының барлық саласы жан-жақты қамтылды. Мен соның ішінде өзімізге тікелей қатысты жоғары білім, ғылым саласы бойынша бір-екі ауыз пікірімді айта кеткім келеді. Елдегі саны бар да, сапасы жоқ жоғары оқу орындары туралы Президент: «Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алуға тиіс», - деді.

Ғылым саласын дамыту мәселесіне айырықша тоқталған Президент: «Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.», - деп қадап айтты. Егер|Президенттің бұл тапсырмалары орындалар болса, онда ғылым саласындағы бірқатар түйінді мәселелердің оң шешілуіне ықпал етерлігі анық.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерді айта келе Президент: «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», - деп атап кетті. Осы тұрғыда айта кететін мәселе, соңғы 2-3 жылдың бедерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технологиялар факультетінде Фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласы бойынша мамандық ашылып, студенттерді даярлау жұмыстары басталып кетті. Бұған қажетті оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық база факультетте бар. Болашақ фармацевт-технолог мамандар “Фитохимия” халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі”АҚ, “DOLCE” ЖШС (Алматы қ.), “Қарағанды фармацевтикалық зауыты” (Қарағанды қ.) сынды өндіріс орындарында практикалық тәжірибеден өте алады.

Сонымен қатар, Президент экология және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне айырықша тоқталды. «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды.

Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Парламенттің бұл маңызды құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауын сұраймын», - деді Президент. Осы тұрғыда факультетте атқарылып жатқан ғылыми жобалардың көпшілігі дәл осы қоршаған ортаны қорғау, экология мәселесін басты назарда ұстап отырғанын айтқым келеді.

Демек, осы мысалдардың өзі факультеттің дұрыс бағытта жұмыс жүргізіп келе жатқандығын көрсетеді.

 

Перизат ҮРКІМБАЕВА

Доцент кафедры химии и технологии органических веществ,

природных соединений и полимеров